400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

9 сынып Қазақстан тарихынан емтиханға дайындық материалдары

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып Қазақстан тарихынан емтиханға дайындық материалдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға арналған тапсырмалар

Қазақстан тарихы 9 сынып

ІҮ нұсқа.


А бөлім

Нұсқаулық: Сізге төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауабы берілген тапсырмалар ұсынылады. Таңдалған жауапты «шеңберге» алу қажет.


1) Атбасар маңында орналасқан мезолит дәуірінің қонысы:

A) Тәңірқазған

B) Дүзбай

C) Әкімбек

D) Тельмен

[ 1]

2) Атырау облысы Жылыой ауданынан табылған сармат ескерткіші:

A) Бесоба

B) Аралтөбе

C) Терең

D) Бәйгетөбе

[ 1]

3) IX-X ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен, қамыс қаламмен жазғандығын дәлелдейді:

A) Ер-тұрмандардағы жазулар

B) Шыны ыдыстағы жазулар

C) Садаұтағы жазулар

D) Қола айнадағы жазулар

[ 1]

4) 1860 жылы қазан айында (орыс және қоқан әскері арасында) болған шайқас:

A) Ұзынағаш

B) Бұланты

C) Арықбалық

D) Майтөбе

[ 1]

5) Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан I мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған депутат:

A) М.Тынышбаев

B) Ә.Жангелдин

C) Ш.Қосшығұлұлы

D) А.Байтұрсынұлы

[ 1]

6) КСРО-да 1960-1980 жылдар аралығын қамтыған кезең:

A) «Тоқырау» жылдары

B) «Жекешелендіру» жылдары

C) «Қайта құру» жылдары

D) «ҒТП-ны жетілдіру» жылдары

[ 1]

7) Киіз үйдің ағаш қаңқасы тұрады:

A) алты бөліктен

B) төрт бөліктен

C) үш бөліктен

D) бес бөліктен

[ 1]





8) Қаңлылардың Көк-Мардан қаласы орналасқан жері:

A) Арыстың сол жағалауы

B) Жаңадария бойы

C) Сырдарияның төменгі ағысы

D) Қуандария бойы

[ 1]

9) 2012 жылы Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мәселесі шешілген қала:

A) Вена

B) Рим

C) Лондон

D) Париж

[ 1]

10) Қазақстанда қос өкімет (1917 ж.) орнады:

A) Қазан төңкерісінен кейін

B) Ақпан төңкерісінен кейін

C) Ұжымдастыру кезінде

D) Азамат соғысы кезінде

[ 1]

11) Алтын Ордада әскери билікті басқарды:

A) беклербек

B) бек

C) басқақ

D) даруг

[ 1]

12 «Қазақстан біртұтас!» деп 1979 жылы қазақ жастарының Целиноград қаласының орталық алаңына жиналуына түрткі болған жағдай:

A) Семей полигонындағы жарылыстардың жалғасуына қарсы наразылық

B) Тың және тыңайған жерлерді игеруге қарсы наразылық

C) Тың игерілген аймақтарды Ресей құрамына беру туралы шешім

D) Ел аумағында Неміс автономиялық облысын құру туралы шешім

[ 1]

13) X-XI ғасырларда құрылып, ислам дінін қабылдай бастаған алғашқы патриархалды-феолдалдық мемлекет:

A) Қараханиды

B) Оғыз

C) Түргеш

D) Қарлұқ

[ 1]

14) Тарихи оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз:

1.Тың жерлерді игеру;

2.Теміртау оқиғасы;

3. Семей полигонындағы алғашқы сынақ;

4.Целиноград оқиғасы;

5. Ю.Гагариннің ғарышқа сапары;

A) 3,5,1,4,2.

B) 3,1,2,5,4.

C) 1,4,3,5,2.

D) 3,1,5,2,4.

[ 1]







15 ) «Татар казактары арасында Орфей табылып,бізге қырғыз (қазақ) флейтасында ойнап берді.Шығыңқы бөлігі ойық келген, төмен қарай тартыла түсетін, жартысына дейін қақпақпен жабылған екі шекті бұл музыкалық аспап лютноға ұқсас келеді екен. Жылқының құйрық қылы керілген таяқшамен шекті ысқылағанда аққудың қиқуына ұқсас әуезді дыбыс шықты, асаптың өзі де сыртқы түрі жағынан аққудың еске түсіреді».

Мәтіндегі неміс зерттеушісі П.С.Палластың сипаттаған музыкалық аспабы:

A) қобыз

B) сыбызғы

C) домбыра

D) даңғыра

[ 1]

В бөліміне арналған тапсырмалар

16. Кестедегі ұғымдарды мағынасымен сәйкестендіріңіз

Ұғымдар


Мағынасы

1

Дуан

A

Қарсылық көрсетушілерді жазалайтын патша өкіметінің әскері

2

Жасауыл

B

Қайтпас ерік жігердің белгісі ұлттық рухтың мақтанышы

3

Манап

C

Округ орталығы

4

Митридат

D

Қырғыздардың ақсүйек ру басшылары

[ 4]

17) Қимақ қағанатының әлеуметтік- мәдениет ұатынастарын талдаңыз.


Шаруашылығы

Сәулет өнері

Діни наным -сенімдері








[ 3]


18) Алтын Орданың гүлденуіне өз үлесін қосқан хандардың берілген кестеде жетістіктерін толықтырыңыз

Батый хан

(1227-1255 жж)


Берке хан

(1257-1266 жж)


Меңгу-Темір

( 1266-1280жж)


Тохты хан

(1290-1312жж)


[ 4]












19) Қасым ханның басқару жүйесіндегі жетістіктерін талдаңыз


[ 3]

20) Суретке қарап, ХХ ғасырдың қасіретті оқиғаны баяндап беріңіз



____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[ 1]












Балл қою кестесі


А бөлігі

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

A

1


2

B

1


3

D

1


4

A

1


5

C

1


6

A

1


7

C

1


8

A

1


9

D

1


10

B

1


11

A

1


12

D

1


13

A

1


14

B

1


15

B

1


В бөлігі

16

1-С, 2-А, 3-D, 4-В

әр дұрыс жауап үшін 1б., жалпы 4 баллдан аспау керек

макс. – 4 б.



17




Шаруашылығы -ұимақтар мал шаруашылығымен басым бөлігі айналысыты

Сәулет өнері – жатаққа айналғандар байлардың қыстауларына қарап, ағаштан, қамыстан тұрақты баспана салып алған. Олар сауда жолына жақын салынып, біртіндеп қалаға айналған.

Діни наным -сенімдері – қимақтар тәңірге табынып, ата -баба рухына табынды

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай,

макс. – 3б.

макс. – 3 б.


жауаптардың басқа да дұрыс нұсқалары қабылданады

18




Батый хан

(1227-1255 жж)

Мемлкеттің негізін қалаушы, Батысқа жорық ұйымдастырушы мен мемлекет шекарасын кеңейткен.

Берке хан

(1257-1266 жж)

Египет сұлтану Бейбарыспен байланысты күшейткен.хандардың ішінде ислам дінін қабылдаған. Моңғол орталығына тәуелсіз саясат жүргізген

Меңгу-Темір

( 1266-1280жж)

Саяси дербестік алған., бірінші теңге соқтырған

Тохты хан

(1290-1312жж)

Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын орнатушы.



Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай,

макс. – 4 б.

макс. – 4 б.



жауаптардың басқа да дұрыс нұсқалары қабылданады

19

Қасым ханның ішкі саясаты -

Халық саны 1 млн. жетті;

Қоғам қатынасарын реттейтін заңдар жинағын шығарды;

Әскер саны 300 мыңға жеткізді

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай,

макс. – 3

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
17.05.2024
292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі