15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"9 мамыр- Жеңіс күні!" Мерекелік іс-шара.
Ерейментау ауданы «Еркетай» бөбекжай-бақшасы МКҚК
Мерекелік іс-шара.
Тақырыбы: «9 мамыр - Жеңіс күні!».
Өткізген: Оспанова Ж.А.
Еркіншілік-2015
Тақырыбы: 9 мамыр - Жеңіс күні!
Мақсаты: Балаларды адамгершіліке , Отанын сүюге, оны қорғауға үйрету. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Өткізілу барысы:
-
Кіріспе
-
« Жеңіс күні » Баяндама
3.Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
4. Соғыстан қайтқан салдаттар! (көрініс)
5. Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет )
6. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды !
7. Бейне суреттер «сурет көрмесі»
8. Қорытынды:
1. Жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүнйежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен , Ұлы Отан соғыстың ардагерлері үшін ерекше мейрам.
2. Жүргізуші: Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б. және де өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық . Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1мин үнсіздік)
Жүргізуші: Кімде болса өз Отаның қорғауға қашанда дайын. Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әр азамат Отанына деген антын орындап шықты.Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін балаларға кезек берейік.
Жансая: «Майдангерлер»
Әсем: «Жеңіс күні»
Данияр: «Соғыс»
Алдияр: «Болмасын соғыс»
Александр: «Сен құрметте оны»
Адия: Біз балдырған баламыз,
Оттай лаулап жанамыз.
Бейбіт таңда бас қосып,
Шырқап әнге саламыз.
Әлшер: Жау қолынан жұлып алып,
Жеңісті атам әкелді.
Оқ бораннан аман қалып,
Атам көрді әкемді.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
Жүргізуші: Қазақстан да соғыс оты шарпымаған кем де кем. Жүз мыңдаған ата-әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына,бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға бас иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкімде ешқашанда ұмытпауға тиіс.
Жүргізуші: Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің құтты болсын,
Батырлардың ұрпақтары деп кыздарымызды ортаға шақырайық.
Ән: «Ақ көгершін»
Жүргізуші: Қазақ халқының еңбекқорлығын, сабырлығын, төзімділігін баса атап айтсақ артық болмас еді. Келесі кезекті көрініске берейік.
Көрініс: «Соғыстан қайтқан солдаттар».
Жүргізуші: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Би: «Журавли»
Жүргізуші: Ауырда азапты жылдар арта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы- баладан, баланы- анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ. Ұлы Отан соғысы жайында жазылған кітаптар мен естеліктер болып табылады. Осы мақсатпен көрме ұйымдастырылған болатын, балалардын қолдан жасаған бұйымдары мен салған суретерін тамашалайық. Балалардың салған суретері бойынша қысқаша қысқаша әңгіме жүргізіледі. Әр бала өзі жасаған жұмыстары бойынша түсіндіріп береді.
Тақпақтар:
Нұрлан: Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Иманжүсіп: Қорғау үшін елімді
Жауынгер болам сенімді.
Күту үшін жерімді
Төгемін адал терімді.
Әбілмансур: Балдырғанбыз бақытты,
Болашақа сенеміз.
Ержүрек болып өскенде,
Ел қорғауды білеміз.
Балабақша ұжымының атынан вальс.
Вальс: «Военный вальс »
Жүргізуші: Жасасын жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Хор: «День победы»
Жүргізуші: Олай болса алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейрімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашан бас иіп тұрындар! Елге қауып төнбесін,
Аман- есен болайық,
Ардагер асыл атаның
Ақ батасын алайық.
Келген қонақтардан бата сұрап бүгінгі кешімізді аяқтайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген