жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
9 сынып "9.2В Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985жж)"
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.2В Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985жж)
|
|
|||||||
Күні: |
|
|||||||
Сынып: 9 |
Қатысқандар: 10 |
Қатыспағандар: |
||||||
Сабақтың тақырыбы |
XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы қазақстандық ғалымдардың ғылымды дамытудағы жетістіктері Зерттеу сұрағы: XX ғасырдың ІІ жартысында ғылымның қай салалары көбірек дамыды. |
|||||||
Тарихи концепт |
3.3 Маңыздылығы |
|
|
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру |
|||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлығы
|
|||||||
Бағалау критерийі |
- XX ғасырдың 40-80 жылдарындағы ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың 3 артықшылықтары пен 3 кемшіліктерін айқындайды
|
|||||||
Тілдік мақсаттар
|
Терминдер: гидрогеология, гидрофизика, генетика, микробиология, информосомалар,аллергология, онкология, вирусология,кибернетика, электрохимиялық әдіс,катализатор. |
|||||||
Құндылықтарға баулу
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Дүниежүзі тарихы, биология, география |
|||||||
Алдыңғы білім
|
Кәсіптік-техникалық білім, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын біледі. |
|||||||
Сабақ барысы |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 10 мин |
Психологиялық жағымды ахуал туғызу 1.«Біз біргеміз» тренингі Мақсаты: Барлық оқушыларды сабақ барысында бірлесе отырып жұмыс жасайды. /шеңберге тұрып, қолдарын ортаға біріктіреді/ 2.Топқа бөлу «Мозайка» әдісі /Топта оқушылардың деңгейі тең болу үшін қима қағаздар арқылы топқа бөлу/ І топ. «Білім» тобы ІІ топ. «Ғылым» тобы 3.Үй жұмысын тексеру «Стикердегі сұрақтар» әдісі
«Миға шабуыл» әдісі Ғылым саласы туралы бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар осы бейнеролик бойынша ойларын ортаға салып, тақырыпты ашады. Тақырып пен мақсатын оқушыларға жеткізу |
1 қосымша
YouTube желісінен алынған |
||||||
Сабақтың ортасы 20 мин |
1 тапсырма (топтық жұмыс) Ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға бер - мемлекеттік саясаттың 3 артықшылықтарын анықтайды - мемлекеттік саясаттың 3 кемшіліктерін көрсетеді «Қарлы кесек» әдісі Жұмыс алгоритімі 1.Тиісті тапсырма беріледі. 2.Оқушылар ойларын,пікірлерін немесе ұсыныстарын өз бетінше жазады 3.Оқушылар жұп құрып, жауаптарын салыстырады . Олар өз тұжырымдарын талқылайды да, мәселе бойынша келісілген тұжырымға қол жеткізіп, оны жазып алады 4. Оқушылар топ болып, тура сол рәсімді қайталайды. (М.Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында қиындық туған кезде қолдау көрсету) ҚБ: «валюта» бағалау
Мақсаты: Ұлттық құндылықты дәріптеу, қызығушылықтарын арттыру; |
2 қосымша
3 қосымша |
||||||
Сабақтың соңы 10 мин |
Кері байланыс -Мен осы сабақтан не алдым? -Мен не жасай алдым? -Маған қиындық туғызған тапсырмалар? "Сұрақтары бар қорап" әдісі Қара жәшікке салады Мақсаты: Оқушылар өздеріне түсініксіз болған сұрақтарын жазып қалдырады. Келесі сабақтың басында осы сұрақтар талқыланады.
Үй тапсырмасы «5 сөйлеммен түйіндеу» әдісі (ой толғау)
|
|
||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және
қауіпсіздік
техникасын
сақтау |
||||||
Қарқын: «Қарлы кесек» әдісі арқылы топтық жұмыс барысында кейбір оқушылар берілген тапсырманы тез орындайды, кейбір оқушылар баяу орындайды.
Жіктеу: «Мозайка» әдісі арқылы топта оқушылардың деңгейі тең болу мақсатында топқа бөлу
Диалог және қолдау көрсету: (М.Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында қиындық туған кезде қолдау көрсету)
Бағалау: «Валюта» әдісі арқылы бағалайды
Қорытынды: "Сұрақтары бар қорап" әдісі арқылы оқушылырдың осы сабақта алған білімдерін қорытындылау
|
. «Валюта» әдісі Өзара,жұппен, топпен бағалау "Сұрақтары бар қорап" әдісі арқылы |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||
1 қосымша
Топқа бөлу суреттері
2 Қосымша
XX ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нәтижесінде республиканың өнеркәсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркәсіп пен көлік құрылысы бойынша жазылған жұмыстар саны айтарлықтай өсті. Қазақстан аймақтарының өнеркәсіптің дамуына қосқан занды үлесі болып табылатын республиканың жекелеген кәсіпорындарын зерттеп білу осы проблемаға қатысты тарихнаманың сипатты белгісі болып табылады [1].
30-жылдардың сонына қарай бұл проблема жөніндегі жұмыстар саны артты, дегенмен ірі монографиялық зерттеулер әлі шыға қоймаған болатын. Ғылыми жұмыстардын негізгі түрін — құнды деректерге сүйене жазылған мақалалар құрады [2].
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Қазақстанға қоныс аударған белгілі ғалымдар Д.А. Баевский, С.В. Бахрушин, М.П. Вяткин, Н.М. Дружинин, М.П. Ким, М. Панкратова, А.П. Кучкин, С.В. Юшковтар тарих пен экономиканың өзекті проблемаларын зерттеуде, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Олардың тікелей қатысуымен 1943 жылы «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы» деп аталатын іргелі еңбек дүниеге келді. Кәсіби тарихшылар катарының аздығына қарамастан, соғыстың соңына қарай Қазақстандағы социализмніңэкономикалық негізін жасау проблемасы бойынша зерттеулер санынын өсу үрдісі айқын байқалды [3].
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары аталған проблема бойынша зерттеулер саны өсе түсті, бұл ретте тарихшы-ғалымдар мен қоғамтанушылар республиканың индустриялық өзгерістер кезеңіндегі дамуының жалпы зандылықтары мен ұлттық ерекшеліктерін зерттеуге көңіл аударды. Осы кезең әдебиетіндегі жаңа нақты-тарихи материалдар негізінде «Қазақстанның халық шаруашылығы бүкіл Кеңес Одағы халық шаруашылығының жалпы дамуымен органикалық байланыста, соның негізінде және оның көмегімен дамып, алға жылжи алды» [4]. деген тұжырымға келді.
XX ғасырдың 60—70-жылдарына қарай, ең алдымен А.Н. Нүсіпбековтің, С.Б. Бәйішевтің, С.А. Нейштадттың, Б.Н. Әбішеваның, М.Х. Асылбековтің, Н.Г. Панның, С.Б. Нұрмұхамедовтің, В.К. Савоськоның, Р.Б. Сүлейменовтің, А.Е. Ержановтың және басқалардың монографиялық зерттеулерімен байланысты экономиканы, республика өнеркәсібінің даму тарихын зерттеу проблематикасының ауқымы айтарлықтай кеңейді. Жекелеген фабрикалар мен зауыттардың тарихын зерттеумен бір мезгілде, ғалымдар жұмысшы кадрлардың, оның ішінде ұлттық кадрлардың қалыптасу мәселесіне көңіл аударды.
Бұл ретте академик А.Н. Нүсіпбековтің «Қазақстандағы кеңестік жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы» (А., 1966) атты іргелі монографиясын және ғалымның басқа да зерттеулерін ерекше атап өтуге болады, бұл еңбектерде XX ғасырдың 20-40-жылдарында республикадағы кәсіби жұмысшыларды дайындау үрдісі отандық тарихнамада алғаш рет егжей-тегжелі сараланды. Республика жұмысшы табының тарихы «Қазақ КСР тарихы. Социализм дәуірі» (А., 1963, 1967); «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктері» (А., 1963) тәрізді іргелі енбектерде көрініс тапты. Аталмыш проблемаға арналған жұмыстардың ішінде М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмүхамедов, Н.Г. Панның «Қазақстандағы жұмысшы табы индустриялық кадрларының өсуі (1946—1965 жылдар)» [5].деп аталатын ұжымдық монографиясын айтуға болады. Сондай-ақ М.Х. Асылбековтің теміржол көлігі кадрларын, оның ішінде ұлттық кадрларды дайындау үрдісі алғаш рет талданған «Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы мен дамуы (1917-1970)» (А., 1973) деген монографиялық зерттеуін айта кету керек.
Жоғарыда аталған жұмыстардың жарық көруі зерттеу аясы мәселесінің тарихнамасын елеулі түрде байытты. Оларда республика жұмысшыларының құрамында болған сандық және сапалық өзгерістер көрсетілген. Бұл ретте өнеркәсіпте, құрылыста және көлік қатынасы саласында жұмыс істейтін нақты индустрия жұмысшыларына ерекше назар аударылды. Республика жұмысшы табының жекелеген отрядтарының қалыптасуы мен дамуы, оның мәдени техникалық деңгейі тақырыбын зерттеу дағдылы іске айналды. Социалистік жарысты ұйымдастыру, жұмысшылардың еңбекке деген құлшынысына арналған көріністер сол жылдар зерттеулерінен көрнекті орын алды [6].
Авторлар ұжымының «Лениндік идея туы астында (Қазақстандағы пролетарлық революция мен социализмның жеңісі жолындағы күреске партиялықбасшылықтың тәжірибесінен)». (А., 1973); «Капитализмге соқпай социализмге апарар жол (1917-1937 жылдары Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген социализм кұрылысы мәселесі бойынша КОКП-ның тарихи тәжірибесі)» (М., 1974) деп аталған еңбектері Қазақстандағы социалистік құрылыс проблемасыныңтарихнамасында үлкен рөл атқарды. Оларда 1926—1937 жылдары республикада жүргізілген социалистік құрылысқа басшылық жөнінде айтарлықтай нақты-тарихи материал қамтылған. 1987—1988 жылдары академик М.Х. Асылбековтің жетекшілігімен жарық көрген авторлар ұжымының «Кеңестік Қазақстан жұмысшы табының тарихы» деп аталатын 2 томдық еңбегінде бай фактілік материалдар негізінде Қазақстандағы өнеркәсіп құрылысы мен жұмысшы кадрлардың қалыптасу үрдісі кешенді түрде зерттелінді. С.К. Жақыпбековтің «Жеңіл индустрия тарихы» (А., 1984) монографиясында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің даму тарихы қарастырылды.
3 қосымша
1 тапсырма (топтық жұмыс)
Ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға бер
Дескриптор
- мемлекеттік саясаттың 3 артықшылықтарын анықтайды
- мемлекеттік саясаттың 3 кемшіліктерін көрсетеді
«Қарлы кесек» әдісі
Жұмыс алгоритімі
1.Тиісті тапсырма беріледі.
2.Оқушылар ойларын,пікірлерін немесе ұсыныстарын өз бетінше жазады
3.Оқушылар жұп құрып, жауаптарын салыстырады . Олар өз тұжырымдарын талқылайды да, мәселе бойынша келісілген тұжырымға қол жеткізіп, оны жазып алады
4. Оқушылар топ болып, тура сол рәсімді қайталайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген