400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

9 сынып Адамның адамгершілік қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныптарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Мектеп: Қарымсақ ОМ

Сабақтың тақырыбы: АДАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕР Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық Пән мұғалімі: Хаджиева Зезаг Сыныбы: 9

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Жаратылыстағының барлығын өзіңдей жақсы көріп сүйіспеншілігімізді арнағанда үйлесімді қарым-қатынас болатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - адамдарға риясыз қызмет ету керектігін үйрету;

Дамытшылық: - айналамен қарым-қатынаста шынайылықта болуға шақыру; Тәрбиелік: - жанашырлыққа тәрбиелеу

Сәлемдесутүгелдеу,


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру.


Музыка қойылады



3. Дәйексөз

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.»

Абай

  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар


4. Әңгімелеу

Менің досым Бейбіт Қойшыбаев

1.Әженің әңгімелері адамды қандай әрекеттерге жетелейді деп ойлайсыздар? Олардан жалпыадамзаттық қандай құндылықтарды байқауға болады?

2. «Ол Русланды аяйтын көрінеді. Естимісіз, аяйды! Ал, ендеше! Руслан мұны шыбын құрлы көрмейді, ал ол... Күлемісіз, күлмеймісіз?!» деген жолдардан Көбей мен Русланның қандай қасиеттерін көресіздер?

3. Әңгіме кейіпкерінің «... робот адамгершілік сабағына мұқтаж емес... Қажет нәрсенің бәрі бағдарламаланған...» деген ойын тарқатып түсіндіріп беріңіздер.

4. Әженің аңыздарын қайта оқып шығуға Көбейде қандай қажеттілік болды деп санайсыздар?

5. Адам бойындағы қандай қасиеттер оның жеке басын сыйлы етеді? Неліктен?

6. Адамның өзін және өзгелерді сыйлауының мәні неде деп ойлайсыз?

7. Өзіңіз көпшілік алдында қандай қасиеттеріңізбен сыйлы болып жүрсіз? Қандай қасиеттеріңізден арылғыңыз келеді?


Сұрақ –жауап(пікірталас)



5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төменде берілген қанатты сөздерді мұқият оқып шығып, ой-пікірлеріңізді ортаға салыңыздар. Өзіңіз үшін қандай қасиеттерді иемденгіңіз келеді? Неліктен?

• Конфуций: «Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болуы керек: кісіге шын құрмет, кеңпейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық. Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді; Екіншісі – барлығын бағындырады; Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады; Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді; Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады».

• Ахмет Ясауи: «Адамға ащы татпай тәтті қайда? Тер төгіп тапқан абзал адал пайда. Әркімді жаратпаған тәңір жайға Өлшемі адамшылық, туралықта!»

• М. Пришвин: «Асқан ұлы бақыт – өзін ерекше санамай, барлық адамдар сияқты болу».

• Т. Фонтане: «Қарапайымдылық – ең тәуір нәрсе ғана емес, сонымен бірге ең ізгі нәрсе де».


2-тапсырма: Кестеде берілген ұғымдар мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір ұғымның өзіне сәйкес келетін анықтамасын табыңыздар.


3-тапсырма: «Қарапайымдылық дегеніміз – өзінің адамдық қадірқасиетін түсіну» (П. Буаст) деген қанатты сөзді «көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау» әдісімен талқылап, мәнін түсіндіріңіздер.


4-тапсырма: Берілген жағдаятпен танысып шығып, сұрақтарға жауап беріңіздер. Өзіңіздің ой-тұжырымдарыңызды «Менің құрдастарым» жобасының күнделігіне толтырып жазыңыз.



6. Топпен ән айту

«Сен маған сүюді үйреттің» Әні-Ербол Байырбеков,

Сөзі-Ақмарал Леубаева)

 Сен маған сүюді үйреттің,

Ұмытып кеткен едім.

Басымды июді үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ...

Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.

 Қ-сы: Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет)

 Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,

Уайымшыл бір мұң едім.

Иіскеп қысқанды үйреттің,

Құшақсыз бір гүл едім.


7. Үй тапсырмасы.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
2517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі