«9 Мамыр –Жеңіс күні» атты мектепішілік кеш

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«9 Мамыр –Жеңіс күні» атты мектепішілік кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, Қазақстан шыққан жауынгерлер жайлы, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру; Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; патриотизмге, елжандылыққа, батылдыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«9 Мамыр –Жеңіс күні» атты мектепішілік кеш

Аленова Акмарал Ажихановна – 7 «а»класс жетекшісі


Кештің мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның халыққа тигізген зардаптары, Қазақстан шыққан жауынгерлер жайлы, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру;  Отан үшін жанын қиған батырлардың ерліктеріне тағзым ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; патриотизмге, елжандылыққа, батылдыққа баулу.

Көрнекіліктер: Ұлы Отан соғысы туралы видео материал, слайд көрсетілімі


1 - жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.


2 - жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.


1 - жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов,Рақымжан Қошқарбаев,Қасым Қайсенов,Нұркен Әбдіров,Төлеген Тоқтаров секілді өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)


(Сахнадада күй ойналады. Халық, бейбіт өмір көрінісі,мектеп бітіру кеші жүріп жатады)
Радио: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, 1941 жыл 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. 
Соғыс басталды.
(Халық бір- біріне үрейлене қарады. « Слава Отечественной Войне» әні жаймен ойналады.)
Халық арасынан - Соғыс! Соғыс! Соғыс! (Дауыстар шығады. Ер адамдардың барлығы соғысқа аттану кезеңін көрсетеді. Жылау, сықтау)





2-жүргізуші:- «Соғыс» деген суық хабар, Кеңес Одағының барлық жеріне 1941 жылдың 22-ші маусымында келіп жетті. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

1-жүргізуші:-  Осы соғыста Кеңес Одағының басқа  республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына 1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған, енді назарымызды экранға аударайық.

 2 - жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
10 а,ә класс оқушылары өлеңдерін оқиды.

1 - жүргізуші:-Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты.Даңқты қарулы күштерінің және еңбек армиясының құрамына 1 млн.870 мың қазақстандықтар болған.

2 - жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады деп ортамызға «
Катюша» әнімен қыздарымызды шақырамыз.



2-жүргізуші:- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.














көрініс «Соғыстың аяқталуы» 10а класс оқушыларының орындауында











хор «День Победы» әні




1-жүргізуші:- Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік.


2 - жүргізуші: Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар, ән «
Алға Қазақстан» болашақ Отан қоғаушы 10 а,ә класс жігіттерінің орындауында, қабыл алыңыздар.

1 – жүргізуші:-Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 71-ші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 72 жылдығында кездесейік.


2 - жүргізуші: Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды. Ардагерлерге мың тағзым!
Жеңістің туы мәңгі желбіресін!

1 - жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын! Кешімізді Жеңіс Айбаттың орындауындағы «
Қазақстан» әнімен тәмамдаймыз.











39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі













Мектепшілік кеш

«9 мамыр – Жеңіс күні»



Өткізген: Аленова А.А

















Ақтөбе қаласы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2021
721
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі