400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

9 мамыр Жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
9 мамыр Жеңіс күніне арналған сценари
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалар гүлдерімен залға кіреді.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар. Сіздерді 9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймын.

Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,

Кеудесін оққа төсеп лаулағандар.

Бір сәтке сол ерлерді еске алайық.

Балалар жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Сол ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық (1 минут еске алу)

Дильназ: Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге,

Соғыс елді түсірді-ау ауыр күйге.

Жұрт күйзелді төгілді қанша көз жас,

Түнерді қайғы бұлт талай үйде.


Санжар: Біріктіріп үміті мен тілеген,

Біріктіріп барлық күшін жігерін.

Ана үшін, бала үшін, жер үшін,

Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.


Аяжан: Отан менің соғып тұрған жүрегім,

Отан менің қос қанатым тірегім.

Сенде өсем, сенде ер жетем Отаным,

Сенде ғана қанат сермеп ұшамын.

Ән: «Ағалары»

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына ағаларымызбен бірге апаларымызда қатысты. Сол батырларымыздың бірі Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова.


Дария: Мектебіне, бақшасына бүлдіршін,

Барсын-келсін анасымен бір жүрсін.

Бейбітшілік күні жанса төбеде,

Әлия, Мәншүк біреу емес мың гүлсің!


Айдидар: Желбірейді бейбітшілік жалауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы.

Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,

Мәңгілік от ескерткіші алауы.


Аружан: Көктем келіп гүлденгенде бар аспан,

Кең жазира нұрға тұнар ғаламат.

Әлия, Мәншүк бүлдіршіндер есімі,

Балалбақша мектепті жүр аралап.


Көрініс.

Командир: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде?

Әлия: Мен Молдағұловамын, қазақстандықпен. Жасым 17-де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгерлік тапсырманы орындауға дайынмын.

Ән: «Жеңіс туы»

Жүргізуші: Халқымыздың зердесіне бұл күн- 1945 жылдың 9- мамыры мәңгі есте сақталады, халқымыз көрген қайғы-қасіреті адам баласы, ұрпақтарымыз ешқашан көрмесін деп тілейміз.

Ән: « Әрқашан күн сөнбесін»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі