9 сынып география тест ББЖМ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

9 сынып география тест ББЖМ

Материал туралы қысқаша түсінік
6 нұсқадан тұратын тест жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. сынып 1-нұсқа

1. Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбегі:

А) «Жайсаң көлі» В) «Жоңғар очерктері» С) «Жылнамалар жинағы»

Д) «Қырғыз өлкесі» Е) «Арал теңізі»

2. Тау, ойпат, үстірттердің атауы:

А) дромонимдер В) хоронимдер С) ойконимдер Д) оронимдер

Е) урбанонимдер:

3. Жер қыртысының тегіс, тұрақты бөлігі

А) жота В) қатпарлы белдеу С) платформа Д) геосинклиналь Е) қалқан

4. Алюминий кластері қалыптасқан қала:

А) Балқаш В) Павлодар С) Петропавл Д) Қостанай Е) Арқалық

5. Инверсия кезінде ауа температурасы биіктік бойынша:

А) төмендейді В) көтеріледі С) алдымен төмендейді, содан соң көтеріледі

Д) өзгермейді Е) сәл ғана өзгереді

6. Көшіп келушілер мен көшіп кетушілер арасындағы айырмашылық

А) табиғи өсім В) көші-қон сальдосы С) көшіп келу ағыны Д) өлім-жітім

Е) депопуляция

7. Еліміздегі көлік жүйесінің «қаңқасын» құрайтын:

А) теміржолдар В) өзен жолдары С) әуе желілері Д) құбыр желілері

Е) автомобиль жолдары

8. Қоңыр көмірді қандай алапта өндіреді?

А) Қарағанды В) Қаражыра С) Шұбаркөл Д) Екібастұз Е) Майкүбі

9. Қазақстан Каспий теңізі арқылы шектесетін ел

А) Түркия В) Иран С) Ауғанстан Д) Сирия Е) Грузия

10. Қазақстанмен шекарасы ең ұзын ел

А) Ресей В) Қытай С) Өзбекстан Д) Қырғызстан Е) Түрікменстан

11. Жер сілкінісін қандай құралмен анықтайды?

А) гигрометр В)нивелир С)сейсмограф Д)барометр Е) анемометр

12. Қазақстанда уақытша ағыстарды қосқанда ...... өзен бар.

А) 85000 В) 7 С) 8300 Д) 2 млн Е) 500

13. Сарқылмайтын табиғи ресурстар

А) топырақ В) мұнай С) көмір Д) күн энергиясы Е) табиғи газ

14. Қаратау жотасында мына кендер көп орналасқан:

A) алтын, күміс B) мыс, молибден C) боксит, мырыш

Д) фосфорит, полиметалл E) мырыш, магний

15. Қазақстанда күз бен көктемде қандай ауа массасының әсерінен температура төмендеп,үсік жүреді?

А)қоңыржай В) арктикалық С) тропиктік Д) антарктикалық Е)субтропиктік

16. Қазақстанда ең көп жауын –шашын түсетін жерді көрсетіңіз?

А) Батыс Алтай В) Каспий маңы ойпаты С)Батыс Сібір жазығы

Д)Арал маңы Қарақұмы Е) Балқаш маңы

17. Ертіс өзенінде салынған СЭС:

А) Көшім В) Дөңгелек С)Шардара Д) Қапшағай Е)Бұқтырма

18. Жер бедерінің құрылысы,шығу тегі,даму тарихы,қазіргі өзгерістері мен таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы:

А)гидрология В)геоэкология С)геоморфология Д)биогеография Е)геология

19. Көмірді шахталық әдіспен өндіретін алап

А) Қарағанды В) Майкүбі С) Екібастұз Д) Шұбаркөл Е) Обаған

20. Ең жаңа тіршілік эрасы:

А) кайназой В) мезозой С) палеозой Д) архей Е) протерозой



  1. сынып 2-нұсқа

  1. Авторлар ұжымының көлемі 300 бет болатын басылымда жарық көрген тақырыптық ғылыми жұмысы:

А) ғылыми мақала В) монография С) қабырғалық баяндама Д) баяндама тезистері Е) ғылыми баяндама

  1. Елді мекендердің (қалалар, кенттер, ауылдар) атаулары:

А) ойконимдер В) оронимдер С) хоронимдер Д) урбанонимдер Е) дромонимдер

3. Биіктігі 200 м-ден аспайтын жазықтар:

А) ойпаттар В) үстірттер С) қыраттар Д) аласа таулар Е) ойыстар

4. Қарақия ойысындағы биіктік белгісі

А) -57 м ) -86 м С) -153 м, Д) -132м Е) -405 м

5. Қазақстандағы титан-магний өнеркәсібінің орталығы:

А) Орал В) Қызылорда С) Жезқазған Д) Павлодар Е) Өскемен

6. Тура және шашыранды бірігіп...... құрайды:

А) жиынтық радиацияны В) жұтылған радиацияны С) шағылған радиацияны Д) жалпы радиацияны Е) толық радиацияны

7. Мына ауа массалары жыл бойы суық, әрі құрғақ:

А) экваторлық В) тропиктік С) құңыржай Д) арктикалық Е) субэкваторлық

8. Өзендегі су деңгейінің тұрақсыз, қысқа мерзімде көтерілуі:

А) режимдер В) су жайылымдары С) су тасуы Д) судың қайтуы Е) су шығыны

9. Қазақстандағы облыстар саны

А) 12 В) 17 С) 14 Д) 15 Е) 16

10. Қазақстанның қара металлургия орталығы:

A) Шымкент B) Теміртау C) Жезді Д) Көкшетау E) Кентау

11. Көмірді шахталық әдіспен өндіретін алап

А) Қарағанды В) Майкүбі С) Екібастұз Д) Шұбаркүл Е) Обаған

12. Сарқылмайтын табиғи ресурстар

А) топырақ В) мұнай С) көмір Д) күн энергиясы Е) табиғи газ

13. Өзендегі су деңгейінің тұрақсыз, қысқа мерзімде көтерілуін:

А) режимдер В) су жайылымдары С) су тасуы Д) судың қайтуы Е) су шығындары

14. Қазақстанда уақытша ағыстарды қосқанда ...... өзен бар.

А) 85000 В) 7 С) 8300 Д) 2 млн Е) 500

15. Қазақстандағы ең үлкен мұздық:

А) Шумский В) Үлкен Берел С) Солтүстік Инылчек Д) Корженевский Е) Федченко

16. Қалпына келмейтін табиғи ресурстар

А) пайдалы қазбалар В) орман ресурстары С) жер ресурстары

D) су ресурстары Е) жел энергисы

17. Қазақстанның негізгі табиғи байлықтары

А) су ресурстары В) орман ресурстары С) жел энергиясы

Д) су энергетикалық ресурстар Е) минералдық ресурстар

18. Жердің қозғалмайтын тұрақты бөлігі:

А) геосинклиналь В) антиклиналь С) қатпарлы таулар Д) синклиналь Е) платформа

19. Қазақстанның Еуразия құрлығындағы орналасу жағдайы:

А) теңіз жағалаулық В) шет С) орталық Д) құрлықішілік Е) қиыр шет

20. Өте ежелгі тіршілік эрасы:

А) кайназой В) мезозой С) палеозой Д) архей Е) протерозой


Жауаптары:

1-нұсқа 2-нұсқа

1. В 1. В

2. С 2. А

3. С 3. А

4. В 4. Д

5. В 5. Е

6. В 6. А

7. А 7. Д

8. Е 8. С

9. В 9. В

10. А 10. В

11. С 11. А

12. А 12. Д

13. Д

14. Д. 13. С

15. Д 14. А

16. А 15. Д

17. Е 16. А

18. Е 17. Е

19. А 18. Е

20. А 19. Д

20. Д

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.03.2024
839
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі