400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 саны мен 9 цифрын енгізу. Ашық оқу қызметінде

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топ жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: Таным

Күні:23.01.2020ж
Оқу іс-әрекеті: ҚМТҚ
Мақсаты: Өткенді қайталау,9саны мен цифрын енгізу, цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету, 9 цифрын тану және бейнелеуді үйрету, зейін мен ойлау қабілетін дамыту.Үлкенге көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Блингвальді компонент: тоғыз-девять
Технологиялық қамтамассыз ету:Ертегі кейіпкерлері, үйшік, тапсырмаларға қажетті көрнекіліктер,үлестірмелі көрнекіліктер, дәптер
Іс -әрекет кезеңдері Тәрбиешінің басқару іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық

Бір,екі,үш

Топтың іші тып- тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз!


Ұйымдастырушылық- ізденушілік .

Ертеде орманда бір кішкентай үйшік болыпты. Ол .үйшікке ешқандай аң кіре алмапты. Бір күні үйшікке қасқыр келіп есігін қағады
«Егер сен менің үйшігімде тұрғың келсе менің бірінші тапсырмамды орында!» дейді.
1- Тапсырма: жыл мезгілдері туралы сұрақтар
Қасқыр сендерге рахметін айтып үйге кіріп кетті.
Енді бірде екі қоян келе жатады. Олар да үйшікті көріп оған кіргісі келіп есікті қағады. Ар жағынан әлгі дауыс тағы шығады: «Егер менің үйіме кіргің келсе онда менің екінші тарсырмамды орында!» дейді.
Қоянға көмектескілерің келеме? 
2-Тапсырма: 1-8-ге дейін тура және кері сана дейді
Қоян сендерге рахметін айтып үйге кірді.
Енді біраз уақыттан соң ағаштан жаңғақ теріп жүрген тиын да үйді көріп таң қалады.кіргісі келіп есікті қағады. Есіктің артынан әлгі дауыс тағы шығады: «Егер менің үйіме кіргің келсе үшінші тапсырманы тауып орында, сонда кіргіземін» дейді.
3- тапсырма крышкалар арқылы есептер шығару
Орман кезіп жүріп түлкі де үйшікке кезігеді.Ол да есікті қағады.Әлгі дауыс тағы шығады. Егер менің үйіме кіргің келсе онда

4-тапсырма «Көршісін тап» деген ойынды ойна ,сонда кіргіземін»,- дейді.
Түске таман ағаштардың астынан алма іздеп жүрген кірпі үйшікті көріп кіргісі келеді де есікті қағады. Есіктің арғы жағынан әлгі дауыс шығады: «Егер менің үйіме кіргің келсе онда «адасқан сандар ойынын ойна» сонда кіргіземін» дейді. Балалар кірпіге көмектесіп бұл ойынды сендер орындап бересіңдер ме?
5=тапсырма: Ойын: «Адасқан сандар»
Енді бірде аң патшасы арыстан үйшікті көріп есігін қағады. Әлгі дауыс тағы шығып былай дейді:
«Егер менің үйіме кіргің келсе менің үйшігім қандай пішіндерден тұратыны айт сонда кіргіземін» дейді.
Балалар үйдің қандай пішіндерден тұратынын айтып арыстанға көмектесейік
Жарайсыңдар балалар сендер барлық тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар. Енді үйшікте кім бар екенін білгілерің келе ме?
Ендеше біз де есікті қағып көрейік. Ар жағынан екі аю қонақтарын ертіп шығады.Бұл ненің үйі екен?
Олай болса аю туралы кім тақпақ біледі.
Балалар үйшіктен қанша кейіпкер шықты? Санап көрейікші. Балалар тұра тұрыңдар деп айқайлап аюдың баласы қонжық келеді. 
Енді санап көрейікші қанша болды? 9 саны қалай пайда болды? 8 кейіпкерге қанша кейіпкер қосылды? 
Яғни сегізге бірді қосқанда қанша болады екен?
Ендеше бүгін біз қай санмен танысамыз?

Мынау тоғыз санының цифры. Оны жазуды үйренейік.
Дөңгелек саламыз да оң жағынан төмен түсіріп солға қарай бұрамыз. (2-рет қайталаймыз) Енді ауада жазып үйренейік..

Дәптермен жұмыс
Енді дәптерлеріңді ашып 9 санының цифры жазылған бетті ашамыз
Ендеше 9 санының цифрын үзік сызықтардың үстінен бастырып шығыңдар.


Орнымыздан тұрып бір сергіп алайық
Серғіту сәті
Ойын: «Сан мен затты сәйкестендір!»

Мына карточкада ненің суреті?
Ендеше сол санның цифрын көрсет! (Бірнеше карточкамен ойнатылады)
Керісінше мен сендерге цифр көрсетемін сендер саны сол цифрға сәйкес келетін карточканы көрсетесіңдер
Жарайсыңдар балалар енді дәптердегі екінші тапсырманы орындайық!
Мынау қандай белгілер? Дұрыс ендеше 9 саны қандай сандардың қосындысы

Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Біледі: 9 саны және цифрын.
Игереді: 9 цифрының жазылуы туралы түсінікті.
Меңгереді: 9-ға дейін тура және кері санауды, 9 цифрын тануды.
























































Shape1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі