400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 сынып. Мінез - адам көрсеткіші. Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Мектеп: Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзiм: 5.12.2018 №13 сабақ

Тақырып: Мінез - адам көрсеткіші

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: мәдениеттілік, жауапкершілік, сыйластық.

Мұғалiм: Куандыкова А.К. Класс: 9 А Оқушылар саны: 20


Сабақ мақсаты: оқушыларға шыншылдық, адалдық, уәдеге беріктік, сенімділік, өз ісіне деген сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу


Міндеттері:

- мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;

- жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;

- адамгершілікке тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Денеңізді босатып, тынышталыңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған даусы естіледі. Сіз жеңіл демалудасыз, сіз күш-қуатқа толысыз. Жер-Анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты. Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп, сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!


Сабақ барысын талдау:





Жаңа ақпарат

Оқушылармен жаңа тақырып, оқу мақсаты талданады. Түсіндірме жүргізіледі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста мінез-құлықтың алатын орны туралы ақпарат беріледі.

Презентация

Мәтінмен жұмыс

Адамның мінез-құлқы туралы түсініктерін кеңейту, өз көзқарасы мен қылықтарын, сондай-ақ өзге адамдардың көзқарастары мен қылықтарын талдай білуі және сыни тұрғыдан бағалайалуы мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі.

1 - топ. Мінездің фенотипі

2 -топ. Мінездегі қасиеттер жүйесі

3 - топ. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы

4 - топ. Дән мен тас ертегісі


Таратпалар


Оқулық

9 сынып

Мұғалімнің сыйы

1 - топ. Саусақтар арқылы адамның мінез-құлқын анықтау әдістемесі

2 -топ. Геометриялық фигуралар арқылы мінез-құлықты анықтау әдістемесі

3 - топ. Психологиялық сауалнама

4 - топ. Түсіне қарап мінезін байқаңыз


Оқушылар кіші топтарда әдістемені талдап, сыныпқа жүргізеді.


Таратпалар


Қорытынды. Сәйкестендіру тапсырмасы

1. Адалдық

А)тал бойына кісі баласын шаң тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән қасиет

2. Шыншылдық

Ә)адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы

3. Кесір

Б)жел сөзге әуес, жоғын-бардай, түйірін нардай ғып көрсетіп, болмасты-болдырып, оңбасты-оңдырып, ауызбен қырман орып, жақсы атансам деген адамға тән қасиет

4. Паң

В)құнды адами қасиет, шындықты айту, алдамау, растау қабілеті

5. Кербез

Г)жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп әр сөзге кесірленіп, қитығып, алдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән қасиет

6. Мақтаншақ

Д)бойын түзеп, баптанып, кез-келген адмға әсем көрінгенсіп, жақсыны-киіп, жылтырақты-жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адмға тән қасиет



Оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Таратпа




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі