400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

9-саны және цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
материал балабақша тәрбиешілеріне керек, жаңартылған технологиялық бағытта жасалған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 10.02.2015 жыл.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математика

Тақырыбы: «9 саны мен цифры.»

Мақсаты: Балалардың 9 саны мен цифры туралы математикалық білімдерін қалыптастыру; Қосу,азайту,тең таңбаларын қолданып мысалдар мен есептер шешуге жаттықтыру . 9 санының құрамы туралы білімдерін жетілдіру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Математикаға деген қызығушылығын арттыру.Бір-бірін тыңдай білуге, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: Слайд,ойын материалдары: асықтар, моншақтар тізбегі, сандар құрамы пирамидасы,үлестірмелер, пазлы,мыстанның үйшігі, көлшік, балықтар , алма ағашы ,алмалар.

Билингвизм: Сегіз-восемь,Тоғыз-девять.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар іс- әрекеті



Мотивациялық қозғаушы

Сәлемдесу.Кіріспе кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Амансың ба,алтын күн!

Амансың ба,көк аспан!

Амансыңдар ма, достарым!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің қай айы?

Бүгін аптаның қай күні?

-Балалар,бүгін бізде қарапайым математика оқу іс-әрекеті. Сендер «Есептер еліне» саяхатқа шыққыларың келе ме? Ғажайып сәт: «Ертегілер елінен» Алдаркөсе келеді.

-Амансыңдар ма, балақайлар? Мен алыс ауылдардан келе жатырмын. Балаларға асық ойнауды үйретіп жүр едім.Сендер асық ойнағыларың келе ме?

Онда біріншіден мына асықтарды ретімен бір сызықтың бойына тізу керек.Кім тізіп береді? (Сандар қатарымен тізу керек.)

Ал, енді мұны былай шиіріп атады.(Көрсету) «Асық» ұлттық ойыны арқылы өткенді пысықтау. 8 санына дейін тура және кері санату.Сегізге дейін үш тілде санату.

-Алдаркөсе, сен бізге « Есептер еліне» барар жолды көрсете аласың ба?( Өткен оқу іс-әрекет тақырыбы «Қағаз бетінде бағдарлауды жоғары, төмен» пысықтау.)

Алдаркөсе: - Иә, сендерге жол картасын айтайын, сендер қағаз бетіне түсіріп алыңдар. Бірінші, жоғарғы сол жақ бұрышқа –алма ағашын ,жоғарғы оң жақ бұрышта –Мыстан әжейдің үйшігі ,төменгі сол жақ бұрышта- көлшік , төменгі оң жақ бұрышта – «Есептер елі» бар. Алдаркөсе асықты балаларға беріп,қоштасып кетеді.


Шаттық шеңберіне тұрып бірге айтады.




Жауап береді.



Қуана келіседі.




Сәлемдеседі.






Бірі шығып асықтарды реттік қатармен қояды.

«Асық» ойынын ойнауды үйренеді.





Тақта бетінде көрсетеді.




Алдаркөсемен қоштасады.



Іздену- ұйымдастырушы

Тәрбиеші :Балалар, бізге Алдаркөсе асық берген еді, оны санап көрейік. Қызыл сақа асықты қосқанда бізде барлығы қанша асық болды? Санап көрелік. 8+1=9

9 асық болды.

Ендеше , бүгін біздің осы «9 саны мен цифры мен » танысатын боламыз.

9 саны 9 бірліктен тұрады. 9 ға дейін тура және кері санап көрейік.Кім санап береді?

Билингвизм:тоғыз- девять, Ал үш тілде 9 ға дейін санап көрелік.

9 саны да басқа сандар сияқты цифрмен белгіленеді. Цифрды тақтада,ауада,аяқ ұшымен жазып көрсету. 9 цифры туралы мынадай тақпақ бар екен.

9 басын иеді,

Әдепті боп жүреді.

Тұра қалса басымен,

6 болып шығады.

«Есептер еліне» бару үшін біз 9 цифрын жаза білуіміз керек. Ол үшін дәптермен жұмыс жасап алайық.

Дәптермен жұмыс.

Балалар,енді «Есептер еліне» саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

Балалар, біз бірінші алма ағашына көмек берейік.Алмасын санап , жинап алайық.

1 -тапсырма: Алма ағашының екі жағындағы алмаларды санап , теріп алып, кәрзеңкеге сал да барлығын сана , қанша?

5+4=9

2-тапсырма: Көлшіктен балықтар сыртқа шығып қапты. Балықтарға көмектесейікші. Неше балық сыртта қалған?Көлшікте барлығы қанша балық болды?

6+3=9

3-тапсырма: Мыстан әжейдің үйшігіне келдік. Мыстан әжей : Әй, балалар, сендер не істеп жүрсіңдер?

Олай болса, мен моншақтармен сандарды әшекейлеп кесте тіктім.Оны көзбен көрмей ,алақанмен сипап, қандай цифр екенін тануларың керек. Болмаса, «Есептер еліне» мен сендерді жібермеймін!

Жарайсыңдар, балалар! Сендер тапсырмалардың бәрін орындадыңдар.

Енді біз «Есептер еліне» кеттік.

Слайдтан «Есептер елі» көрсетіледі.

«Есептер еліне» хош келдіңдер балалар! Сендер жарадыңдар! Барлық кедергілерден өте білдіңдер.Есептер елінде бізге мынадай тапсырмалар беріліпті.

«Шатасқан сандар» ойыны:

2 4 6 8 3 1 5 7 9

Орталықтарға тапсырмалар :

1 орт: Пішіндерді 9 ға толтыр.


2. орт: « Жоғалған сандарды тап.»




3



6



9


1



4



7



2


4


6




3.орт: Моншақтарды ретімен тіз.

4.орт: Пирамида тапсырмалары.

5орт: «Пазлымен жұмыс» Жеке баламен жұмыс.

Сергіту сәті:

«Сандар қатары» ойыны. Музыка ойнап, балалар билейді.Музыка тоқтаған кезде «сандар» қатармен тұра қалу керек.

Орталықтарға бөлініп жұмыс жасау. Балаларды ортаға қайта шақыру.

Белсенділік орталықтарындағы жұмыстарын талдау, бағалау, мадақтау.



Логикалық сұрақтар :

1.Қысты күні ағаш басында 3 алма өсіп тұрды.Оның біреуін мен үзіп жедім.Сонда неше алма қалды?

2.Әжесі дүкеннен немерелеріне бір-бірден

3 қуыршақ,2 машина алды. Әженің неше немересі болған?






Балалар дауыстап санайды.9 асық болғанын айтады.

1-9ға дейін тура және кері санап шығады.


Ауада және аяқтың ұшымен жазып көрсетеді.














Есепті

тақтада көрсетеді.





Балалар «Есептер еліне» келе жатқанын айтады.

Цифрларды сипап сезу арқылы танып айтады.











.






Орталықтарда жұмыстармен танысады













Сергіту сәтін жасайды.




Орталықтарға бөлініп жұмыс жасайды.




Логикалық сұрақтарға жауап береді.


Рефлексивті коррекциялаушы

Балалар, үйге санамақтар жаттап келуге тапсырма берілген болатын.

Кәне, санамақты бастайық.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы балалардың не білгенін байқау.

Балалар, бүгін біз қандай санмен таныстық?

Ендеше , 9 ға дейін кім тура және кері санап бере алады?

Жақсы жауап берген балаларды мадақтау.

Қорытындылау.


Балалар санамақтар айтады.





Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Не білуі керек:9 көлеміндегі сандарды; 9 санының 9 бірліктен тұратынын

Нені игереді:9 санын қолды үзбей жазуды,9 санының құрамын.

Не үйренді: Қарапайым мысал есептер шығаруды.


































Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Қарапайым матеметика»


Тақырыбы: «9 санымен таныстыру»







Тобы: «Еркетай» ересектер тобы


Тәрбиеші: Оразымбетова Гүлнар Дауылбайқызы








Қызылорда 2015ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
1890
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі