9
сынып
Тербелмелі қозғалысқа
тапсырмалар
-
Гармоникалық тербеліс жасайтын
дененің жылдамдығының уақытқа қатысты теңдеуі көрсетілген,
жылдамдық амплитудасы қандай? 
-
Массасы 2 кг дене болат
серіппеге ілініп, тігінен бағытталған Ox осі бойымен еркін
тербелістер жасайды. Қозғалыс теңдеуі төмендегідей болса, тербеліс
басталған мезеттегі кинетикалық энергиясы
қандай? 
-
Ж
еңіл
серіппеге бекітілген массасы 50 г дене еркін тербелістер жасайды.
Осы жүктің x координатасының t уақытына тәуелділігінің графигі
суретте көрсетілген. Серіппенің қаттылығы неге тең?
-
С
уретте
математикалық маятниктің потенциалдық энергиясының (оның
тепе-теңдік жағдайына қатысты) уақытқа тәуелділігі графигі
көрсетілген. D нүктесінің графигіне сәйкес келетін уақыт
нүктесіндегі маятниктің толық механикалық энергиясы
қандай?

-
Суретте математикалық
маятниктің потенциалдық энергиясының (оның тепе-теңдік жағдайына
қатысты) уақытқа тәуелділігі графигі көрсетілген. Маятниктің t = 1С
уақытындағы кинетикалық энергиясы қандай?
-
С
уретте материалдық
нүктенің координатасының уақытқа тәуелділігі көрсетілген. Тербеліс
жиілігі қандай?
-
Т
ербеліс периоды
ұзындығы 20 см математикалық маятниктің тербеліс периодымен бірдей
болуы үшін қатаңдығы 25 Н/м серіппеге ілінген дененің массасы
қандай болуы керек?
-
Б
ірінші
математикалық маятник 35 с-та 80 тербеліс жасайды, ал екінші
математикалық маятник 105 с-та 120 тербеліс жасайды. Екінші
маятниктің ұзындығы біріншісінен неше есе
артық?
-
Қатаңдығы 100 Н/м серіппеге
массасы 9 кг дене бекітілген. тербеліс периоды неге
тең?
-
Ұзындығы 2,45 м маятник 314 с
ішінде 100 рет тербеледі. Математикалық маятниктің периодын және
еркін түсу үдеуін табу керек.
-
Жер бетінде 0,5 Гц жиілікпен
еркін тербелетін маятникті ғарышкерлер Айға апарды. Еркін түсу
үдеуі
-
Жермен салыстырғанда 6 есе аз.
Ай бетінде маятник қандай жиілікпен
тербеледі?
-
Қатаңдығы
2*105
Н/м серіппе серпімділік
күшінің әсерінен 3 см – ге ұзарады. Созылған серіппенің
потенциалдық энергиясы қандай?
Рымкевич есептер
жинағынан
409. Серіппеде тербеліп тұрған
жүк 8 с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периоды мен жиілігін
табыңдар.
410. Масаның қанат қағу
тербеліс жиілігі 600 Гц, ал араның қанат қағу тербеліс периоды 5мс.
1 мин ішінде қай жәндік қанатын көп қағады және қанша көп
қағады?
414. Қатаңдығы 0,4кН/м
серіппеге бекітілген массасы 40 г жүк, тепе – теңдіктен 1 м/с
жылдамдықпен өту үшін, оны тепе – теңдік күйден қандай
арақашықтыққа ауытқыту керек?
415. Қатаңдығы 0,5 кН/м
серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы 6 см, ең
үлкен жылдамдығы 3 м – қа тең болса, оның массасы
қандай?
419. Қатаңдығы 250 Н/м
серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын
табыңдар.
425. Ұзындығы 80 см
математикалық маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін
түсу үдеуінің қандай мәнін алады?