жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
9 сынып"Кеңестік заманның мәдениеті (1945-1985 жылдар)"
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.2 Кеңестік заманның мәдениеті (1945-1985 жылдар) |
|
||||||||||||||
Күні: |
|
||||||||||||||
Сынып: 9 А |
Қатысқандар: 18 |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы Зерттеу сұрағы: Кеңестік білім беру саласындағы реформалар қандай мақсат көздеді
|
||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
9.2.3.2.Білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру |
||||||||||||||
Тарихи концепт |
Маңыздылығы |
||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер арқылы мемлекеттік саясатқа баға беру |
||||||||||||||
Бағалау критерийі |
XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге 5 артықшылықтар мен 5 кемшіліктерді айқындау
|
||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Мектеп, кәсіптік-техникалық білім, жоғары және орта арнаулы оқу орындары ұғымдарына анықтама береді; Ғалымдардың есімдерін қолданады;
|
||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы |
||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
АҚҚ, Дүниежүзі тарихы |
||||||||||||||
Алдыңғы білім
|
Демографиялық өзгерістерге қорытынды жасай алады; XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесіне баға бере алады; |
||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы
2 минут
3 минут
1 минут
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Игі тілек шырағы» Оқушылар шеңберге тұрып бір біріне шырақты бере отырып игі тілек білдіреді. Мақсаты: эмпатияны дамыту.
Жұптарға бөлу. 2 түрлі маркерлер арқылы жұптарға бөлу. Оқушылар таңдаған маркерге сай жұптарға бөлінеді. Жаңа тақырыпқа кіріспе: «Сурет» әдісі Мұғалім алдын-ала сабаққа қатысты бернеше сурет әзірлейді.Оқушылар суреттерге мұқият қарап жаңа тақырыпты болжайды. Мұғалім бағыттайтын сұрақтар қояды.
Мақсаты: Балалардың жаңа тақырыпқа қызығушылығын ояту. |
1 қосымша |
|||||||||||||
Сабақтың ортасы
18 минут
5 минут
|
Барлық оқушылар Жұптық жұмыс Тапсырма XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге 5 артықшылықтар мен 5 кемшіліктерін тап. Тапсырманы орындау барысында мұғалім әр жұптарға барып түсінбеген жағдайаттарын сұрайды. Дескриптор
«Т диаграммасы» әдісі арқылы оқушылар 5 артықшылықтар мен 5 кемшіліктерін жазады.
Қалыптастырушы бағалау: «Архиватор 3,2,1» Мұғалім ұнаған 3 моментті атайды. 2 ұнаған іс-әрекетті атайды;1 күмән тудыратын жағдайды атайды.
|
2 қосымша
3 қосымша
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы
3 минут
3 минут |
Кері байланыс: Оқушылар алған білімін қорытындылап кестені толтырады. «INSERT» әдісі арқылы алған білімін қорытындылайды.
Рефлексия: «Блоб ағашы» арқылы оқушылар тақырыптың қай жерінде тұрғанын белгілейді. Мақсаты: Алған білімдерін өз деңгейіне сәйкес алма түрлі стикерді алып ағашқа іледі Үй жұмысы: «3 минуттық Эссе» XX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы
|
4 қосымша
5 қосымша
6 қосымша |
|||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||
Саралаудың қарқын тәсіліне «Сурет» әдісі жатады, өйткені Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам сұраққа жауап береді. Саралаудың жіктеу тәсіліне жұпқа бөлу әдісі жатады,өйткені аралас гендерлік жұптар пайда болады; Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсіліне мұғалімнің оқушыларға ауызша көмегі және «Архиватор 3,2,1 »жатады, өйткені кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында көмек және бағыт қажет; Саралаудың қорытынды тәсіліне «Т диаграммасы» әдісі жатады, өйткені барлық оқушылар бір тапсырманы орындап әр түрлі нәтижеге жетеді;
|
«Архиватор 3,2,1» бағалау әдісі арқылы мұғалім ұнаған 3 моментті атайды. 2 ұнаған іс-әрекетті атайды;1 күмән тудыратын жағдайды атайды. Осының мақсаты балалардың жұмысына мұғалім тарапынан баға беру; «INSERT» бағалау әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыптағы алған білімін бағалап қорытындылайды. «Блоб ағашы» әдісі арқылы оқушы әрқайсысы өз білім деңгейін анықтайды;
|
|
|||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
||||||||||||||
|
|||||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||||||
1 қосымша
2 қосымша
Соғыстан кейінгі жылдарда ағарту ісіне бөлінетін қаржының көлемі арта бастады. Мектептерге көмек көрсетілді, қор жасау үшін жексенбіліктер ұйымдастырылды, малшы балалары үшін мектеп-интернаттар салынды. 1947 жылы “Қазақ КСР-де жоғары жəне орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары туралы” қаулы қабылданды. Жоғарғы және орта білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы молайды.
1949 жылы жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынды.
1959 жылы “Мектептің өмірмен байланысын нығайту жəне халыққа білім беру жүйесін одан əрі дамыту туралы” заң қабылданды. 1962-1963 оқу жылынан бастап 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек-политехникалық мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту шаралары көзделді.
1946-1956 жылдары кəсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 344,5 мың жас маман дайындалды. 1980 жылдардың ортасында ЖОО-ның саны 55-ке жетті. Бұл жылдары студенттік құрылыс отрядтары өріс алды. Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 550 мыңға жуық студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандық алды. Кезекті мектеп реформасы 1984 жылы басталды. Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі 1949 жылы қайта қолға алынды. 1948 жылы республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі 200 Мың адам болса, 1955 жылы 16 мыңға түсті.1950 жылдар ішінде мектептерде политехникалық білімді тиянақтауға, оқушыларды өндірісті еңбекпен араластыруға, мектептің өмірімен байланысын нығайтуға бағытталған шаралар жүргізілді.1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «мектептің өмірімен байланысын нығайту туралы және Қазақ КСРінде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылдады.1962-1963 оқу жылынан бастап жалпыға бірдей міндетті 8 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек политехникалық мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп интернаттар жүйесін кеңейту шаралары көзделді.1946-1956жж.республиканың кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде 344,5 мың жас маман жұмысшылар дайындалды.1954 жылдан бастап ашыла бастаған орта білімі бар жастар қабылданған техникалық училищеде фрезершілер, жүргізушілер, краншылар, экскаваторшылар дайындалды.1947 жылы КСРО Министрлер Кеңесі қабылдаған «Қазақ КСРнде жоғары және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары» туралы қаулы қабылдады.1965-1966 оку жылдары 39 оку орындарында 144,7 мың студент оқыды.Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білімді мамандар даярлау 11 есеге өсті.1965 жылы республика халық шаруашылығында 0,5 млн-нан астам дипломды маман жұмыс істеп жатты.1970 жылдар ішінде жалпыға бірдей орта білім беруге көшу науқаны өріс алды.1980 жылдардың басында жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің жүзеге асқандығы жарияланды.Кезекті метеп реформасы 1984 жылы басталды.1970 жылдар ішінде ірі агрокешендер құрылып, «болашағы жоқ» елді мекендер қараусыз қалғанда олардағы жүздеген мектептер жабыла бастады.1950-1970 жылдар ішінде сабақ орыс тілінде оқытылатын мекттептердің саны 1,5 Мыңға артқанда, қазақ мектептерінің саны кеміп 3891-ден 2577-ге Түсті.1980 жылы ЖОО саны 55-ке жетті.Орта арнаулы оқу орындарының саны 246-ға жетті. Республиканың барлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында 550 мың студенттер мен оқушылар 200 түрлі мамандақ алып шығып жатты. 1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРОдағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. 1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстандық ғалымдардың еңбектері шет елдерге танымал болды.
3 қосымша
XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер
+ -
4 қосымша
V |
+ |
- |
? |
Мен не білемін? |
Маған пайдалы ақпарат |
Менің ойлағаныма сәйкес келмейді; |
Мен келісе алмаймын. Білгім келеді. |
5 қосымша
6 қосымша
«3 минуттық эссе»
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген