400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

96:6 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолданады. Кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану; қосындыны санға көбейту мен бөлудің ережелері негізінде екенін, әрқайсысы бөлгішке бөлінетін ыңғайлы қосылғыштардың қосындысын таңдап алу екенін түсінеді . Сабақ өткізуге жоспарлаған тасырмалар өте тиімді болды. Сабаққа берілген уақытты тиімді қолдана алдым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

86-сабақ. 96:6 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу/Кескіндеме


Тақырыбы: 96:6 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу /Кескіндеме

Мектеп: Қарақойын ЖОББМ


Күні:17.01.19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жакупова А.З


3-сынып:

Қатысқандар саны:9

Қатыспағандар саны:0


Оқу мақсаттары

3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–acкөрсету және қолдану.

3.2.2.2*көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23 ∙ х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді шешу.


Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:


-кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін біледі.


Бірқатар оқушылар:


-кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану; қосындыны санға көбейту мен бөлудің ережелері негізінде екенін, әрқайсысы бөлгішке бөлінетін ыңғайлы қосылғыштардың қосындысын таңдап алу екенін түсінеді


Кейбір оқушылар:


-есептеу тәсілдері негізінде жатқан қасиеттің формуласын түсіндіре алады.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

-қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі, ыңғайлы қосылғыштардың қосындысы.


Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Есеп шығару кезіндегі мынадай 96:6 жағдайында қандай ережені қолдануға болады?

Бірінші көбейткіш 96-ны қандай қосылғыштарға жіктеген ыңғайлы?

Мынадай есептерді шығару үшін бір таңбалы сандарды көбейту және бөлу кестесін жақсы меңгергеннің көмегі тие ме?


Жазу:


Кестеден тыс 96 : 6 түріндегі ауызша көбейту және бөлу алгоритмін жазыңдар.


Тірек білім, білік, дағдылар

Қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі, көбейту кестесі


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры




0-3 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

Ынталандыру.

Берілген кезең өткен сабаққа ұқсас. Бірақ кескіндеме жанрына баса назар аудару керек.

Кескіндеме жанрлары, картинаның үлгілері. (Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)





4-6 мин


Білу және түсіну 10 минут Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Белсендіру. №1 тапсырма. Сурет қай жанрдың бағытында салынғанын анықта. Есепте. Жауабын тап. Балалар өрнектің мәнін табады, оны міндетті түрде оқып береді. Амалдар компоненттерінің атаулары қолданылады, санның кубы мен квадраты.

Сонымен қатар өткен 17 ∙ 5, 84 : 4 алгоритмдерді де қайталайды.

Есептеу біліктіліктерін жетілдіру мақсатында «Математикалық домино» ойынын ойнатуға болады. Оқушыларға сол жағында жауап жазылған, ал екінші жағында басқа мысал жазылған бір-бір карточкадан таратады. Балалар бірінші өрнекті оқиды, карточкасына сол өрнектің жауабы жазылған бала жауапты оқиды да келесі өрнекті оқиды және т.б. Балалар үшін мына төмендегі карточкаларды дайындау керек:

16 : 2


36

9 · 5

64

5 · 6

30

5 ·

54

8 · 7

8

25 : 5

25

18 : 3

9

6 · 6

56

7 · 6

63

8 · 8

5

18 : 2

6

9 · 6

42

3 · 3

9

24 : 6

45

7 · 7

49

9 · 9

81

9 · 7

4

18 : 9

2

7 · 4

28

7 · 3

21

4 · 4

16

5 · 7

35

32 : 4

8

8 · 5

40

21 : 3


7 · 9

63

13·10

130

9 · 0

Ойынды карточкасына 16 : 2 мысалы жазылған бала бастайды.

Балалардың кестеден тыс көбейту мен бөлу бойынша алған білімдерін мысалдар арқылы талдап қорытуға болады:

12 × 2

600 : 300

140 :20

12 × 4

48 : 2

7 × 12

350 : 5

600 : 20

48 : 4



Оқулық, көбейтулер жазылған карточкалар, терім кенебі



7-11 мин


Мақсат қою (мәселелі жағдаяттар).

Балаларға үш мысал беріледі, соның ең соңғысы – жаңа есептеу түрі: 96:6.

Қолдану және талдау Дәптермен , тақтамен жұмыс. Оқулықта берілген есептерді түріне қарай топта, жұпта, жеке орындату. Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру. Дәптермен , тақтамен жұмыс. Оқулықта берілген есептерді түріне қарай топта, жұпта, жеке орындату. Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру. Барлық өткен жағдайлар көбейту мен бөлу қасиеттері, сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу жайлы алған білімдерімен негізделген. Бұл жағдайда ыңғайлы қосылғыштарға жіктеу қажет.

2 тапсырма бойынша түсіндіруге болады.

Алгоритм құрастырылады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

3 – түсіндіре отырып ауызша орындайтын тапсырма. Ішінара орындалады.

Өздік жұмыс.

Баспадан шыққан дәптердегі тапсырманы орындау.

Санды тиімді қосылғыштардың қосындысына жікте. Есепте. Өзін-өзі тексеру үшін мысал беріледі:

84:7=(70+14):7=10+2=12

91:7=(70+21):7=10+3=13

56:4=(40+16):4=10+4=14

54:3= (30+24):3=10+8=18

Дәптер, оқулық.


1 мин


«Қыдырып қайтайық»


Видео жазбадағы би












30-35 мин


Жинақтау

Жаңаны қолдану.

Сонымен қатар балалардың назарын егер соңында нөл болса, үш таңбалы санмен орындалатын жағдайда екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдану оңай болатынына аудару керек.

2 тапсырмада бұл соңғы баған.

Өткенмен жұмыс.

5-7 тапсырмалар қалдықпен бөлуді бекітуге көмектеседі, көбейтудің үлестірімділік қасиеттері негізінде есептерді әртүрлі тәсілмен шығарады.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.



35-40 мин


Үйге: №4 тапсырма

Бағалау

Рефлексия.

«Білім ағашы» кері байланыс

«Білім ағашы» стикерлер

Қосымша ақпарат



Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделенлдіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс



Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынай ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Бүгінгі сабақта оқушылар санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеуді, кері есептерді құрастыруды және шешуді үйренді. Сыныптағы ахуал белсенді болды. Сабақ өткізуге жоспарлаған тасырмалар өте тиімді болды. Сабаққа берілген уақытты тиімді қолдана алдым.



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Топтық жұмыс

2: Оқулық бойынша түсіндіру

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1: Жеке жұмыс

2: Өздерін бағалауы

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Қосымша материалдар жинақтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
2603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі