400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

9-сынып қазақ тілінен диктант бжб

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып қазақ тілінен диктант бжб
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті

9-сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау


ЭКСПО-2017 – Қазақстан белесі .Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік толғауы», Биотехнология жаңалықтары. бөлімдері бойынша БЖБ (диктант)

Оқу мақсаттары

9.1.1.1 тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау;

9.5.1.3 ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану


Бағалау критерийі

  • тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды;

  • сөздер мен сөйлемдерді орфографиялық ережелерге сәйкес жазады;

  • ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың сөйлемдегі қызметін біледі;

  • ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша жұмыстарда орынды қолдануын біледі;

  • қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін жазбаша жұмыстарда орынды қолдануын біледі

Тәуелсіздік-ел тірегі                   

            

           Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік. Яғни, дербес,егеменді мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 33 жыл уақыт та зымырап келіп қалды.Ал тарих үшін бұл уақыт қас-қағымдай-ақ. Дегенмен , қаншама ғасырларды аясына алып құшақтаған  тарих қойнауы талай халықтардың және ұлы мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, бізге өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Неге десеңіз,ол бізге ата-баба рухын көтергені үшін, мемлекетіміздің сөнген отын жандырғаны үшін,елімізді әлемдік қауымға ендіргені үшін және «қазақ»деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін қымбат.

Отыз  жыл ішінде жетістіктерімізбен бірге кемшіліктеріміз де, жеңістерімізбен бірге сәтсіздіктеріміз де бар болды. Бірақ олар тарихтың еншісіне айналып отыр. Сонда да осы отыз  үш жыл өзінің қиындығы мен қуанышы жағынан , істелген істердің маңызы жағынан, ауқымы мен тегеуріні жағынан болашағымызды айқындайтын іргетас ретінде қалыптасып отыр.


С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ тілінен жазба жұмыстар»

Тапсырма №1

Мәтіннен ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды тауып,жазыңыздар

Мысалы: да,де,бірақ

Тапсырма №2

Жазаған жалғаулықтарды қатыстырып сөйлем құрап жазыңыздар.


Дескриптор

Балл

Білім алушы

мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылайды

1

тақырып пен көтерілген мәселе бойынша болжам жасайды

1

тыңдалған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады

2

сөздер мен сөйлемдерді орфографиялық ережелерге сәйкес жазады

2

тыныс белгілерді орынды қолданады

1

ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың сөйлемдегі қызметін біледі

1

ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша жұмыстарда орынды қолдануын біледі

1

қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтарды жазбаша жұмыстарда орынды қолдануын біледі

1

Барлығы

10 балл






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
28.02.2024
1865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі