400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

9-мамыр жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ мамыр Жеңіс күні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « 9 мамыр – Жеңіс күні!»

Мақсаты: Жеңіс күні туралы түсінік беру. Батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерліктерімен таныстыру. Балалардың ақыл-ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту. Балаларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, елін, жерін сүйетін батыл азамат болуға тәрбиелеу.

Қажет құрал-жабдықтар: Әскери адамдар туралы мазмұнды суреттер.

Әдіс-тәсілде: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Күлімде, күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегіндей бүгін де.

Қанат қақсын көгершін.

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды

Ұйымдастырушылық-

ізденістік




Тәрбиеші әңгіме жүргізеді.

9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі.

Біздің Отанымыз, туған жерімізді ержүрек ағаларымыз, апаларымыз алып берген Жеңіс күні болып тойланады.

Суретпен жұмыс.

-балалар, бұл суретте 28-панфиловшылар саябағы бейнеленген. Осы саябақта соғыста ерлікпен күрескен ағаларымыздың ескерткіші бар. Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. Алау отына ардагер аталарымыз, апаларымыз гүл шоқтарын қояды.

-Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова сынды батыр ұлдары мен қыздары бар. Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды. Балалар, сендер де осы батыр аталарың, апаларың сияқты батыр болғыларын келе ме?











Сергіту сәті

Ақ көгершін, көгершін

Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

-Балалар осы Жеңіс күніне арналған тақпақ білесіңдер ме?

-Балалар барлық балалардың тілегі не?







Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен, ендеше балалардың тілегіне «Әрқашан күн сөнбесін» өлеңін айтайық.




Балалар мұқият тыңдайды





































Бейбітшілік

Балалар қимыл-қозғалыспе жасайды.





Иә

Бейбітшілік болсын!

Соғыс болмасын!

Достық болсын!





Балалар өлең жолдарын айтады

Рефлексивті-

түзетушілік

«Өз орнын табу» ойыны

Мақсаты: Балалапһрдың түстер туралы түсініктерін бекіту, жылдамдыққа, ептілікке баулу.

Шарты: қызыл, жасыл, сары жалаушалардың түстеріне қарай топтасу.

Балаларды мадақтай отыра, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтау



Балалар ойынды қызыға ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: батырлық, жеңіс деген ұғымдарды;

Нені игереді: батырлардың есімдерін есте сақтау, патриоттық өлеңдерді жаттап, олардың мағынасын түсіне білуді;

Нені біледі: жеңіс мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
06.06.2024
247
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі