жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
9 сынып қоштасу
«Жас түлек »
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар және ардақты ата-аналар! Бүгінгі 9-сынып оқушыларының алтын ұя мектебімен қоштасу сәтіне қош келіпсіздер!
1.Бүгін - соңғы қоңырау мәреге жеткен күн.
2.Бүгін- мектебім,ұстазым деп көңілің қимастық кешкен күн.
3.Бүгін -атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
4.Бүгін -әжең ерке ұлымның ер жеткенін көрсем деген күн.
5.Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
6. Бүгін- арман қуып алысқа аттанар күн.
Бұл күн –мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі сақталар күн.
Ендеше сат сапар, Мәңгілік елдің жас түлектері!
2-жүргізуші:
Бастауыштан алдық біз білім нәрін,
Бар білімнің жинадық шырын, балын.
Бала деген ұстазға тартады екен,
Менің осы мектептен ұғынғаным.
Кезекті осы түлектердің алғашқы ұстазы дайындаған бастауыш сынып кезіндегі естеліктеріне назар аударайық.
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
Енді міне арада бес жыл өтткеннен кейін сол бүлдіршіндер ойларына ой , бойлары на бой қосып , білімдері шыңдалған, өмірге деген өз көз қарастары қалыптасқан жас түлектер Міне, бүгін мектебімізден ұшқалы тұрған 29 –шы түлектерінің бейне көріністеріне назар аударайық
Түлектерге арнау
1.Баршаңа бүгін бақыт тілеп келді
Тамсантып, тебірентіп жүректерді
Ендеше шақырайық ортамызға
Мектептегі 29-шы түлектерді.
2.Тоғыз жыл бұрын бұлар ұлан болды
Айтылар мектептегі жыр ән болды
Тарыдай боп келсе де бұл күндері
Биік шыңға самғайтын қыран болды
3.Жүретін қашан көрсең күліп тегі
Ақталсын ата-ана үміттері
Спортшы да, білімді шеттерінен
Дәл осындай сыныптың жігіттері.
4.Қырандарды шетінен ұшырыпсың,
Біліміңді, барыңды ұсыныпсың.
Биші, әнші, білімді шеттерінен,
Дәл осындай арулары бұл сыныптың!
5.Жаз күніндей шуақты жайдарымыз,
Тоғыз жыл бұның барін байқадыңыз.
Алтын ұям көрінсін биіктерден,
Ұстаздарға шексіз алғыс айтарымыз.
6.Асқар таудан асып тұр арманым да,
Ұйып тыңда, әсем әнге салғанымда.
Бесеу боп табалдырық аттағанмен,
Төртеу боп келіп тұрмыз алдарыңа.
Алғашқы ұстазы Жанахметова Талшын Елеусізқызы
Жас түлектердің сынып жетекшісі: Тасымова Аймангүл Тұнғатқызы
1-жүргізуші:Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын, ұстазым!
Хор.Ұстазым. Әнін бастап кетеміз
2-жүргізуші: Жаны құштар жаңалыққа жансыңдар,
Ататұғын туған елге таңсыңдар,
Ұстаз жаққан кеудедегі от сөнбей,
Біз аспаған биіктерден асыңдар, деп бастауыш сыныптан жоғары сатыға өткелі отырған 4-сынып оқушыларын өз өнерлерімен ортаға шақырамыз .....................................................................................................................................
1-жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән шашу, әсем бимен түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады, деп келесі кезекті Сексембай Дильназдың орындауында өзбек биі «Нозли гүлім» .............................................................................................................................
2-жүргізуші: Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз қатар тізулі партамыз
Тақтада ілулі картамыз
Тоғыз жыл бірге ойнап, бірге өскен
Достарға!мың алғыс айтамыз - дей келе
Ән: Кошетерова Дильназдың орындауында «Жан досым»
9-сынып бітіруші түлектерін құттықтау кезегі 1-сынып табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге беріледі. (Мады тобын ортаға шақырамыз)
Білім кілтін тапсыру метептің үздік куәлік үміткері, мектеп бітіруші түлек
тапсырылады.
Білім кілтін тапсыруқұрметі мектебіміздің қызыл куәлік үміткері, мектеп бітіруші түлек .....................................................................................................................
..............................................................................................................................................
Білім кілтін қабылдап алу құрметі –1сынып оқушылары атынан үздік, өнерпаз бүлдіршін ...................................................................................................................... табысталады.
Білім кілтін иеленуші –сынып оқушыларының болашақта мектеп атағын асқақтататын шәкірттерге айналып. Еліміздің көркеюіне үлес қосатын тұлғалар болатынына үлкен сенім білдіреміз. Болашақ 1-сынып оқушыларын қабылдап алатын сынып жетекшісі Зейнелғабдинова Айшат Зейнелғабдинқызы табыстап, құрметпен шығарып саламыз.
2-жүргізуші:
Сіздерге жалын жүрекпен,
Айталық достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын!
Сапарларыңыз оң болсын! деп бастауыш түлектерінің Жас түлектерге арнаған ән шашуын қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Мың бұралып билейді қыздарымыз.
Халайық қол соғыңыз мархабатты. Қыздардың орындауында «Жұмыр қылыш» биі.
1-жүргізуші: Ата-ана өсірген балапаның,
Әлдилеп, аялаған алақаның.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын- деп ақ тілекті әрі қарай жалғау үшін жас түлектердің ата-аналарын ортаға шақырайық..
Ата-аналарымыздың бүгінгі әсерлерімен бөлісу үшін тақтаға назар аударайық.
(Ойын болады)
Ән:орындайтын Қошетерова Дильназ «Әке –Ана»
Көрмеген артық сөйлеп ,артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті ғып.
Шақырайық вальске түлектерді,
Қоштасудың вальсін айтып тұрып, - дей келе кезекті «Мектеп вальсіне» берейік. Қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Сыныпты келдіңіз басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір деген қас-қағым.
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,
Сыныптың алғашқы ұстазы: Жанахметова Талшын Елеусізқызына
Жас түлектердің сынып жетекшісі:Тасымова Аймангүл Тұңғатқызына сөз кезегі беріледі.
Құттықтау сөз.
1-жүргізуші: Ұстаздар, жан анамдай аялаған ,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңнен,
Шәкірттен өз бақытын аямаған. Хор. «Аяулы Ұстаздарға»
1-жүргізуші: Талай түлек ақ ордадан түлеткен,
Бұл өмірдің қыр мен сырын үйреткен.
Ұстаздарым өздеріңе осы шашуым,
Жалын атып шыққан мына жүректен.
Шәкірт жүрегінен шыққан жыр шумақты қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Мектебің-алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың.
Шарықта жас қыраным ақ жол саған!
..................................................................................................
Құрметті бітіруші түлектер! Сәт сапар сіздерге! Жолдарыңыз ақ болсын!
Қымбатты оқушылар, жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізіп, жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күймен келулеріңізге тілектеспіз. Осымен «Жас түлек» атты салтанатты жиынымыз жабық деп жариялаймыз.
..................................................................................................

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген