Материалдар / 9 сынып МОДО тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9 сынып МОДО тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен 9 сыныпқа арналған МОДО тапсырмалары. Тест тапсырмалары
Авторы:
03 Қазан 2023
5663
619 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі

Менің әкем

Мен туғанда, әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жарықтық әкемді: «Балаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды», - деп отырар еді. Әкем өз бетінше талпынып жүріп, ескіше сауатын ашып алыпты. Өмір бойы өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол есеп-қисапты тәуір білетін. Тіпті орыс әліпбиін де ежіктеп оқи беруші еді. Жас күнінде ағаш ұстасы болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе, зергерлікті жақсы көрген. Біздің елде одан өткен зергер-ұста болмаған. Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын, бірақ жатқа айта алмаушы еді.
Момыш әкем ат жалын тартып мініп, бозбала халге жеткенде, Имаш бабам шаруа билігін соның қолына беріпті. Ауылдағы келін-кепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды Қызтумас әжемнің өзі де «Момыштан сұраңдар, Момыш біледі» деп отырады екен. Ағайын-туған арасындағы алыс-беріс, көші- қон мәселесі, ас-той, дау-дамай - бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген.
Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып келгенше тірлікті соған қаратып, жолын күтіп отыратын болған. Имаш бабамның көзінің тірісінің өзінде біздің шағын ауылды - «Момыш ауылы» дейді екен. Әкемді жиырма сегіз жасында ауылдың старшыны сайлапты. Он жеті жыл старшын боп тұрып, он сегізінші жыл дегенде, бұл дәрежесін өз ықтиярымен құрдасы Ереш деген кісіге берген екен.
Әкем жарықтық өмірінің ақырына дейін ел арасында «Тура Момыш» атанып кетті. Қанша жыл аз ауылдың кішігірім әкімі болса да, бүйірі томпайып, мал біткен емес. Бар байлығы жалғыз аттан артпапты. Әйтсе де кедейдің қолы жомарт. Әкемнің қызғаншақтық, бақталастық дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған. Бары болса, кісі шақырып, той-томалақ өткізуге құмар боп тұрар еді. Дүние, мал жиюды жек көретін. Әкем базардан қайтқан күні біздің үйде кішігірім той сияқты жиын болатын. Қоржынның екі басы базарлыққа толып келеді. Сонда өрік-мейізге бір тойып қаламыз. Бала біткен сондықтан әкемді жақсы көретін. Асылы, істеген жақсылығынды бала жақсы біледі. Кейбір үлкенге істеген жақсылығың зая кетеді. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Ол қуанса - шын қуанады. Момыш әкемнің осы қасиеттері - маған өмірлік өнеге.

Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»

1.Әжесінің мінезіне сәйкес келетін нұсқа *

Адуынды

Момын

Алаңғасар

Біртоға

Тұйық



2.Момыштың старшындық дәрежесін кұрдасына берген кездегі жасы *

40

17

28

46

18





3.Әкесінің ел ішіндегі беделінің дәлелі *

Елде сақина-білезік соғатын одан өткен зергердің болмауы

Әкемнің ауылды бір шыбықпен айдайтын тентектігі

Кісі шақырып, той-томалақ өткізуге құмарлығы

Мәселені онсыз шешпей, сапардан қайтуын күту

Өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа түсуі



4.Әкесінің ел арасындағы аты *

«Ақын Момыш»

«Зергер Момыш»

«Қолы ашық Момыш»

«Тура Момыш»

«Старшын Момыш»



5.Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтел *

Атадан бала,Мойыннан жаға озбайды.

Ата - балаға сыншы.

Әкесі құрдастың - баласы құрдас.

Жеті атасын білген Жеті елдің қамын жер.

Тегінде бар тегі озар



6.Әжесінің үміт күткен баласы *

Момыш

Ереш

Әкім

Имаш

Бауыржан



7. Мәтіннен қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табу *

-Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып келгенше тірлікті соған қаратып, жолын күтіп отыратын болған

-Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын, бірақ жатқа айта алмаушы еді.

-Ол қуанса - шын қуанады

-Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті

-Он жеті жыл старшын боп тұрып, он сегізінші жыл дегенде, бұл дәрежесін өз ықтиярымен құрдасы Ереш деген кісіге берген екен.







8. Сөйлемнен меңгере байланысқан тіркесті табу. Әкем базардан қайтқан күні біздің үйде кішігірім той сияқты жиын болатын. *

Біздің үйде

Кішігірім той

Базардан қайтқан

Әкем қайтқан

Жиын болатын


9. Күрделі сөзді табу. Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып келгенше тірлікті соған қаратып, жолын күтіп отыратын болған. *

Сапардан қайтып

Соған қаратып

Ол жүріп кетсе

Тірлікті қаратып

Күтіп отыратын


10.Толымсыз сөйлемді табу *

Қолдан келсе, баланы қуанту керек.

Дүние, мал жиюды жек көретін.

Әйтсе де кедейдің қолы жомарт.

Қоржынның екі басы базарлыққа толып келеді.

Тіпті орыс әліпбиін де ежіктеп оқи беруші еді.



Орыс тілі

1. Определите стиль текста: *




Научный

Художественный

Публицистический

Разговорный

Официально-деловой



2.Определите тип текста: *

Повествование

Рассуждение

Повествование с элементами описания

Описание

Описание с элементами повествования.



3. ДРУГОМ для автора является *

Школьный товарищ

Попутчик

Хозяин

Родной язык

Книга



4.Синоним к слову ПОРОК *

Заслуга

Родство

Недостаток

Мастерство

Поиск





5.Правописание слова (и.. ) вес… ный *

исвесный

из вистный

известный

исвистный

из весный



6. Каким себя описывает автор? *

Умным и благородным

Глупым и смешным

Веселым и добрым

Ленивым и рассеянный

Трудолюбивым и ответственным



7. Настоящая мудрость приходит к человеку, когда, увидев прекрасное, человек… *

сразу бросается к нему

прячет это от друзей

делает своей собственностью

прячется от него

показывает это друзьям



8. Силой восстановления утраченного родства является… *

искусство

родная страна

музыка

поэзия

семья



9. Укажите, в чем заключается заслуга автора. *

в мастерстве слова

в обучении родного языка

в недостатках автора

в поведении автора

в борьбе с одиночеством



10. Какое из высказываний соответствует содержанию текста? *

у каждого писателя бывают особенные творческие неудачи

искусство разъединяет людей

человеку не дано преодолеть чувство одиночества

мастерство,как понимание законов родного языка

каждый человек должен бережно относиться природе родного края





















Шетел тілі

Read the text and for questions 1 to 5 choose the correct answer.

1. In paragraph 1, the word 'they' in bold refers to … *

children

humans

fairies

stories



2. In paragraph 2, the words 'these creatures' in bold refer to … *

trees and rivers

the Ancient Greek people

fairies

the spirits of the trees and rivers



3. In paragraph 2, the word 'They' in bold refers to … *

pagan dogs

Greek and Roman gods

fairies

pagan religions





4. In paragraph 3, the words 'this idea' in bold refer to … *

the idea that fairies used stone tools.

the idea that people stole food

the idea that fairies were based on people.

the idea that fairies used metal weapons.


5. In paragraph 4, the word 'more' in bold refers to … *

the photos

the fairies

stories

the girls


Read the text and for questions 6 to 10 choose the correct answer.

6. The text is about... *

the writers who lived in England in the century 16th century

the life of English people in Shakespeare`s time

Shakespeare`s life

the queen`s and king`s life



7. Complete the sentence. Shakespeare was especially good at... *

dramas

detective stories

mystery plays

novels

8. Find the wrong statement. *

In his childhood Shakespeare got interested in the theatre

The King and the Queen of England liked his play

Shakespeare was widely known only for his Globe Theatre

Shakespeare had difficulties in his life


9. Answer the questions. What kind of man was Shakespeare? *

He was a man who liked to quarrel with people.

He was a man who was fond of saving money.

He was a man who tried to perform only in the king's palace.

He was a man who had wonderful optimism.


10. Why do you think Shakespeare is well-known throughout the world? *

He was an English writer.

His actors disliked him.

He built his own theatre.

He wrote a lot of brilliant plays.





Математика


Екі күнге автомобильді жалға алу үшін ең тиімдісін (арзанын) есептеп алды. Егер Әмір күніне 100 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз. *

39700 теңге

39760 теңге

38970 теңге

39720 теңге

39750 теңге


Екі күнге автомобильді жалға алу үшін ең қымбатын есептеп алды. Егер Әмір күніне 100 км жүрген болса, онда қанша ақша төлегенін анықтаңыз. *

39700 теңге

39760 теңге

40080 теңге

39720 теңге

39750 теңге


Әмір машина бензинмен жүретін болса қанша ақша төлейтин еді. *

39700 теңге

39760 теңге

38970 теңге

39720 теңге

39750 теңге


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!