400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 сынып. Ашық сыныптан тыс іс-шараТақырыбы: "Қызықты физика әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Интеллектуалды сайыс сабақ. Ұстаздарға көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Қызықты физика әлемі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды сайыстыра отырып, физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық:
Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік:
Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Танымдық ойын,сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, ойын түрлері,
Көрнекілігі: слайд, презентация
Құрал- жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, презентация, кесте, карточкалар
Сабақтың барысы:
I. Кіріспе бөлім
1.Ұйымдастыру
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Сабаққа дайындығын тексеру
II. Негізгі бөлім
1. «Таныстыру»
2. «Бәйге»
3. «Ойлан тап»
4. «Физикалық жұмбақтар»
5. «Ойлы болсаң, озып көр»
6. «Кім жүйрік?»
7. «Мен ұнатқан пән»
III. Қорытынды

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Қызықты физика әлемі» атты сайыс сабағымызға 11- сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін сынайды.
Ойынға 2 топ қатысады. 1. «Күш» тобы
2. «Энергия» тобы
Сайыс 7 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.
I.Таныстыру (ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады)

II. «Бәйге»
Бұл кезеңінде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
«Күш» тобы
1. Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі? Диффузия
2. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай тең бөліп жейді? Атасы, әкесі, баласы
3. Физикалық шамалардың қайсысы жердің барлық нүктелерінде және басқа планеталарда өзгермейді? дене массасы
4. Бүкіл әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономияның ілімі? космология
5. Температураны өлшейтін құрал. Термометр
6. Күннен қашықтығы бойынша үшінші планета? Жер
7. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс қалай аталады? Бірқалыпты
8. Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі...? Материя
9. Ұзындықтың өлшем бірлігі. Метр
10. Біз таксиге не үшін жолақы төлейміз? Жол үшін
«Энергия» тобы
1. Диффузия қандай мағынаны білдіреді? Жайылу , таралу
2. Бір жанұяда 5 баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? 6 бала
3. Электр шамының сымы неден жасалған? Вольфрам
4. Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия ілімі? Космогония
5.Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама? Температура
6. Күнге ең жақын жұлдыз? Меркурий
7. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы әр түрлі жол жүрсе, ондай қозғалыс қалай аталады? Бірқалыпты емес
8. Кеңістіктегі белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені не деп атайды? Зат
9. Үдеудің өлшем бірлігі. м/с
10. Біз ұшаққа не үшін жол ақы төлейміз? Жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе? Орын ауыстыру

III. «Ойлан тап»
Төмендегі сөздердегі әріптерді физикалық шамалардың аттары шығатындай етіп, кестеге орналастырыңдар:
шкү,дықмаджыл,лож,қауты, самас, дықзытғы,лөмке,үйкісел шіүк, лықауры шіүк, мақалс,сықмы, дауан, пімліксерді шіүк.

№ Физ шама/ң
аттары Физ.шама/ң
белгіленуі
Физ. шама/ң өлшем бірлігі формуласы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13

Әрбір дұрыс жауапқа 1ұпайдан беріледі.

IV. «Физикалық жұмбақтар»
Бұл кезеңінде әр топқа 8 жұмбақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

«Күш» тобы
1. Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. ( жол)
2. Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (уақыт)
3.Алтын теңге кетеді, күміс теңге келеді? (Күн мен ай)
4. Отқа салса жанбайды, суға салса батпайды? ( мұз)
5. Жылт-жылт етеді, жылғалардан өтеді? ( су)
6.Мөлдір көкте бір ғана, шоқтай жайнап, тұр дара? ( шолпан)
7. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты.
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? ( жылдамдық)
8. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде.
Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан (энергия)
«Энергия» тобы:
1. Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді (үдеу)
2. Жәй көзге көрінбейді, қозғалуға ерінбейді? (молекула)
3. Күш көбейсе артады,
Аркадан артқа тартады.
Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады? ( қысым)
4. Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл? ( масса)
5. Айсыз түнде қараңғы, түнекте де боранды.бір орнынан жылжымай, бағыт бере жылжымай, қандай жұлдыз шырағы, жол көрсетіп тұрады?
( жетіқарақшы)
6. Жартысы жадыратып нұр себеді, қалғаны қара мақпал бүркенеді?
( күн мен түн)
7. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым? ( шаңғы)
8. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді ( күш)
V. «Ойлы болсаң, озып көр»
Бұл кезең бойынша 4 тақырыпқа сәйкес тапсырмалар қойылып, деңгейіне қарай ұпайлары беріледі.
Тақырыптары Ұпайлары
1) Формулалар 10 20 30 40
2) Өлшеуіш құралдар
3) Өлшем бірліктер
4) Ұлы адамдар


1) Формулалар.
10. Дененің тығыздығы мен көлемінің көбейтіндісі .....
20. Деформацияланған серіппенің потенциялдық энергиясы..
30. Істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлсек қандай физикалық шаманы алуға болады, қалай жазылады.
40. Ыдысқа һ биіктікке дейін су құйылған сол судың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымын қалай анықтауға болады.

2) Өлшеуіш құралдар. (Қандай физикалық шамаларды өлшеуге арналған құрал?)
10. Т а р а з ы -
20. Д и н о м о м е т р -
30. Борометр – анероид –
40. Т е л е с к о п –

3) Өлшем бірліктер.
10-ұпай. Тығыздықтың өлшем бірліктерін ата. ...
20-ұпай. Еселі өлшем бірліктер - гекто, кило, мега қалай жазылады. Үлестік өлшем бірлік –онның минус екі ,минус үш ,минус алты дәрежелері қалай оқылады
30-ұпай. Қандай физикалық шамалардың өлшем бірліктері бірдей .
40-ұпай. Бір киловатт – сағат (кВт. сағ) джоульмен өрнекте

4) Ұлы адамдар.
10-ұпай. Физика гректің фюзис –табйғат дегенді білдіреді.Бұл сөздің ғылыми мағанасын байытуда тарихта(екінші ұстаз) атанған біздің ұлы бабамыз
(Әбу Насыр әл-Фараби.)
20-ұпай. Ертедегі грек ғалымы барлық заттар б өлінбейтін өте кішкентай ұсақ бөлщентерден түрады деп жорамал жасаған және ол бөлшекке атау берген кім. ( Демокрит)
30-ұпай. «Жер қозғалмайды» деген жобаны теріске шығарып Жер өз осін айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңестікте Күнді айнала қозғалады деп көрсеткен және аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасауда 324 шаманы есептеп шығарған ұлы поляк ғалымы кім. ( Николай коперник.)
40-ұпай. Барлық кеңестікті жайлаған тартылыстан «жеті қат көкке ұшсақтақ», «жеті қабат жер астына енсек те құтыла алмаймыз , әлемдегі денелердің бір біріне тартылуы яғни бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын ғалымы кім. (Исаак Ньютон.)







VI. «Кім жүйрік?»
(Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады) уақыт 5 минут.
1. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см2, оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см2. Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.
2. Өлшемдері 4×0,3×0,25 м темір бетонды тақтай жартылай суға батырылған. Оған әсер етуші архимед күші қандай?
3. Болаттан жасалған серіппе 120 Н күштің әсерінен 15 мм-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы қандай?
4. Массасы 70кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті =0,3


VII. «Мен ұнатқан пән»

Тарих
1. Пирамидалардың отаны (Мысыр)
2. Суяб қаласы қандай өзеннің бойында орналасқан? (Шу өзені)
3. Ұлы Қытай қорғаны не үшін салынды? (Елді жаудан қорғау, Қытай халқын елдент шығармау үшін)
География
1. Жердің ең төменгі қабаты? ( Тропосфера)
2. Есіл бойындағы жаңа қала (Астана)
3. Ең үлкен құрлық (Азия)
Математика
1. Үш пар ат 30 км- ге шапса, әр ат қанша км- ге шапқан? (30 Км)
2. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
3. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы? (180)
Әр түрлі
1. Аспан әлемін зерттейтін пән? (астрономия)
2. 100 жылдың басқа атауы? (1 ғасыр)
3. Екі қатынастың теңдігі? (Пропорция)


• Сергіту сәті (Кел, күлейік)
• Бұл не?
Оның түсі - ақ. Ол бір орында тапжылмай тұр деп ойлаймыз. Толық айналым уақыты - 225-250 миллион жыл. Ол атом реакторы іспетті. Оның сыртының температурасы Кельвин шкаласы бойынша, 1 миллион градус болса, ішкі температурасы бар-жоғы 6 000 К. /Күн/
• Бұл қай жануар?
Адамға қарағанда 6 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіреді, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады /Мысық/
Қорытындылау

Ғылымдардың нақтысы, жалқаулықты сүймейтін.
Оңайлықпен бас имейтін, оқымасаң миыңа кірмейтін.
Жалпылауды білмейтін, пәннің қиыны да жақсысы.
Оның қиындығы сонда,
Келмейтін қолға, көрінбейтін көзге торға,
Бөлшектерді іліп, санайтынын қайтерсің.
Ол, исі жоқ, түсі жоқ өріспен
Қуалап салар жолға.

Өте ұсақ пен алыпты,Мұнай мен жарықты
Пайдаланып, не бір техникаға жарытты.
Тұрмысты жеңілдетіп, қиындықтан арылтты.
Физика ғылым болғалы,Пайдасын елге тигізді.
Машина, темір арбаны, Алысқа жылдам жүргізді.
Жарық қып жерді қараңғы, От жақпай суды қайнатты,
Шөліркеген далаңды, Су жеткізіп жайнатты

Физика заңымен Архимед,
Көрсе де біршама тауқымет.
Патшаның тәжінің қаншасы
Таза алтын екенін айтып ед.
Жатқанда алма ағаш қасында
Түскен кеп бір алма басына
Ньютонды әлемге әйгілі еткен
Тартылыс күші ашылғанда.
Қызықты физика әлемі,
Көп онда қызықтар әдемі.
Физика қоршаған жан-жағын,
Бәрінен құр босқа қалмағын.

Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рахмет!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
1787
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі