400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 сынып сабақ жоспары Мәңгілік ізденіс - мәңгілік жол

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек, тәжірибе алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Ж.Қаипов атындағы орта мектеп

Мерзімі: № 27 сабақ

Сабақтың тақырыбы: МӘҢГІЛІК ІЗДЕНІС – МӘҢГІЛІК ЖОЛ Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау; отбасындағы, мектептегі парызын орындау; қанағатшыл болу.
Пән мұғалімі: Абдуллаева М Сыныбы: 9 сыныптар

Сабақтың мазмұны

Ресурстар

Сабақтың мақсаты: Адам ішкі әлемінің тазалығын сақтау туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету;

Дамытушылық: - отбасындағы, мектептегі парызын орындай білуге ықпал жасау ;

Тәрбиелік: - қанағатшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Сәлемдесу

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1. Дінмұхамед Қонаевтың «Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау» деген қанатты сөзін басшылыққа ала отырып, эссе жазыңыздар.






3.Дәйексөз

«Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң. Үйренерсің,

іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.

Жүсіпбек Аймауытов

  • Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.

Сұрақ –жауап

4. Әңгімелеу: Мұхтар Құл-Мұхаммед

Әл-Фараби (үзінді)

1. Әл-Фарабидің мәңгілік ізденіс жолына түсуіне не себеп болды? 2. Ілім үйрену жолында қандай жетістіктерге жетті?

3. Неліктен адам өмір бойы біліп алып, кемелденуі тиіс?

4. Білімге құштарлық адам бойында қандай қасиеттер мен құндылықтарды дамытады?

5. Өздеріңіз қаншалықты білімдеріңізді арттырып, адамгершілік тұрғыда өздеріңізді жетілдіріп жүрсіздер? Әңгімелеп беріңіздер.

Сұрақ –жауап




5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Берілген қанатты сөздердің мазмұнындағы негізгі ойды анықтап, тақырыппен байланыстырып, түйіндеңіздер.

Конфуций: «Он бес жасымда мен білімге бет бұрдым. Отыз жасымда бағынышсыз тұрмысқа қол жеткіздім. Қырық жасымда күмәннан арылдым. Елу жасымда көктің еркін таныдым. Алпыс жасымда шындық пен өтірікті ажырата бастадым. Жетпіс жасымда жүрегімнің қалауына ере бастадым».

А. Йүгінеки: «Білген адам білімді өмір бойы іздейді».

А. Құнанбайұлы: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды».

А. Чехов: «Күндіз-түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет... Ол үшін әрбір сағат өте қымбат».

2-тапсырма: Өлеңді оқып, оның мазмұнында айтылған өнер-білім үйренуге қажетті қасиеттер мен іс-әрекеттерді теріп жазыңыздар.

Өнер-білім қайтсе табылар Мағжан Жұмабаев

Ер жігіт өнер табар ерте қуса, Құлақ тігіп, көз салып, жиып-терсе.

Ерініп шаршамастай, белін буса, Көңіл көзі ашық жанды дос деп білсе,

ЬІртың-жыртың, жоқ-барға көңіл бермей,Мылқау, меңіреу,надандықасдепбілсе.

Періште боп анадан қайта туса! Білімсіз қатқан жансыз тас деп білсе,

Тынықпай, дамыл алмай ерте де кеш, Өнер-білім қарны ашқа ас деп білсе,

Ізденсе, кідірмесе, жайланбаса. Дүниенің теңізінде адасқанға

Дүниенің қайғысынан зарланбаса, Тура жол көрсететін бас деп білсе

Көз қысып күлгеніне алданбаса, Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса,

Жамандық – аты өшкірге жақын жүрмей, Басқаға мойын бұрса, көз салмаса

Аяғын күндік жерден байқап баса. Өнер-білім жер астында болса-дағы

Көзі ашық адамдарға жақын жүрсе,

Олардың әрбір сөзін үлгі көрсе.

Естіген сөз, көргенді бос тастамай,

Бір жетер, жалықтым деп тастамаса.

Қорытынды: Білім – бұл қолдағы шырақ. Адамның санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім – теңіз түбіндегі інжу-маржан. Білім көзі – іздену. Білім – бүкіл адамзатты сусындата алар шалқар көл, байлыққа, бақытқа бөлер таусылмас кен, рухани дерттің бәрін аластайтын, күш-қуат беретін дәру. Білім адамға оңайлық пен түспейді, оны меңгеру үшін өлшеусіз әрекет ету керек. Ғылымбілімге түбегейлі берілген адам ғана ойлаған мақсатына жете алады.


7.Үй тапсырмасы.

1. Д.Қонаевтің өмір баянынан қызықты оқиғаларын жазып келу,


8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
4491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі