400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"9 мая-День победы" утренник

Материал туралы қысқаша түсінік
"День победы" 9 – мамыр Жеңіс күніне арналған сценарий. 1Кіші топ балаларымен 9 мамыр күніне ертеңгіліктің сценариі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлы Жеңіс күні- ерліктің дастаны!» атты

9 – мамыр Жеңіс күніне арналған сценарий



  1. Ашылу рәсімі.

Баяу музыка әуені жүріп тұрады.

(«Жеңіс күні» әнінің әуенімен екі жүргізуші сахнаның ортасына шығады.)

І «б» кіші «Нұрсәуле» тобы

1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты кешке жиналған қауым! Қайырлы күн кештің қадірлі қонақтары, тәрбиешілер және балалар!
Қазақстан Республикасының Гимні
Жеңістің жырын айтсын тіл-көмей,
Абзал досым, мүгедектері жүр демей!
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей.
Ұлы Отан соғысы миллиондаған аданың өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Солардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру – баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.
Ендеше, барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске алайық.
Рахмет,отырыңыздар!

Құттықтау сөз.

Құрметті ата- аналар, қонақтар, тәрбиешілер мен балалар! Сіздерді

9- мамыр Жеңіс күні және 7- мамыр отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Әрбір отбасына бақыт, шаттық, қуаныш тілей отырып, еліміз тыныш, аспанымыз әрқашан ашық, көк туымыз желбірей берсін. Бүгінгі мерекеге балалар өздерінің әнін арнайды.


«Менің Отан» әні орын. I кіші - «Нұрсәуле» тобының балалары.


Күткен ЖЕҢІС жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.
Жауды жойып, батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ ашып.
Мамыр келді, ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды, күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақжаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды!

Ал енді, мен балаларды ойын ойнауға шақырамын. Өскен кезде біздің ұлдарымыз сарбаздар болғысы келеді екен, ал сарбаз болу үшін денелері шымыр, ойлары ұшқыр болуы керек.

  1. Ойын «Қаппен секіру»

Ойынның шарты: балалар екі топқа бөлініп, кезекпен қаппен секіру керек.

  1. Ойын «Ботқаны тезірек жеп қой»

Ойынның шарты: Ортаға балаларды шығарып, екі топқа бөлінеді. Екі үстелде ыдыста ботқа тұрады, сол ботқаны тезірек жеп кою керек. Қай топ бірінші болып жеп қояды, сол топ жеңіске жетеді.

  1. Ойын «Мергендер»

Ойынның шарты: кеглиді ортаға тізіп койғаннан кейін, балалар кезекпен кеглиді доппен көздеп қағыр түсіру керек.

  1. Ойын «Сарбаздардың дайындығы»

Ойынның шарты: әр топтан бір бала шығып, белгі берілгеннен кейін тез сырт киімдерін шешіп, содан кейін тез киіну керек.


Талай тарих кезеңдерін өткізіп,

Сырын, жырын заманына шерткізіп.

Міне, бүгін елім менің жаңарған

Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп, - демекші келесі «Жас ұландар жыры» атты әнді қабыл алыңыздар.


«Жас ұландар жыры» әні орын. I кіші - «Нұрсәуле» тобының балалары


Бүгін жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен -1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Содан бері 73 бейбіт жыл артта қалды.

Тәрбиеші: Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға,- демекші сұрапыл соғыс ешқашан болмасын, аспанымызды бұлт торламай, әрқашан да күннің көзі күлімдеп, жүзіміз жадырап жүрсін. Құрметті қонақтар! Сіздерді тағы бір мәрте осы Ұлы Жеңіс күнімен құттықтай отырып, бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Нұрлы күндерде жүздескенше! Сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.08.2021
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі