9- сынып 1- жарты жылдық тест . Қазақ тілі мен оқу сауаттылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

9- сынып 1- жарты жылдық тест . Қазақ тілі мен оқу сауаттылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
9- сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен қазақ тілінен 1- жарты жылдық білім деңгейін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

9- сынып Тест 1- нұсқа

  1. жарты жылдыққа арналған

Оқу сауаттылығы мен қазақ тілі

1- мәтін

1.Кәрім кеткен соң да, Сүлеймен бурыл атқа көз алмай ұзақ қараумен болды. Тіпті қарамау мүмкін емес-ті. Тұлғасы қандай сұлу еді, шіркіннің. Өз бойындағы осы сұлулықты оған мынау атқұмар албырт жасөспірімнің қызыға да, құмарта қарап тұрғанын бурыл ат сезетін тәрізді. Қарасаң қара дегендей тұлғасын көлденеңдей тосып, қамыс құлақтарын тынымсыз қайшылап, пысқырынып, мойнын аққудай иіп, шекесінен қарап қояды. Алдыңғы аяқтарын кербездікпен сәндене сілкіп, жер тарпиды. Мініс көріп қағылмағандығы ап-айқын білініп-ақ тұр. Үстіне шыбын келіп қонса, дір ете қалады.

2.Шіркіннің не маңдай, не аяқ тұстарында бір шөкім теңбіл белгі болсайшы. Тұлабойы түп-түгел шымқай бурыл. Тек тұяқтары ғана әдейі сән үшін орнатылғандай қап-қара тіп-тік.

3.Осы тұрғанда бурыл аттың бойында адам қолынан пайда болған бір ғана белгі, өзгеріс бар. Ол құйрығының тілерсектен жоғарырақ етіліп қырқылғандығы. Заставада болған азды-көпті уақыттың ішінде әскери өмірден бурыл атқа жұққаны тек осы болса керек.

4.Сүлейменнің танығыш, сынамшыл көздері бурыл аттың бойынан иненің жасуындай да мін таба алмады. Оның ынтықтығы артқан үстіне артып, басына «шіркін-ай, өзін мінер ме еді!» – деген ой келді. Мынадай әсем атты пышаққа шалу бері болғанда обал да, ары болғанда қылмыс. Жаратып, мініп алған кезде бурылдың түр-тұлғасы бұдан да көріктеніп, бұдан да әсемденіп кететіндігі Сүлейменнің көз алдына елестеді.

1. Мәтіннің жазылу стилін анықтаңыз

A) Публицистика

B) Ауызекі сөйлеу

C) Ғылыми

D) Ресми іс қағаз

E) Көркем әдебиет

2.Мәтінге сай тақырыпты белгілеңіз

A) Сүлейменнің сыны

B) Бурыл ат

C) Заставадағы ат

D) Мінсіз жылқы

E) Мінілмеген жылқы

3.Бурыл үстіне шыбын қонса неге дір ете қалады?   

A) Асау болғандықтан

B) Кербез болғандықтан

C) Жүген- құрық тимегендіктен

D) Адамға ғана үйренгендіктен

E) Тым сезімтал болғандықтан

4.Мәтіннің бірінші бөлімін ашатын мақал- мәтелді белгілеңіз

A) Ер қанаты- ат.

B) Ер арыса аруақ, ат арыса тулақ.

C) Ат тұяғын тай басар.

D) Атының сыры иесіне мәлім.

E) Жақсыда мін жоқ, жүйрікте сын жоқ

2- мәтін

Бұрынғы уақытта дәулеті асқан, судай тасқан, көңілі жай, төрт түлікке сай бір бай болыпты. Ол байдың Төрткөз, Мойнақ деген екі төбеті бар екен. Бір күні түс мезгілінде екі төбет өз қызығы өзіне, өз тұрмысы өзіне болып, тамағы тоқ, күн шуақта, үйдің есігінің алдында, бір-біріне қарама-қарсы жатып, өзара әңгімеге кірісіпті. Бұлар жақсылық пен жамандық жөнінде сөйлесіп, өз әлдерінше олардың қандай болатындықтарын тексеріп, оны бітірместен жомарттық жөнінде сөйлесіп, оны бітірместен сараңдық жөнінде сөз қозғап, бірінің басын, бірінің аяғын шатып, ақырында ырылдасып, ақыры әңгіме арнасы араздық пен татулыққа түседі.

Сол уақытта тілмарсыған Мойнақ: — Достым, Төрткөз, осы мен ойлап тұрсам, дүниеде татулықтан жақсы нәрсе бар ма? Осы екеуіміздің төбелеспей жүретін күніміз болар ма? Біз жоқ нәрсеге ырылдасып, жоқ нәрсеге таласамыз, бірімізге-біріміз жылы шырайымызды көрсетпейміз, бір ойнап-күліп жүрмейміз. Күнде талас, күнде төбелес, осыменен күніміз өтіп барады. Кейде таласқанымыздан екеуіміз де тамақтан айырылып, оны Құтпан тартып әкетеді, бізден басқа Жолдыаяқ, Құтпан, Бөрібасар – бәрі де ынтымақшыл, бірінің аузынан бірі жырып жейді. Біз екеуіміз де солар сияқты ынтымақты болып, әр нәрсеге таласпай, бөліп ішіп, шын досжарлыққа көңілімізді берсек қайтеді? Біріміздің қабағымызға біріміз қарап, күннің қалай өткенін білмей қалатын болсақ қайтеді? Осы сөзімізге не айтасың? – дейді.

Сол уақытта Төрткөз аяқты көсіліп, құйрықты бұлғаңдатып, қабақты ашып, Мойнақтың сөзін құптады: — Достым, Мойнақ, мұның әбден құптарлық сөз. Бұны мен де ойлаушы едім. Осы екеуімізге не жетпейді, тамағымыз тоқ, қайғы дегенді білмейміз, солай бола тұра түкке тұрмайтын бір нәрсеге таласып, жұлысып-ақ жатқанымыз. Расында, осы қылығымызды тасталық, – деп сөзін аяқтайды. Мұның сөзіне Мойнақ та маңызданып, көз тігіп, құйрықты қысып: «Ал, ендеше, дос болайық» деген сөз көмейіне бір келіп, бір қайтып тұрғанда: — Дос болғанның белгісі, міне, – деп, Төрткөз Мойнақтың мойнынан құшақтай алады.

Екеуі бірін-бірі құшақтап, аймалап, беттеріне беттерін тигізіп:

«Екеуіміздің достығымызды ешкім айыра алмас, тау күйіп, тас жанса да, аштан өлсек те тамақ жағына таласпаспыз, – деп серттеседі. Достық құшақтарын айырыса алмай тұрғанда, ас үйден лақтырған бір майлы омыртқа екеуінің қасына келіп, топ ете қалады. Майлы сүйекті көргенде, көздері жайнап, естері шығып, екеуі де құшақтарын жазып, алға ұмтылысады. Тырнақтарымен сүйекті басысып, бірінен-бірі қызғанып, ырылдаса-ырылдаса барып, жұлқыласып, таласа бастайды. Бірін-бірі тістеп, тартқан зардабынан жүндері дода-дода болып, аспанға ұшады. Дауыстарын есітіп, Жолдыаяқ, Құтпан, Бөрібасарлар келіп, таласқан омыртқаларын Бөрібасар алып қашып кетеді. Шуылдаған қой үркіп, қойдың шетінде жатқан қойшылар келіп, иттерді сойылдап жүріп, зорға айырады.

5. Мәтіннің мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер

A) Пайымдау, зерттеу

B) Сипаттау, ақпарат

C) Салыстыру, зерттеу

D) Хабарлау, баяндау

E) Суреттеу, әңгімелеу

6 . Қорадағы қойлардың үркуінің себебі

A) Мойнақ пен Төрткөздің ырылынан

B) Құтпан мен Бөрібасарлардың ырылынан

C) Ырылдасқан ауыл иттерінің дауысынан

D) Жолдыаяқ пен Мойнақтың ырылынан

E) Қойшылардың айқайынан

7.Мойнақ пен Төрткөзді сүйсіндіргені

A) Құтпан мен Мойнақтың татулығы

B) Алдарындағы майлы сүйек

C) Иелерінің мейірімі

D) Достық сезімі

E) Бір-біріне берген серті

8.Екі иттің серттерінде тұрмауының себебі

A) Күдіктен

B) Қаттылықтан

C) Қызғаныштан

D) Қорқыныштан

E) Иттіктен

9.Мәтін мазмұнын қорытындылайтын мақал-мәтел

A) Бірлік бар жерде тірлік бар.

B) Досы көпті жау алмайды.

C) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

D) Ит иттігін жасайды.

E) Жаман достан таяғым артық.

10.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Төрткөз бен Мойнақ

B) Сүйекке талас

C) Иттердің достығы

D) Екі иттің ақылы

E) Байдың иттері


Қазақ тілінен тест


11. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
B) Ауылға ақындар келді.
C) Мен шебер бола алар ма екенмін?
D) Осы жағдай сенің де есіңде болсын.
E) Мәселесі шешілді.
Дұрыс жауап: D

12.Сөйлемді анықтаңыз.
A) Тепсе темір үзетін.
B) Ақ шағала.
C) Қызыл күрең шай.
D) Суға жүзу жарысы.
E) Біз жидек тердік.

13.Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Осының бәрі рас.
B) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі.
C) Адамнан мықты не бар екен.
D) Бала қарсы айтуға сөз таба алмады.
E) Оралым менің, Оралым.

14. Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңіз.
A) Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді.
B) Жетек сұрақтар арқылы жасалған сөйлем.
C) Ерекше эмоциямен айтылатын сөйлем.
D) Көңіл-күйді білдіретін сөйлем.
E) Бұйрық не шартты райға –шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған сөйлем.

15. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді атаңыз.
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.

16. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.
A) Қашанға дейін?
В) Не себепті?
С) Неге?
В) Неліктен?
Е) Не мақсатпен?

17. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.
А) Қорықта көптеген орман - тоғайлар бар.
В) Марқакөлдің суы таза, тұщы.
С) Бүгінгі Түркістан - үлкен, әсем қала.
D) Анасын баладан айыруға болмайды.
E) Арқалықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.

18. Жекіру одағайын табыңыз.
А) Әттеген - ай.
В) Беу.
С) Тәйт.
D Рахмет.
Е) Моһ – моһ

19. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
А) Сен дегенде сөз бар ма?
B) "Келешек - өткен тарихты қорғау", - дейді Олжас Сүлейменов.
С) Балалардың соңғы ермегі -"Ақсүйек", "Соқыр теке".
D) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Е) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
20. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкендерді араладық.
В) Мен барғанша, ол кетіп қалды.
С) Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.
D) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.
Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.




Жауабы:

1. B) Ауызекі сөйлеу

2. B) Бурыл ат

3. D) Адамға ғана үйренгендіктен

4. E) Жақсыда мін жоқ, жүйрікте сын жоқ

5. E) Суреттеу, әңгімелеу

6. A) Мойнақ пен Төрткөздің ырылынан

7. A) Құтпан мен Мойнақтың татулығы  

8.  C) Қызғаныштан 

9.  C) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

10. C) Иттердің достығы  

11. D                                             

12. Е

13. С

14. А

15. Е

16. А

17. D  

18. С

19. В

20. А

























9- сынып Тест 2- нұсқа

  1. жарты жылдыққа арналған

Оқу сауаттылығы мен қазақ тілі

1- мәтін
1.Қытай асханасы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан. Бұл асхананың үш мың жылдан астам тарихы бар. Ежелгі заманның өзінде патшалық тұрғындары тағамды дәмді әрі тез дайындауды білген. Қытайлардың негізгі тамақтану принциптерін әйгілі философ Конфуций құрып берген көрінеді. Ол жеткілікті тұздамаған, қайнатылмаған және ашытылмаған тағамды жеу әдепсіздіктің белгісі деп үйреткен. Конфуций қытайлардың дәстүрлі тағам дайындауын жеке бір өнер ретінде қабылдауға негіз қалаған. Онымен қосаұлы ойшыл қолайсыз көрінетін, жағымсыз иісі бар, қиқы-жиқы туралған тамақтарға тиіспеу керек деп тұжырым­даған. Сол кездегі даостық ұғым бойынша, дұрыс даярланған тағам денсаулықтың кепілі деп танылған. Ал тағаммен қоса жақсылап қайнатылған шай мен үйлесімді тамақ қоспалары кез келген аурудың емі болып саналған.

2.Қытай асханасының ең ежелгі белгілері Нэнань провинциясының Аньян қаласындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Қоладан жасалған табалар, пышақ, қасыққа ұқсас шағын күрекшелер, ағаш асхана тақтайлары және тағы басқа тұрмыс заттары — осының айғағы. Бұл дүниелер б.з.д. 770-221 жылдар аралығындағы Чуньцю («Көктем және Күз») мен Чжаньгуо («Соғысушы патшалықтар») дәуіріне тиесілі. Осы кезеңдердің өзінде қытай қалаларының көшелері шағын мейрамханаларға толы болған деседі тарихшылар. Сол тұста тағам дайындау баршаға мәлім өнер түрі ретінде бағаланған. Ал осыдан шамамен мың жарым жыл бұрын қытайдың алғашқы аспаздық кітаптары жарыққа шыққан екен.

Мәтіннің жазылу стилін анықтаңыз

A) Публицистика

B) Ауызекі сөйлеу

C) Ғылыми

D) Ресми іс қағаз

E) Көркем әдебиет

2. Мәтіннің мазмұнына жақын мақал- мәтелді көрсетіңіз

A) Нан- тамақтың атасы.

B) Ас иесімен тәтті.

C) Қайнаған қара суда да қасиет бар.

D) Шыбын да балға қонады.

E) Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.

3. Қытайдың алғашқы аспаздық кітаптары қашан пайда болған?

A) Он ғасыр бұрын

B) Он бес ғасыр бұрын

C) Бес ғасыр бұрын

D) Он жарым ғасыр бұрын

E) Он төрт ғасыр бұрын

4.Мәтіннің бірінші бөлімінің екінші бөлімге қатысы қандай? 

A) Мәтіндегі ақпаратты растайды

B) Мәтіндегі ақпаратты сипаттайды

C) Мәтіндегі ақпаратты суреттейді

D) Мәтіндегі ақпаратты зерттейді

E) Мәтіндегі ақпаратты пайымдайды

2 - мәтін

Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы – қазақтың атақты ханы Абылай.
1822 ж Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады.
Қазақтардың жерін тартып алып, әскери бекіністер салуы, суы мен жайылымы мол жерлерді орыс-казак шаруаларына бөліп беруі және алым-салықтың өсуі қазақ қауымының наразылығын күшейтіп, оларды Кенесары бастаған көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі. Әйтсе де патша саясатын қолдап Кенесарыға қарсы шыққан рулар да аз болмады.
Кенесары қолы алғашқы әрекетін 1838 ж көктемде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Кейін соғыс ауқымын Торғай арқылы кіші жүз жеріне қарай кеңейтті.
Кенесары хан қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Көпшіліктің қолдауымен 1841 ж Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Өз хандығын нығайту үшін біраз экономикалық және саяси шараларды жүзеге асырды. Мал өсіретін аудандарда зекетті, егіншілікті аудандарда ұшырды енгізді.
1843 ж Патша үкіметі Кенесарыға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастырды. Кенесарының әскері Ресей армиясы мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Алайда әскери қуаты басым жау Кенесары сарбаздарын Жетісуға шегінуге мәжбүр етті. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды. Кенесары Қасымұлы 1847 ж Томақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды.  256сөз

5. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Кенесарының жорықтары

B) Кенесарының қолы

C) Кенесары хан

D) Кенесарының ерлігі

E) Патша үкіметінің жорығы

6. Қазақ қауымының наразылығының күшеюінің себебі

A) Биліктің күшеюінен

B) Бекіністер салдыртуынан

C) Салықтың өсуінен

D) Жұмысқа салынуынан

E) Соғыстың болуынан

7. Кенесары әскерінің шегінуінің себебі

A) Жау әскеріне тізе бүккендіктен

B) Кенесары қолының әлсіз болғандығынан

C) Қолдау аз болғандықтан

D) Тұтқынға түсіп қалғандықтан

E) Жаудың әскері басым болғандықтан

8. Мәтіннің бесінші бөлігінде айтылған ой

A) Кенесарының қалыпқа келтірген өзгерістері

B) Кенесарының Ресейге қарсы жорығы

C) Кенесарының зекетті енгізгендігін

D) Кенесарының арғы тегінің кім болғандығын

E) Кенесарының хан сайланғандығын

9.Мәтіндегі манаптар деген кімдер еді?    

A) Қырғыздар

B) Қазақтар

C) Өзбектер

D) Ноғайлар         

E) Татарлар

10.Мәтін мазмұнын қорытындылайтын нақыл сөз

A) Ер барда ел қор болмас.

B) Ер қаруы- бес қару.

C) Батыр майданда шынығады.

D) Есі бар жігіт елін табар.         

E) Ер атағын ел сақтар.


Қазақ тілінен тест


11.Сөздердің байланысу тәсілінің қанша түрі барын белгілеңіз.
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 2.
E) 5.

12. Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
A) Жиналыстан кейін.
B) Қазыбектің жоспары.
C) Қамысты көл.
D) Туыс адам.
E) Орта мектеп.

13.Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
A) Біліміне таңғалды.
B) Әнді тыңдады.
C) Кеше келді.
D) Бесінші сынып.
E) Көп ойланды.

14. Сөз тіркесінің түрін көрсетіңіз.
A) 5.
B) 2.
C) 3.
D) 4.
E) 1.

15. Лепті сөйлемді анықтаңыз.
A) Па! Шіркіннің сөзі!
B) Мынау қоян жепті ғой.
C) Не күдігіңіз бар еді?
D) Қандай айғақ таптыңыз?
E) Ертең қызық болады.

16. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Ол бізге келмеді.
B) Ол бір қызық дәуір екен.
C) Үйде пеш жоқ.
D) Десятниктерің кім.
E) Пай-пай, мына аттың семізін-ай.

17. -ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
18. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататын анықтаңыз.

Ол жақсы оқыса, университетке түседі.
А) Қарсылықты.
B) Шартты.
С) Себеп.
D) Мақсат.
Е) Мезгіл.
19. Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қазіргі кезде интернет ешкімге де таң емес.
В) Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады.
С) Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың.
D) Ах! Болат сен кешегі гала-концертті көрдің бе?
Е) Билл Гейтс - қазір дүниедегі ең бай адам.

20. Одағай қандай сезімді білдіреді, анықтаңыз.

Бәрекелді, әжем базарлық әкелді!
А) Бұйыру.
В) Жекіру.
С) Шақыру.
D) Көңіл - күй.
Е) Қайталау














Жауабы:

1. D) Ресми іс қағаз

2. E) Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.

3. D) Он жарым ғасыр бұрын

4. A) Мәтіндегі ақпаратты растайды

5. C) Кенесары хан

6. C) Салықтың өсуінен

7. E) Жаудың әскері басым болғандықтан

8.  A) Кенесарының қалыпқа келтірген өзгерістері

9.  A) Қырғыздар

10. A) Ер барда ел қор болмас.

11. C

12. А

13. D

14. В

15. A

16. D

17. С

18. В

19. D

20. D


.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.12.2024
372
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі