400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9-сынып PyGame (пайгейм) кітапханасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ PyGame (пайгейм) кітапханасы 9-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Python программалау тілінде 2D ойынын құру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

PyGame (пайгейм) кітапханасы



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.3 PyGame (пайгейм); кітапханасын қосу

9.3.3.4 Ойын терезесін жасау үшін PyGame (пайгейм) кітапханасының дайын модульдерін пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: PyGame программасымен жұмыс жасайды;

Басым көпшілігі: PyGame кітапханасын қоса алады;

Кейбір оқушылар: PyGame кітапханасының дайын модульдерін пайдаланады.

Бағалау критерийі

PyGame модулімен танысады;

PyGame кітапханасының геометриялық фигуралар салатын командаларын анықтайды;

PyGame командаларының көмегімен фигураларды салуды программалайды.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

Кітапхана – функция мен кластар кодтарының жиынтығы.

PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі.

Диалогқа қажетті тіркестер:

PyGame модулінің қызметі..................

PyGame модулін іске қосу....................

PyGame-де түстер...............................арқылы ажыратылады.

Құндылықтарға баулу


Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілінен терминдер қолдану

Алдыңғы білім

Python программасымен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг. «Аялы алақан» жаттығуы

Әр қатысушы өз парағына алақанының суретін салады да, өз орнында қалдырып кетеді, келесі қатысушының орнына барып, оның алақаны салынған суреттің ішіне оған жақсы тілек жазады. Осылай шеңбер бойымен барлығы бір-біріне тілек жазып шығады.

«Құпия сандық» әдісі. Алдарына құпия сандықшасын ұсынамын. Сандықшада 2 түрлі-түсті қағаздан жасалған фигуралар салынған. Сандықшадан бір – бірден фигураларды алып, өз тобын тауып алуы керек.

Үй тапсырмасы

Миға шабуыл» – сұрақ-жауап әдісі. Kahoot программасы арқылы сұраққа жауап береді.

Екі топқа бағалау парағы беріледі.
Топтар өздерінің алған ұпайларын бағалау парағына түсіріп отырады.

Ақ парақ

Компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ. Видео арқылы түсіндіру

Кітапхана – функция мен кластар кодтарының жиын тығы. Python-да код кітапханасын сипаттау үшін қол данылатын термин – модуль (module). Мысалы, pygame модулін де ішкі модульдер ретінде pygame.draw, pygame.image, pygame.mouse жә не т.б. қолданылады. PyGame кітапханасы – 2D ойындарын және басқа мультимедиялық қосымшаларды әзірлеуге арналған Рython программалау тілінің модулі. РyGame көптеген платформалар мен операциялық жүйелер де жұмыс істеуге мүмкіндік беретін SDL (Simple DirectMedia Layer) ойындарын жасау үшін басқа кітапхана негізінде жасалды.

Әрі қарай PyGame кітапханасының орнатылу жолын түсіндіріп, көрсетемін.

Топтық жұмыс. «Пікір алмасу» әдісі. 2 топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Смайликтер арқылы бағаланады.

Жұптық жұмыс. «Венндиаграмма» әдісі

Рython нұсқасымен PyGame модулінің нұсқаларының салыстырмалы талдауын жүргізіңдер. Екеуара орындайды.

Практикалық жұмыс. Дискідегі 3 тапсырманы жекелей орындайды.

Дескриптор: 1.PyGame кітапханасын орната алады;

2. .PyGame кітапханасының орнатылғанын тексереді.

Оқулық , бейнематериалдар

Сабақтың соңы


Сабақты бекіту сұрақтары:

1.PyGame кітапханасы дегеніміз не?

2. PyGame кітапханасы қалай іске қосылады?

Үй тапсырмасы: Python және PyGame тақырыптарының терминдеріне қатысты сөзжұмбақ құрастырыңдар.

Group 1 Бағалау. Бір-бірін бағалау. Бағалау парақтары таратылады.

Рефлексия

Бағдаршам әдісі

Оқушылар:

  • толықтай түсінсе, сенімді болса ЖАСЫЛ ТҮСТІ;

  • түсінуге жақын болса, аздап білсе САРЫ ТҮСТІ;

  • түсінбесе, сенімді болмаса ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ көрсетеді.

Бағалау парақтары















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
6 сәуір
526
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі