400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 сынып Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Ми діңінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру. Адам миының үш бөлімнен тұратындығын,олардың бір-бірінен құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін ажырата білу Сабақтың түрі: қайталау, аралас сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары

Сабақтың мақсаты: Ми діңінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру. Адам миының үш бөлімнен тұратындығын,олардың бір-бірінен құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін ажырата білу

Сабақтың түрі: қайталау, аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: ми құрылысы суреті. Жүйке жүйесі таблицасы

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Жеке тапсырма. а\ Берілген сөйлемді аяқта

б\ Кесте толтыру.

Оқулықтағы 50 бет.

Қызығушылықты ояту.

1.Эвристикалық сұрақтар

Мағынаны тану.

Топпен жұмыс. Ойлан,талқыла.

Ой толғаныс.

1 жұмыс \.Талдау бөлімі: \Топпен жұмыс\ Ми бөліктерінің құрылысы және қызметі кесте толтыру.

2-жұмыс: (І-ҮІ) сұрақтарға ( 1-6) жауапты таңдап алып,сәйкестендіріңіз.

3-жұмыс: Сәйкестік тесті:

Мұнда бірінші бағанада сұрақтар,екінші бағанада жауаптар беріледі.

Жауаптарын дұрыстығына орай сәйкес тауып жазыңыз.

4 жұмыс “Кім жылдам” /сұраққа жауап/

5-жұмыс

а\Тест сұрақтары.

в\ Сөйлемді жалғастыр \Жұппен жұмыс\ \Көршіңе көмектес\

 Кезекті оқу

3. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі

Тақырыпты оқу

1– 4 сұрақтарға талдау жасау

5 — 8 сұрақтарға жауап беру

5 сұрақтан тұратын сауалнама сұрақтарын дайындап келу.

Топтық жұмыс: Қазақстандағы миды зерттеу орталықтары туралы материалдар іздеу.Интернет,мерзімдік баспасөз материалдарын пайдалану

3. Жаңа тақырыпты меңгеру:

Рефлексия: Білетінім, Білгім келеді?

Жоспары:

а\Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру.Қызығушылықты ояту.

Жұлынның қызметін қай мүше реттеп отырады? Жұлын қай мүшемен жалғасып жатыр?

1. Атақты адамдардың ми салмақтары

2.Эвристикалық сұрақ: Адамның миының салмақтылығына қарап,адамды ақылды санауға бола ма?

3.Адам миының зерттелу тарихы

4.Бағыттау. Мұғалімнің бастама ұғымдарды беруі

Мидың құрылысы туралы ақпарат беру.

5. Мағынаны тану. Топтық жұмыс Сілтеме материалдарды қосымшаға пайдалану.

Ресурстар: Ойлан,жұптас,талқыла.

Совет фантаст-жазушы Александр Беляевтың өткен ғасырда жазған ғажайып «Профессор Доуэльдәі басы» деп аталатын шығармасы бар. Ол шығармада Ұлы профессор-нейрохирург Доуэль өзінің өлімінен кейін тірі болған .Физикалық тұрғыдан болмасада,оның басы денені күрделі операция жасау арқылы денесінен бөліп алынып,түрлі түтіктер арқылы басты оттегімен және түрлі қоректік негізі бар сұйықтық заттармен қамтамасыз етіп, бастың физикалық тұрғыдан ғана емес, сергектік,ұйқы,көңіл-күйдің де сақталғанын байқаған. Осы әрекет қазір мүмкін бе? Неліктен адам миын «өте тереңде жатқан жұмбақ» деп атайды.

-Мүмкін адам миы әлі толық зерттеліп болмағандықтан болар.

-Ендеше осы сыры ашылмаған миды зерттеуді алдағы уақытта сіздердің араларыңыздан шыққан нейрохирургтар, физиологтар,дәрігерлер зерттеп білетін болар.

- Өмірде кездескен жағдайлардың ішінде мынадай да оқиғалар бар. Жұлыны зақымдалып, мүлде жұмыс жасамай қалған кезде де ол өмір сүруін және ойлау жұмысын жасай береді.Неге?

Тақырыпты оқулықтағы материалдан меңгеру.Жигсо-2 әдісін пайдалану Топ болып берілген материалды игеріп,ішінен көшбасшы сарапшылар тобына барып берілген ми бөлігі туралы тапсырмалар мен сұрақтарын алып топ болып жауап береді.

5.Ой толғаныс. Іздену жұмысы: Оқушылардың үйден дайындап келген миды зерттеу туралы қосымша ақпараттарымен бөліседі

 

6. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс.

а\Қай жауап дұрыс

1. Ересек адамның миының орташа салмағы:

А. 950 г.аз

Б. 950 – 1100 г.

В. 1300-1400 г.

2. Адам миы қандай бөліктерден тұрады:

А. Жұлын мен үлкен ми сыңарларынан.

Б. Мишық пен үлкен ми сыңарларынан.

В. Ми діңі,мишық және үлкен ми сыңарларынан.

3.Сопақша ми қай мимен жалғасады:

А. Ортаңғы мимен

Б. Жұлынмен.

В. Аралық мимен.

4. Жарық пен дыбысқа жылдам реакция көрсететін ми:

А. Ортаңғы ми.

Б. Мишық.

В. Үлкен ми сыңары.

 б\.Талдау бөлімі: \Топпен жұмыс\ Ми бөліктерінің құрылысы және қызметі

 в\ Сөйлемді жалғастыр \Жұппен жұмыс\ \Көршіңе көмектес\

Ересек адамның миы ағзаның 2 %-ын құрайды.

Адам миы негізгі үш бөлімнен:

ми діңі,мишық,үлкен ми сыңарынан тұрады.

Сопақша мидың сұр затының ядросы арқылы тіршілік үшін маңызды көптеген рефлекстердің доғасы өтеді

\ Қара да есіңе сақта

2-жұмыс: (І-ҮІ)сұрақтарға ( 1-6) жауапты таңдап алып,сәйкестендіріңіз:

І. Ми қайда орналасқан?

ІІ . Орташа салмағы қанша?

ІІІ .Қанша жасқа дейін өседі?

ІҮ. Ми қандай бөліктерден тұрады?

Ү. Ми қарыншалары дегеніміз не? Олар нешеу?
ҮІ .Ми сұйықтығы жайлы не айтамыз?

 3. Ми қарыншаларында болады, түссіз,құрамында қан жасушалары мен ақуыз болады.Бұл бұзылса ,ми қызметі бұзылады.

2. Ми бөліктері өзара қатынасатын қуыс,4.

3. 1300-1400гр.

4.Бассүйек қуысында орналасқан.

5 . 20 жасқа дейін өседі.

6. 5 бөліктен тұрады- үлкен ми сыңарлары, аралық ми,ортаңғы ми,мишық,сопақша ми.

Жауабы: І- 4 ,ІІ- 3 ,ІІІ-5 ,ІҮ-6 ,Ү-2 ,ҮІ-1 .

3-жұмыс: Сәйкестік тесті:

Мұнда бірінші бағанада сұрақтар,екінші бағанада жауаптар беріледі.

Жауаптарын дұрыстығына орай сәйкес тауып жазыңыз.

І. Адам миының ең жақсы дамыған бөлігі: 1.Сопақша ми

ІІ.Тепе-теңдік қызметін реттеуші ми: 2.Аралық ми

ІІІ.Бағдарлау рефлексі қай ми бөлігі арқылы өтеді? 3. Үлкен ми сыңарлары

ІҮ.Қозғалтқыш рефлексі мидың қай бөлігіне байланысты? 4 .Мишық

Ү.Ішкі жүйке жүйелер қызметін реттейтін ми. 5.Ортаңғы ми

Жауабы: І- 3 ,ІІ- 4 ,ІІІ- 5 , ІҮ – 2 , Ү- 1 .

4 жұмыс “Кім жылдам” /сұраққа жауап/

1.Адамның қимыл -әрекетін реттейтін ми бөлімі: \Мишық\

2.Сопақша ми,ми көпірі, ортаңғы ми нені түзеді? \ қозуды өткізу тізбегін\

3.Бұлшық еттің жиырылуын,ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін ми бөлігі?\аралық ми\

4.Мидың қабықшалары:\қатты,торлы,қан тамырлы\

5.Ми бағанасы мен ми сыңарларының астыңғы бөлігі \ми табаны\

6. Мидағы қарынша саны \4\

7.Ми сұйықтығы қалай аталады? \ликвор\

Тест сұрақтары:

1.Адам миының ең жақсы дамыған бөлігі:

А) мишық б)үлкен ми сыңарлары в)сопақша ми

2) Ми қабықшасы қандай ретпен орналасады:

а)торлы,қатты,қан тамырлы б)қатты ,торлы, қан тамырлы

3) Ми бағанасы неден тұрады?

а) сопақша ми,мишық,ортаңғы ми,аралық ми

б) ми көпірі,ортаңғы ми,аралық ми,сопақша ми

4) Ми көпірі мен мишық қай мида болады?

а)аралық ми б)ортаңғы ми в)артқы ми

 Ү.Қолдану бөлімі /психологиялық жаттығу орындау\

  Есіңе сақта:

Балалар жас кезімізден терең білім алып сергек болу үшін жүйке жүйесін қорғаудың қандай ережесін білу керек? \Кластер құру\ \Қажетті сөзді теріп жаз\

-жақсы көңіл –күй өмірді ұзартады.

-таза ауада жүруді дағдыға айналдыр

-жүйкені қорғайтын ең жақсы нәрсе –ұйқы

-қажетсіз ақпарат жүйкенің жауы

/қатты шу, даңғаза музыка /

-жүйкені қорғайтын ең сенімді жол –

имандылық ,жүйкенің досы –сабыр.

 7\Кері байланыс: Рефлексия

3 бөлімін толтырады

Оқушының аты –жөні______________________________________

 

Бұрын білгенім

Бүгін үйренгенім

Үйренгім келеді?











 

8\Үй тапсырмасы:

Тақырыпты оқу

1– 4 сұрақтарға талдау жасау

5 — 8 сұрақтарға жауап беру

5 сұрақтан тұратын сауалнама сұрақтарын дайындап келу.

Топтық жұмыс: Қазақстандағы миды зерттеу орталықтары туралы материалдар іздеу.Интернет,мерзімдік баспасөз материалдарын пайдалану

  9\Бағалау. Алынған ұпайларын критерийге сәйкес бағаға айналдыру









Ми (дұрыс айтылуы — мый) — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.

Ми бөлімдерінің қызметі

Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.

Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.

Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.

Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.

Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.

Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.

Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.

Нервтердің бір жұбы — кез келген жүйке миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.

Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең – түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты. Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да). ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, ми қызметі біртіндеп ми қыртысына ауысты. Адамда мидың одан әрі дамуы – оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам миының салмағы 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мысалы, дарындылығы деңгейлес екі жазушы – Иван Сергеевич Тургеневтің миының салмағы – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салмағы – 1017 г.[1]

Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.

Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.

Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.

Ми бөлімдері

Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

  1. сопақша ми;

  2. мишық (артқы ми);

  3. ортаңғы ми;

  4. аралық ми;

  5. алдыңғы ми сыңарлары.

  1. Сопақша ми - жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы - сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тынысалу, қан тамырларын, аскорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.

Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1) қорғану (жөтелу, құсу, түшкіру, жас болу, көзді жыпылықтату); 2) тамақ (ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездері); 3) жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу; 4) өз-өзінен жұмыс істейтін тынысалу орталығы өкпе жұмысын жақсартады; 5) есту ақпараттарын басқарады. Жұлын сияқты сопақша ми қозуды жұлыннан мидың басқа бөлімдеріне өткізеді. Егер сопақша ми зақымданса, тынысалу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.

  1. Артқы миға - мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінің өткізгіш доғасы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық - сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.

  2. Ортаңғы ми - артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгішжүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді. Тізбесі берілген ми бөлімдерінің мишықтан басқалары ми бағанасын құрайды. Одан 12 жүп бассүйек-ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер көру (II жұп), есту (VIII жұп), көзді қозғаушы (III жұп), кезеген (X жұп).

  3. Аралық ми - ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері(гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б.рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
1457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі