400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 сынып география қмж. Қазақстандағы табиғи зоналар мен биіктік белдеулері

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпқа арналған Қазақстандағы табиғи зоналар мен биіктік белдеулерін тақырыбында қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

3.Физикалық география. 3.4 Биосфера

Педагогтың аты-жөні

Серікбай Д.Ж

Күні

12.01.2026ж

Сынып: 9А

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы табиғи зоналар мен биіктік белдеулері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.4.1 Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулеріне салыстырмалы талдау жасайды

Сабақтың мақсаты


Қазақстандағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін анықтау;

Қазақстандағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін сипаттау;

Қазақстандағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін картадан көрсету.

Бағалау критерииі

Қазақстандағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін анықтайды

Қазақстандағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін сипаттайды

Қазақстандағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін картадан көрсетеді

Құндылықтар

Заң және тәртіп” айы

Тәртіп - тәрбие бастауы”

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

0-10 минут

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады:

Алтай тауындағы табиғи зоналардың алмасуын түсіндір?

Қандай биіктікте мұздықтар мен қар жұрнағы басталады?

Табиғи зоналардың шегаралары шығысқа қарай төмендейтін ерекше сипатқа ие болады?

Шөл даланың неше түрі бар?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырамын

Оқушыларға сұрақтарға жауап береді, өз ойымен бөліседі.

Сұрақтарға жауап береді

Әр дұрыс жауапқа 1 балл

https://youtu.be/G5g0VKVDw48?si=JbLwBh15Pzb3m5L9 (сергіту сәті)

Жаңа сабақты түсіндіру

10-15 минут




Жаңа сабақты түсіндіру

Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулік тақырыбында бейнеролик көрсетіледі.

Табиғи зоналар - ендік бағытта созылған және жазық жерлерде өсімдіктерінің құрамымен, топырағымен және жануарлар әлемімен сипатталатын, жердің белгілі бір сипатын беретін ауқымды жерлер.

Қазақстан аумағында төрт зона бар. Олар: орманды дала, дала, шөл және шөлейтті жерлер.

Орманды дала -солтүстік аудандарда орналасқан және адамдардың тіршілік етуіне өте қолайлы жағдайлар жасалған. Жазы қоңыр салқын, қысы қатты, жылына 370-430 мм жауын-шашын түседі.

Дала - Қазақстанның мақтанышы. Бұл әлемдегі ең ауқымды құрғақ далалы жерлердің бірі. Еліміздегі осы бірегей биологиялық кешеннің 35%-ы өзінің бастапқы түрінде сақталған. 2,6 млн гектардай табиғи дала сулы алқаптарымен бірге ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұрасына енген аумақты құрайды.

Шөлейттер дала мен шөл даланың арасындағы өтпелі зона тәрізді, ел аумағының 13%-ын алып жатыр. Шөлейт жерлерде жамылғысы аз, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер өседі.

Шөл дала - кең алқапты Каспий теңізінен бастап тау бөктеріне дейінгі жерлерді және еліміздің аумағының 45%-ын алып жатыр. Қазақстанның шөл далаларына тақыр мен сор жерлер тән.

Таулы жерлерде ендік зоналылық биіктік белдеулігіне ауысады. Биіктік белдеулігі - тау биіктігіне байланысты географиялық зоналардың заңды өзгеруі. Географиялық белдеулер мен табиғи зоналар тауларда заң бойынша тік зоналылыққа ауысады.

Керек анықтамаларды жазып алады


https://youtu.be/XPXOGfvozK4?si=hVEttSzacMNOEZJO (Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулері)



Ортасы

15-35 минут

  1. тапсырма. Сөйлемдерге анықтама беріңдер.
    Табиғат зоналары - ..............
    Ендік зоналылық - ...............
    Биіктік белдеулілік - ............


Сөйлемдерге анықтама береді


Дескриптор

-табиғат зонасына анықтама береді;

-ендік зоналылық пен биіктік белдеулілік терминдеріне анықтама береді

2 балл










2-тапсырма. Қазақстанның табиғат зоналарын кескін картаға түсіріңіз.

3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Қазақстанның табиғат зоналары кестесін толтырыңыз




Wordwall арқылы өзара оқыту сабағында алған білімдерін тексеру:


Қазақстандағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін анықтап, картадан көрсетеді.






Қазақстандағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін сипаттайды


















Сұрақтарға жауап береді








Дескриптор

-Қазақстандағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін анықтайды,

-Қазақстанның табиғат зоналары мен биіктік белдеулерін кескін картадан көрсетеді

2 балл





Дескриптор

-табиғат зоналарының климатына сипаттама береді;

-табиғат зоналарың топырақ типтерін анықтайды;

-табиғат зоналарының өсімдіктер дүниесін сипаттайды;

-табиғат зоналарының жануарлар дүниесін сипаттайды

4 балл









Дұрыс жауапқа 1 балл






































https://wordwall.net/resource/83735037

Сабақтың соңы

35-40 минут


С абақты қорытындылау.

Кері байланыс

Рефлексия

«Бүгін мен білдім...»

«Маған ең қызықты болған...»


Мұғалім оқушыларды бағалайды.







Кері байланыс жасайды




Үйге тапсырма. 31 тақырыпты оқу.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.01.2026
12
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі