9 сабақ Желдің пайдасы мен зияны.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

9 сабақ Желдің пайдасы мен зияны.

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сабақ Желдің пайдасы мен зияны.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні

18 орта мектебі

Қай аптаның нешінші сабағы?

9 сабақ

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Желдің пайдасы мен зияны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.2.1адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны

қолдану жолдарын анықтау

4.3.2.5 желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру;

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Сиқырлы айналу» жылулық шеңбері. «Мен және аспан»

Педагог балалардың назарын аспанның әдемілігіне аударады.Балалар аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады;үлпілдік ақша бұлттаға,жауар бұлттай түнерген аспанға,мейірімді жылы күнге,ай мен жұлдыздарға,қарлығашқа,бозторғайға,шымшыққа,бүркітке т.б.айналады.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Ойлан

Жыртқыш жануарлар неге желге қарсы жүреді?

Психологиялық ахуалға берілген психогиялық жаттыңуларды орындау арқылы жаңа сабаққа назар аудару.




Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.


ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Ортасы

Жел пайдалы ма, зиянды ма?

Суреттерді пайдаланып әңгімеле. Желдің қандай пайдасы бар? Зияны қандай? Өзің қандай мысал келтірер едің?

Дескрипторы:

  • желдің қандай пайдасы мен зияны бар екенін біледі.

https://www.youtube.com/watch?v=_ylXY8l8GfU&feature=youtu.be

Желдің пайдасын адамдар ерте заманнан білген. Желдің жылдамдығын пайдаланып, желкенді кемемен саяхатқа шыққан. Жел диірменінде дақылдарды ұнтақтап, ұн жасаған. Желдің табиғатта да маңызы зор. Желдің көмегімен өсімдік тұқымы таралып, көбейеді. Жел бұлтты айдап, жаңбыр жауғызады. Ауаны тазартады. Қазіргі уақытта желді қуат көзі ретінде пайдаланып отыр. Оның күшінен электр

энергиясын өндіреді. Мұндай энергияның экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Ол қоршаған ортаны, ауаны ластанудан сақтауға және табиғат ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Желдің зиянды әрекеті де бар. Желдің күші электр желілерін үзіп, ағаштар мен ғимараттарды құлатып, адам өміріне қауіп төндіреді. Теңіздер мен мұхиттарда алып толқын туғызып, кемелерге, жағаға жақын елді мекендерге зиянын тигізеді, дала мен орман өртін өршітеді.


Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.


Белсенді оқу тапсырмалары




Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау







Форматив

ті бағалау.





ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.






Оқылым, жазылым тапсырмалары.

Соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Ой толғаныс кезеңі.

Жер бетінде суық ауа мен жылы ауа үнемі ауысып отыратындықтан, желдің жылдамдығы мен бағыты өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны сол бағыттың атымен айтады. Мысалы, жел солтүстіктен соқса, оны солтүстік (С) желі деп атайды. Желдің бағыты мен күшін анықтай білу парашют, тау шаңғысы, желкенді қайықпен жүзу, планермен ұшу сияқты белсенді демалыс және спорт түрлері үшін маңызды. Желдің бағытын желбағардың көмегімен анықтайды. Желбағар тік білік пен оған бекітілген көлденең бағыттаушыдан құралады. Бағыттаушы еркін қозғалып тұрады. Бағыттаушының бір жағы екіншісінен ауырлау болады. Жеңіл бөлігіне орнатылған бағыттама әрдайым желдің соғу бағытын көрсетеді. Ал ауыр жағы желдің көкжиектің қай тұсынан соғып тұрғанын білдіреді.

Сен білесің бе? Жер шарында тұрақты, яғни үнемі бір бағытта соғып тұратын желдер бар. Біздің елімізде тұрақты соғатын 23 жел анықталған. Олардың ішінде ең күштілері – Арыстанды-Қарабас, Мұғалжар, Ебі, Сайқан, Шілік, Атырау желдері. Олардың әрқайсысының жылдамдығы туралы ғаламтордан ақпараттар тауып, сол бойынша диаграмма жаса.

Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.






Топтық тапсырмалар.


Кестедегі пікірлердің дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықта.



Форматив

ті бағалау.



Кері байланыс

«Білім шыңы» кері байланыс.










Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді.

«Білім шыңы»

Кері байланыс тақтайшасы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі