400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

9 сынып Үшбұрыштарды шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3B бөлім: Үшбұрыштарды шешу

Мектеп: №129 ЖОББМ

Күні: 28.01.2021

Мұғалімнің аты-жөн Мұғалімнің аты-жөні: Едилбаева Ф.К

Сынып: 9 В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы

Оқу мақсаттары

9.3.2.2 үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады;

9.3.2.3 үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады.

Сабақ

мақсаттары

  • үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер және сырттай сызылған шеңбер радиустарының оның ауданынан тәуелділігін дәлелдейді және оны қолданады;

Жетістік

критериі



-үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады;

- үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • үшбұрыштарды шешу;

  • синустар теоремасы;

  • косинустар теоремасы;

  • жарты периметр;

  • пропорционал кесінділер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • үшбұрыштың кез-келген қабырғасының квадраты ... ;

  • ... қарсы жатқан бұрыштардың синустарына пропорционал;

  • үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы ... қатынасына тең;

  • ауданның жарты периметрге қатынасы ... болады;

  • медианалар қиылысу нүктесінде ... ;

  • биссектриса қабырғаны ... бөледі.

Негізгі дағдылар

Сыни және креативті ойлау дағдылары

Осы сабақта сыни және креативті ойлауды оқушыларға толық әрекет ету бостандығына ие болу арқылы дамыта алады. Оқушыларға көмек сұрауға таңдау еркіндігі беріледі

- мұғалім

- сыныптастар,

- мәселені өз бетінше шешу.

АКТ қолдану дағдылары: Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану,

Интернет ресурстар

Құндылықтарды

дарыту


*Академиялық шыншылдық, толеранттылық

*Ж.А білу және түсіну: тұрақты даму,әлеуметтік әділеттілік және теңдік

*Ж.А құндылықтары: әлемдегі және қоршаған ортадағы жағдайларды жақсартуға белсенді қатысуға шешім қабылдау

*Ж.А.дағдылары: өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу

Пәнаралық

байланыстар

Информатика, геометрия

Бастапқы білім


үшбұрыштар, аудан; тікбұрышты үшбұрышты шешу; косинустар/синустар теоремалары

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу қажет.

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

I Ұйымдастыру кезеңі

Өзара сәлемдесу.

Еске түсіру: жалпыланған синустар және косинустар теоремасын және қандай фигураларды тепе-тең деп атайды.

Сабақтың мақсатын және тақырыбын айқындау



Сабақтың ортасы

10 мин













































5 мин






























































5 мин







12 мин





















I Практикалық жұптық жұмыс

а) Оқушылар жұпта практикалық тапсырманы орындап, формуласын қорытып щығаруына болады.

1) Үшбұрышты оған іштей сызылған шеңбердің радиустары арқылы өтетін сызықтар бойымен кесіңіз, содан соң әр бөлігін пунктир сызықтар бойынша кесіңіз.

2) бірдей түспен боялған үшбұрыштардан тіктөртбұрыштар құрастырыңыз, олардың бір қабырғасы іштей сызылған шеңбердің радиусына тең.

3) шыққан тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз. Тіктөртбұрыштардың ауданы мен берілген үшбұрыштың ауданын салыстырыңыз.

4) қорытындылап кез келген үшбұрыштың ауданының формуласын жазыңыз. Формуладан іштей сызылған шеңбердің радиусын анықтаңыз .



Алынған нәтижені талқылап, тақтаға формулаларды жазып қойыңыз.


Жұппен жұмыс. Әр жұп кез келген үшбұрыштың ауданы жарты периметрдің іштей сызылған шеңбердің радиусының көбейтіндісіне тең болатынын дәлелдесін .

GeoGebra бағдарламасы көмегімен формуланың дұрыстығын тексеруді ұсыныңыз. Формулалардың дәлелдеуін бүкіл сыныппен талқылауға немесе топтық жұмыс арқылы меңгертуге болады.

Тікбұрышты үшбұрыш үшін , , онда

, мұндағы a мен b - үшбұрыш катеттері, ал c - гипотенуза.

Тікбұрышты үшбұрыш үшін формуласын оқушылардың өздеріне қорытып шығаруға ұсынуға болады.

б)

Теореманың дәлелдеуін қарастырмас бұрын үшбұрыштың ауданының белгілі формулаларын қайталаңыздар.

Сурет

Формула






Топтық жұмыс. Әр топ кез келген үшбұрыштың ауданын , мұнда үшбұрыш қабырғалары, ал АВС үшбұрышының радиусы, формуласы арқылы табуға болатынын дәлелдесін.

Дәлелдеу үшін әр топқа келесі нұсқаулықты беруіңізге болады:

1) үшбұрыштың ауданы формуласын оның екі қабырғасы мен арасындағы бұрыш арқылы жазыңыз .

2) сырттай сызылған шеңбер радиусының үшбұрыш қабырғасы мен қарсы жатқан бұрыштың синусына тәулділік формуласын қайталаңыз . Формуладан бұрыштың синусын анықтаңыз .

3) аудан формуласына синустың мәнін қойып, қажетті формуланы түрлендіріп шығарыңыз.

Есептер шығару

1. Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданы – ке тең. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

2. Сырттай сызылған шеңбердің радиусы 6 см, ал қарсы жатқан бұрыш 600 -қа тең болатын үшбұрыштың қабырғасын табыңыз.

3. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 12см-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

4. АВ= болатын АВС үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз

5. Үшбұрыштың ұзындығы м болатын қабырғасымен іргелес бұрыштары және . Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын анықтаңыз.

6. Тең қабырғалы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 2см-ге тең. Үшбұрыштың ауданын табыңыз.

7. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 6 см және 8 см-ге тең. Оны сырттай және іштей салынған шеңбердің радиустарын табыңыз.

8. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 12 см, ал бүйір қабырғасы 10 см. Үшбұрышқа іштей сызылған дөңгелектің ауданын табыңыз.

https://ankolpakov.ru/teorema-sinusov/







http://festival.1september.ru/articles/419906/



http://festival.1september.ru/articles/596417/



http://portal.kazntu.kz/files/publicate/2015-09-29-1583_0.pdf

Геометрия, 9 сынып, Ә.Н.Шыныбеков, Алматы: «Атамұра», 2005 ж., 224 бет









































































5 мин

Рефлексия:

Нені білдім?

Не түсініксіз?

Нені білгім келеді?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі