400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9.3.1.1 - популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау.

Материал туралы қысқаша түсінік
9.3.1.1 - популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып №4

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Тірі ағзалардың көп түрлілігі.Биосфера және экожүйе

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Популяцияның өсуінің экспоненциалды және сигмоидты қисығы. §4.Популяцияныі өсуі, өсудің қисық сызығы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.3.1.1 - популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау.

Сабақтың мақсаты:

популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдайды;

ЕБҚ ( қабылдауы баяу): сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды;

Сабақтың барысы: Ганье теориясы бойынша 9 сабақ бөлімі

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



1.Оқушылардың назарын аудару

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Кіру билеті» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады.


Популяция дегеніміз не?

Қандай белгілері бойынша ағзаларды популяцияға біріктіреді?

Популяция көрсеткіштері мен сипаттамалары дегеніміз не?

Олар арқылы популяция жағдайын қалай бағалауға болады?

Популяциялардың тірі қалуының қандай стратегиялары бар?

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.


Кіру билетінде берілген сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация


2.Сабақтың мақсатын таныстыру

9.3.1.1 - популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау.

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж

3.Бұрынғы білімін еске түсіру

«Бұрынғы атаулар» әдісі.


Бинарлы номенклатура, жүйе, эволюция, түр, туыс

«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Сабақтың ортасы



4.Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.


Популяция, популяция көрсеткіштері, саны, популяция өсімі, өсім қарқыны, тығыздық, репродуктивті (биотикалық) потенциал, ортаның қарсыласуы, популяцияның қисық сызығы, экспоненциалды және сигмоидты қисық сызықтар, сызықтық және дәрежелік қисық сызықтар.

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады. Бір-бірімен пікір алмасады, ой қозғау жүзеге асырылады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


5.Оқушыларға бағыт бағдар беру

Пәндік лексика және терминология


популяция, «жыртқыш-құрбан» қатынасы, энергия, қоректік тізбек, қоректік тор, бәсекелестік, паразитизм, мутуализм, тамақтану қатынасы, трофикалық деңгейлер, пирамида саны, биомасса мен энергия

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель



6.Практикалық тапсырмалар беру.

Топтық жұмыс.

«Карусель» әдісі

Бір – бірімен бөліседі.

Теориялық материалмен өздерінің постерлерін ұштастыра отырып, «Карусель» әдісі арқылы әр топпен жұмыс жасату (әр топ өз материалдарымен басқа топтарды аралап түсініктеме береді.


1-топ. « Популяция түсінігі, оның көрсеткіштері» туралы сипаттайды.

2-топ. «Популяция санының қисық сызығы» туралы, Қояндардың популяция санының қисық сызығын талдау арқылы түсіндіреді.

3-топ «Популяцияның экспоненциалды ж/е сигмоидты қисық сызықтары» туралы талдайды.

«Карусель» әдісі арқылы оқулықтағы ақпаратты топта талдайды, таныстырылымдарын ұсынады. Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.







Популяция түсінігі мен оның көрсеткіштерін сипаттайды.

Популяция санының қисық сызығын түсіндіреді.

Популяцияның экспоненциалды ж/е сигмоидты қисық сызықтарын талдайды.

«Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау» әдісі














Дескриптор:

-популяция түсінігі мен оның көрсеткіштерін сипаттайды – 5 балл;

- популяция санының қисық сызығын түсіндіреді – 5 балл;

- популяцияның экспоненциалды ж/е сигмоидты қисық сызықтарын талдайды – 5 балл;

Интерактивті панель, презентация



Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Сабақтың соңы


7.Кері байланыс беру

«Биологиялық кері байланыс» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б


Презентация


Бүгінгі тақырып бойынша түсінгенім......................

Бүгінгі тақырып бойынша маған ең қиын болған тұсы..............

Бүгінгі биология сабағы мен үшін.......................болды.

Келесі биология сабағында мен ............................ болып келемін.

8.Бағалау

Жеке тапсырма:

ЕБҚ тапсырма:

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер.







Білім алушыларға арналған жеке жұмыс.

Бағалау парағында орналасқан


Сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. Берілген сұрақтарға жауап жазады.








Дескриптор:

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды – 7 балл;






Дескриптор:

- популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдайды – 5 балл;

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері




Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


9.Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба «Экожүйедегі энергия тасымалдау»

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Жұмыс дәптері


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж






ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Ақпарат парағы

§4. Популяцияның өсуі, өсудің қисық сызығы

Популяция – белгілі бір аумақта ұзақ уақыт тіршілік еткен бір түр дараларының тобы:

Демэкология – популяцияда жүретін үдерістерді зерттейтін экология бөлімі:

Популяция жағдайының ең маңызды көрсеткіштері: Саны, өсімі, өсу қарқыны, тығыздығы және т.б

Саны – популяциядағы дара саны

Популяция өсімі - туу және өлім арасындағы айырмашылық

Өсім қарқыны – уақыт бірлігіндегі өсім

Тығыздығы – аудан бірлігіндегі дара саны немесе топырақ және су ағзалары үшін көлем

Қандай да бір уақыт ішіндегі популяциядағы дара санының өзгеру динамикасының графикалық көрінісі: Популяция санының қисық сызығы

Репродуктивті потенциал – тірі ағзалардың белгілі бір аумақта санын көбейту қасиеті

Ортаның қарсыласуы – белгелі бір аумақтың нақты популяция өсімін шектеу қасиет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
26.10.2023
644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі