400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

9- мамыр жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіс күні туралы түсінік беру. Батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерліктерімен таныстыру. Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

«Ай – Сана бөбекжай балабақшасының»

меңгерушісі__________Ж. Даулетбекова



Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

II – кіші «Құлпынай» тобы

Тақырыбы:

«9 мамыр-Жеңіс күні!»






2018ж

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картсы

Күні: 19.03.2018

Білім беру саласы: Таным 
Бөлімі: Қоршаған орта. 
Тақырыбы: «9 мамыр-Жеңіс күні!» 
Мақсаты: Жеңіс күні туралы түсінік беру. Батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерліктерімен таныстыру. Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту. Балаларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке , елін, жерін сүйетін батыл азамат болуға тәрбиелеу. 
Қажетті көрнекі құралдар: әскери адамдар туралы мазмұнды суреттер. 
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу. 
Сөздік жұмыс: жеңіс 
Билингвальды компонент: отан-родина 

Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің басқару қызметі

Балалардың

қызметі


Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен амандасады.

Күлімде, күн күлімде, 
Жер жасарып көгерсін. 
Кешегіндей бүгін де, 
Қанат қақсын көгершін

Әңгіме жүргізу.

-9 Мамыр-Жеңіс күні мерекесі. 
Біздің Отанымызды, туған жерімізді ержүрек ағаларымыз, апаларымыз сыртқы жаудан қорғап қалды. 
Жеңіс мерекесі елімізде жыл сайын тойланады. 

Сөздік жұмыс: жеңіс 











Балалар жартылай шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды. 


Ұйымдастырушылық – ізденушілік

Суретпен жұмыс. 


-Балалар, бұл суретте 28-панфиловшылар саябағы бейнеленген. Осы саябақта соғыста ерлікпен күрескен ағаларымыздың ескерткіші бар.

-Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Маншүк Маметова сынды батыр ұлдары мен қыздары бар.  

-Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды. 
Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. 
Алау отына ардагер аталарымыз, апаларымыз гүл шоқтарын қояды.

-Кәне бізде мәңгілік алау отына гүлдерімізді қояйық.

-Балалар, сендер де осы аталарың, апаларын сияқты батыр болғыларын келе ме? 

Сергіту сәті. 
«Катюша» әнін орындау

Балалардан тақпақтар сұралады. 

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ

Ол-біздің Қазақстан!

***

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды

***

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

***

Біз еліктеп өсетін,

Батырларың десе кім?

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамы

***

Қазақтың қамы үшін,

Елінің намысын

Қорғаған Бауыржан!

Билингвальды компонент: отан-родина 

-Балалар жер шары балаларының тілегі не? 



-Мұқият тыңдайды

















Балалар есімдерді қайталап айтады. 








Алихан, Айсана, Арсен алау отына гүл қояды.



-Иә


Балалар әнді орындайды


Алижан




Алибек





Қайыржан




Алихан






Арсен



Қайталайды
-Соғыс болмасын! 
-Достық болсын!


Рефлекс ивтік - түзетушілік



Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен, ендеше балалардың тілегіне «Әр қашан күн сөнбесін» өленің айтайық


Өлеңді хормен айтады

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек: жеңіс мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын: 

Нені игерді: батырлардың есімдерін есте сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап, олардың мағынасын түсіне білуді:

Нені білді: батырлық, жеңіс деген ұғымдарды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Шамамбекова Ж. О


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
5828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі