400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 сынып ҚМЖ; 9.2.4.3 - дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзімнің ҚМЖлар; 9.2.4.3 - дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып №42

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Моногибридті және дигибридті будандастыру. Басымдылық заңы. Ажырау заңы. §35.Дигибридті будандастыру. §37.Моногибридті және дигибридті будандастыруға генетикалық есептер шығару.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

9.02 9.02 9.02

Сыныбы: 9 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Моногибридті және дигибридті будандастыру. Басымдылық заңы. Ажырау заңы. §35.Дигибридті будандастыру. §37.Моногибридті және дигибридті будандастыруға генетикалық есептер шығару.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.4.3 - дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;

Сабақтың мақсаты:

дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығарады;

ЕБҚ (қабылдауы баяу): сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын сипаттайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.



«Пікірлер жібі»

Тыңдаушыларға тақырып таныстырылады. Тақырып бойынша әр зерттеу туралы ақпарат жазып, пікірлер жібіне іледі.

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.




Моногибридті будандастыру туралы жиналған ақпаратты барлығы жүріп, оқи алады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель Презентация




Оқушылардың назарын аудару

«Кинометафора»

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

-бейнефильмнен көрген үзіндіні сипаттайды – 2 балл;

Интерактивті панель Презентация


Бейнефильм:

https://www.youtube.com/watch?v=8wwJpLhb8E8


Сабақтың мақсатын таныстыру

Сабақтың оқу мақсаты:

9.2.4.3 - дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;


Сабақтың мақсаты:

дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығарады;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Интерактивті панель

Презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж

Сабақтың ортасы



Жаңа тақырыпты таныстыру

«Тың мәлімет».

Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру сәті.



Ақпараттан керекті жерін түртіп жазып алады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация



Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Атаулар мекені». Тақырып бойынша термин сөздердер беріледі. Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын сипаттау, теориялық білімдерін молайту.

Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын жазып, теориялық білімдерін молайтады.


«Ашық журнал» әдісі.


Дескриптор:

- кілт сөздерді сипаттайды – 2 балл;


Интерактивті панель

Презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж

Практикалық тапсырмалар беру

Жұптық және жеке жұмыс ҚБ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан




Оқушылар жұптық және жеке ҚБ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.



«Ашық журнал» әдісі.


Дескриптор:

- дигибридті будандастыруға арналған есептерді шығарады – 2 балл;

- есептердің шығару жолдарын түсіндіреді – 2 балл;

Интерактивті панель

Презентация


Жеке жұмысқа арналған үлестірме парақтар.


Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Интерактивті панель Презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..


Сабақтың соңы




Бағалау

Жеке тапсырма

ЕБҚ тапсырма:

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады.


Оқушылар мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Бөліктің сол жағына

Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)


Дескриптор:

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын сипаттайды – 7 балл;






Интерактивті панель

Презентация



Жұмыс дәптері






Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Үйге: §36.Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі: белгілердің толық және толымсыз доминанттылығы. Талдаушы шағылыстыру және оның практикалық маңызы.

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен танысады және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

«Ду қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

«Мадақтау!»

«Жарайсың!»

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Бұрынғы білімін еске түсіру.

«Пікірлер жібі»

Тыңдаушыларға тақырып таныстырылады. Тақырып бойынша әр зерттеу туралы ақпарат жазып, пікірлер жібіне іледі.

«Моногибридті будандастыру»


Оқушылардың назарын аудару.

«Кинометафора»

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

https://www.youtube.com/watch?v=8wwJpLhb8E8



Сабақтың мақсатын таныстыру.

Сабақтың оқу мақсаты:

9.2.4.3 - дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;


Сабақтың мақсаты:

дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығарады;



Жаңа тақырыпты таныстыру.

«ТЫҢ МӘЛІМЕТ»

§35.Дигибридті будандастыру

• Дигибридті будандастыру – ата-ана формалары бір-бірінен екі жұп белгі бойынша айырмашылық жасайтын будандастыру типі:

• Дигибридті будандастыру барысында алынған 2 жұп аллель: Сары-Тегіс және Жасыл-Бұдыр

• Ата-ана ретінде алынған таза сорттармақтар: Дигомозиготалар (ААВВ х ааbb)

• F1 ұрпақ генотипі: 100% АaBb

• F2 ұрпақ фенотипі: Сары, тегіс

• F1 ұрпақты өздігінен тозаңдандырғанда F2 ұрпақ будандарында байқалды: Ажырау (Мендельдің 2-ші заңы)

• F2 ұрпақ фенотип арақатынасы: 3:1 (3 бөлік сары, 1 бөлік жасыл)

9:3:3:1 (сары-тегіс, сары-бұдыр, жасыл-тегіс, жасыл-бұдыр)



Дигибридті будандастыру моногибридті будандастыруға қарағанда күрделірек болады. Бұл будандастыру қарама-қарсы екі жұп белгілердің бір уақытта тұқым қуалауын зерттейді. Екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша айырмасы бар дараларды будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды.

Г. Мендель өз тәжірибелерінде тұқымының түсі сары, пішіні тегіс және тұқымының түсі жасыл, пішіні бұдыр бұршақ өсімдіктерін қолдан будандастырған. Бірінші ұрпақ (Ғх) өсімдіктерінің барлығының тұқымының түстері сары, пішіні тегіс болған.

Сонымен екі жұп белгілерді анықтайтын гендерді белгілейік. Тұқымның сары түсін анықтайтын генді — А (доминантты), жасыл түсті — а (рецессивті) тұқымның тегіс пішінін анықтайтын генді — В (доминантты), бұдыр пішінді — b (рецессивті). Тұқымның түсін және пішінін

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
889
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі