400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

9 Мамыр Жеңіс күні!

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалды алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: 9 - мамыр Жеңіс күні!

Мақсаты: Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отаным, Туған жерін сүю,Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнене тұту.

Көрнекілік: Нақыл сөздер, плакат, слайд.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен құрметті қонақтар Ержүрек ағалардың ерліктерін үлгі тұта отырып, бүгінгі 9-мамыр Жеңіс күні атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Мұғалім Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын.

1 оқушы. Сузанна Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамды.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

2 оқушы. Ілияс Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің

Басыңа қатер бұрты төнген күнде

3 оқушы: Жансая Есіңдеме туған қалам,

Сен деп неше жан қиылды

Тас қорған боп мың-сан адам,

Қорғағаны әр үйіңді

Жау еңсесін жаншып төмен,

Қуған оны жатыр ізі

Есіңдеме Мәншүк деген,

Қазақтың жас батыр қызы

Мұғалім: Біз үшін жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.

1941 жылы 22 маусым күні таң шапаға енді ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

4 оқушы: Бекарыс Ойлап-ойлап тұрдым көп

Сұрақ қойдым білгім кеп:

-Қуанышты мереке-

Жеңіс күні қай күн деп?

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнанда сұрадым,

Анамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:

-Дұрыс десті сұрағың-

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні шырағым!

Ән. Аталарым: Бекасыл. Нұрай

5 оқушы: Сезім: Адам тарих, Адам кешкен жолын ұқ.

Неше ұрпақ күнтізбектен алындық,

Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық

Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық

Сұрапылдан дауа таппай шерленген.

Әлем демін әрең алды шеңберден.

Ажыратып қанды қара шеңгелден.

Жарып шықты қарғыс пенен тозақты.



6 оқушы: Аслан Армысың ауылымның адамдары.

Мерейлі гүлін шашатын маған бәрі,

Ащы терді аямай саған бәрі,

Әнге қосып жүремін мен өзіңді

Мұғалім: Өз халқымның батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұловадай батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең тарады. Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова апаларымыз соғыста ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

Видео ролик көру

Балалар кеудесін оққа тосқан қазақтың қарапайым қызыМәншүк қолы қалт босағанда анасын, туған жерін сағынғанда жазған хаттары бір толастаған емес.

Мәншүктің монологы. Нурила



Би: Қыздар тобы Сарбаздар

7 оқушы: Асал Сонау жылы жер- көкті,

Соғыс бұлты торлаған

Сонда мәншүк апамыз

Жаудан елді қорғаған.

8 оқушы.Ханзура Жасасын жеңіс!

Бақытты елім күле бер,

Тәуелсіз елім болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекке қосылатын барша қалайық түрегел

Көрініс Соғыс басталды.

Ән. Хор. Соғыстан қайтқан солдаттар

9 оқушы Б Бекзат Жетпіс үш жыл

Бейбіт көктем таңы атқалы

Жетпіс үш жыл Шуақты күн таратты әнін

Есімде сонан бері жетпіс үш рет

Ашылды жеңіс күннің парақтары

10 оқушы: Асылзат Оу адамдар даналар!

Соғысқа қарсы балалар,

Өркендей берсін қалалар,

Гүлдене берсін далалар.

Тыныштық керек ол үшін.

11 оқушы:Бахытжан Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға.

Би. Ел қорғайтын батырлар



12 оқушы Думан Соғыс жалмап аға іні бауырды,

Заржылатып тыныш жатқан ауылды

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы

13 оқушы: Ерқанат Жеңіс деген шат күлкісі баланың,

Тыныштығы жер мен жаһан даланың,

Жеңіс деген сылдыр күлкі асқақ ән,

Тыныштығың сол жеңістен басталған!

Ән. Хор. Жойылсын соғыс

14 оқушы: Біржан Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,

Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.

Жеңіс тойын жақындатып әкелген

Төккен қаны, әке аға інінің

Құндыз: Жасасын жеңіс!

Еңбегі барлық солдаттың

Болашақ ұрпақ, ерлігін айтар жалғап мың,

Қаншама адам ерліктер жасап майданда,

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың.

Мирас: Мен соғысты жек көрем!

Күні ертең ақ ер жетем!

Туған жерді әлпештеп,

Кірпік ілмей тербем

Би: Рахмет саған туған жер.

Мұғалім:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен аман болайық, Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Міне балалар осындай даңқты жолдармен жүріп өткен аға ұрпақтың ісін жалғастырушы сендерсіңдер. Сендерде елін жерін қорғайтын батыр да батыл азамат азаматша болуларыңа тілектеспін.Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз көп болсын! деп бүгінгі 9 мамыр Жеңіс күні атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі