9 мамыр жеңіс күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

9 мамыр жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіс күніне арналған іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы жеңістің 80 жылдығына арналғантәрбие сағатының жүргізілу реті

Тақырыбы: «9-Мамыр жеңіс күні»
Мақсаты:

Оқушыларға Жеңіс күнінің маңыздылығын ұғындыру;

Соғыс жылдарындағы ерлікті, Отанға дегенсүйіспеншілікті насихаттау;

Батыр бабаларымызға құрмет көрсету, патриоттық сезімді қалыптастыру;

Бейбіт өмірдің қадірін түсінуге тәрбиелеу.

Өткізу формасы:Әдеби-музыкалық композиция, бейнебаян , сұхбат, деректі көріністер.

Көрнекілігі: Слайд-презентация, батырлар суреті, әскери бұйымдар көрмесі «Мәңгілік алау» макеті, «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» стенді.

Барысы: ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалады.

Фан-фар беріледі сахнаға жүргізушілер шығады. 

1-жүргізуші: 

Жеңіс дейміз жалауымыз желбіреп,
Көктем күні нұрын төксе елжіреп,
Тап осындай бейбіт күнге жеткізген
Әкелер мен ағалар ғой ержүрек    Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын! Алғашқы құттықтау сөз кезегі  Мектеп басшысына беріледі

2-жүргізуші: 

Жауынгерлер Отан үшін ерледі,
Жауларына сүйем жерін бермеді.
Жанын қиып туған жерім, елім деп,
Амал қанша, көпшілігі келмеді. Иә, осындай ерлікпен келген Жеңіс біз үшін қымбат та құнды.  Бұл – тек бір тарихи дата емес, бұл – ұлттың рухын көтерген, бейбітшілік пен ерліктің мәңгі ескерткіші. Бүгін біз соғыс жылдарының қиындықтарын еске алып, батырларымыздың ерлігін тағы бір мәрте зерделейміз.  Мұндай жеңіске жету жолындағы ерліктер жайлы бейнебаянға назар аударыңыздар. 

Видеоролик көрсету (5-7 мин)
https://rutube.ru/video/0cfe6aef3849d0bc6d884f9c8f3fc19c/?r=plemwd

Ән: «Соғыс болмаса екен»  Сөзі О.Байсеңгір,  әні: Н.Жүсіпов  Орындайтын    сынып оқушысы    ///////

1-жүргізуші: 

Қорғап қалған қаласы мен даласын,
Білеміз бе бабалардың бағасын?
Қан майданда бала аңсап анасын,
Келеді деп ана күтті баласын – деп Абдрахман Асылбек ағамыз жырлағандай елін, жерін қорғауда аянбаған жауынгерлеріміз жайлы таныстырылымдарға кезек берейік. 

(Оқушылар қолдарына сурет ұстап шығып видео бойынша Ұлы Отан соғысына қатысып ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер жайлы таныстырылым жасайды.)

https://youtu.be/T8uTQPTeNws

1-оқушы: Бауыржан Момышұлы — қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры. Батыс майданындағы 16 армияның 316-атқыштар дивизиясын басқарған. Майдандағы ерлігімен Кеңес Одағының батыры атағын алған. 

2-оқушы: Мәлік Ғабдуллин  Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысы жылдары даңқты генерал Панфилов дивизиясында соғысып ерлік көрсеткен. Мәлік Майдангер жазушы. 

 

3-оқушы: Әлия Молдағұлова 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 

 

4-оқушы: Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова — 100-атқыштар бригадасының пулеметшісі, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген тұңғыш қазақ қызы. Мәншүк майданда ерлікпен қаза тапқан. 

 

5-оқушы:  Төлеген Тоқтаров  – Екінші дүниежүзүлік соғыстың қаһарманы, қатардағы гвардия жауынгері. Ұлы Отан соғысына қатысушы, Калинин майданының 3-ші соққы армиясы генерал-майор И. В. Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық Ленин орденді атқыштар дивизиясының 23-ші гвардиялық атқыштар полкінің автоматшысы, гвардия красноармеец, Кеңес Одағының Батыры 

 

 

6-оқушы: Қасым Қайсенов— Қазақстанның Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген жазушы . 

 

7- оқушы: Қарсыбай Сыпатаев - 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, миномет нысанашысы, қазақ. Кеңес әскері қатарына 1942 жылы алынып, Оңтүстік майдан 4-атты әскер корпусы 61-атты әскер дивизиясы 13- жеке атты артиллерия дивизионы құрамында. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 

 

8-оқушы: Сұлтан Баймағамбетов Соғыстың алғашқы күндерінен бастап майданда пулемет бөлімшесінің командирі, аға сержант, 43-атқыштар дивизиясының 147-атқыштар полкінде Ленинград майданында соғысқан.

Синявино кентіндегі шайқаста жаудың траншеяларында онға дейін фашистерді жойды. 

 

9-оқушы: Талғат Бигелдинов— кеңес ұшқыш-штурмовигі, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры 1945 жылы 24 маусымда Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадының қатысушысы. Ол 15 топтық әскери соғысқа қатыса отырып, жалғыз өзі ондаған жау ұшағын жарамсыз етті. Украина, Курск доғасы, Прага және Берлинде өткен жойқын соғыстарға қатысқан.

 

10-оқушы: Нүркен Әбдіров — кеңес әскери ұшқышы, сержант. Кеңес Одағының Батыры. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында өзінің Ил-2 ұшағымен 16 жауынгерлік ұшу кезінде бірнеше танк пен 20-дан астам автокөлікті жойды.

11-оқушы: Бақтыораз Бейсекбаев— кеңестік атқыш және радио операторы, 207-алыс қашықтықтағы бомбалаушы авиация полкінің 1-авиациялық эскадрильясының бомбалаушы атқышы, 3-алыс қашықтықтағы бомбалаушы авиация корпусының 42-алыс қашықтықтағы бомбалаушы авиация дивизиясы, кіші сержант.

12-оқушы: Хиуаз  Доспанова — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.

13-оқушы: Біліс Нұрпейісов - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш-штурман, гвардия аға лейтенанты, қазақ. Майданда ерлгімен танылған қазақ жауынгері. 

14- оқушы: Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы — Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы. 1945 жылы Сағадат Нұрмағамбетовтың қарамағындағы батальон жауға ойсырата соққы беріп, Берлинге басып кіреді.

15-оқушы: Рақымжан Қошқарбаев – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық қаһарманы.

Би: Әскери киіммен соғыс кезіндегі

Көрініс: «Сағындым, ана...»

[Жарық сөніп, баяу музыка ойнап тұрады (мысалы, "Жеңіс күні" фонының кіріспесі). Сахнаға Жүргізушінің дауысы естіледі.] 

Автор: 1941 жыл... Отанымыздың тыныштығын бұзған жау шапқыншылығы. Қазақстаннан мыңдаған ер-азамат майданға аттанды. Әр отбасының жүрегі алаң... әр ана баласын аңсап, әр сарбаз ананың ыстық құшағын сағынып жүрді...

Жүргізуші:

"Бұл – бір ананың ғана емес, мыңдаған ананың тағдыры еді... Бірақ олардың үміті – елге ЖЕҢІС алып келді."

(Сахна соңында оқушылар ақ көйлекпен шығып, көгершін ұстап, бейбіт өмірді бейнелейді. Хор ән айтады.)

1-жүргізуші Ұлы Отан Соғысының майдангерлері мен барлық жауынгерлердің ерлігіне бас иіп тағзым етеміз. 1 минут үнсіздік  жар– құрмет көрсету.

Абдрахман Асылбек «Жеңіс жалауы» 

1-оқушы: Жеңіс тіпті оңайлықпен жеткен жоқ,
Дұшпан бізге аяушылық еткен жоқ.
Соғыс бітіп, талай жылдар өтсе де,
Қияметі бастан әлі кеткен жоқ.
2-оқушы: Жауқазындар желектерін жайғанда,
Жайраң қағып шығушы едік сайранға.
Сойқан соғыс басталды да кенеттен,
Кете бардық аттанып қан майданға.
3-оқушы: Отан үшін арпалыстық, алыстық,
Қас дұшпанмен қасарыстық, қарыстық.
Жанымызды, тәнімізді табыстап,
Қара жерге ағып жатты қан ыстық.
4-оқушы:Қаншалықты қарысқанмен қайрат қып,
Жерге тығып, жауыздарды жайраттық.
Қанға бөгіп қан майданда қалсақ та,
Гүл өңірді, нұр өмірді жайнаттық.
5-оқушы: Желбіретіп жеңіс деген жалауды,
Тарихтағы толтырдық бір тарауды.
Ұрпағымыз өтер мәңгі ардақтап,
Жеңімпаздар қалдық кәзір санаулы.

Ән: 

2-жүргізуші: «Біз батырлардың рухына тағзым етіп, олардың аманат еткен бейбіт өмірін қорғауға, қадірлеуге тиіспіз. Бұл – біздің парызымыз. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран болсын!»

Қорытынды нәтиже:

Оқушыларда патриоттық сезім артып, тарихтықұрметтеу, бейбіт өмірді бағалау қалыптасады. Отбасылық құндылықтарға, батырлыққа, бірліккетәрбиелеу жүзеге асады.

 











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2025
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі