400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9-10 сыныптар арасында Сән сымбат сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепте Бейнелеу өнері мұғалімдеріне сабақтан тыс шара өткізу үшңн арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Сән сымбат"сайысы

Сайыстың мақсаты:оқушылардың мамандық таңдау барысындағы ойларын нығайту, эстетикалық талғамдарын дамытып бүгінгі өмір талабына сай кәсіпке тәрбиелеу.

Жүргізуші : Армысыздар, құрметті өнер сүйер қауым "Сән сымбат" сайысына қош келдіңіздер.Барлығымыз бүгінгі кеште жеңімпаз өнерліні бірге анықтаймыз.

Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым,

Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын.

Әділдікі тек алға мақсат еткен,

Таныстарым әділқазы алқалары.

Жүргізуші: Әділқазы алқасымен таныстыру.Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз.(музыка ойнайды.)

Жүргізуші:Ал енді қыздардың стилист,дизайнер,модельер,тігінші т.б. мамандықтар бойынша қандай кәсіпке білімділігі бар екенін анықтайтын кез келді.

"Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары әділ шықты.

Өнер мен шеберліктің сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты."-, дей келе бірінші сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

1-кезең: таныстыру.

Жүргізуші :2-кезең үй тапсырмасы шаш сән үлгісі.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшәт бөрік,ақ тамақ ,қара қасты,

Сұлу қыздың көріппең мұндай түрін.,- деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезек шаш үлгісін көрсету.

Жүргізуші :Қыздарға әсемдік жарасады,

Талғамы таң нұрымен таласады.

Қыпша бел,сұңғақ бойлы қаракөзге,

Жан біткен таңдай қағып қарасады.

Жүргізуші :3-кезең стилист.

Қатысушылар сахнаға шығып сән көрсетеді,қорғайды.

Жүргізуші: 4-кезең.Дизайнер-модельер

Салған киім үлгісін көрсетеді.

Жүргізуші :Шеберлікте шек жоқ

Жалқаулыққа жол жоқ.

Өнерлінің қолымен,

Тамып тұрған бал көп.

5-кезең.Киімді трансформациялау.Сахнаға шығып қорғау.

Жүргізуші :Сайысқа түскенменен топ балалар,

Ішінен жүйрік шыққан орын алар.

Ендеше бүгінгі өткен сайыстың да,

Бабы мен бағы шапқан бағасы бар.

Олай болса ортаға шақырайық,

Есімін баршаңызға танытайық.

Ерекше білімі мен білігі үшін

Алғыс айтып қошемет танытайық.

Кімдер шебер,кім іскер білейікші,

Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші.-деп келе әділ қазы алқасына сөз беріп шарамыздың жеңімпаздарын анықтайық.

Жүргізуші: Қош дейміз,әлі талай сайыстар бар,

Өнерлі өрлей берсін қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.-дей келе сайысымызды аяқтаймыз.









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
765
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі