Материалдар / 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмекші материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
445
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер! Мақтансаң мақтан елім деп,Тани біл елдік таңбаңды.Елтаңба,Туын,Әнұран-Тәуелсіздікке тәнтбелгі ҚР мемлекеттік туы енгізілсін.ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.Тәуелсіздік мерекесімен құттықтауға сөз мектеп директоры Г.Б Курматоваға беріледі.Ән: 6 а сынып оқушысы Мырзағалиева Жанисаның орындауында «Қазақстаным»2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!Видео: «Тәуелсіздік тарихы» атты фильмды ұсынамыз1 - жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 2 - жүргізуші:8 б сынып оқушысы Ильясова Нұрбике және 9 б оқушысы Қиясова Бибігүл орындауында Құрманғазы Сағырбайұлының күйі «Адай»1 - жүргізуші: Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай» биі 2 -жүргізуші:Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім5 ә сынып оқушысы Амангелді Шұғыланың орындауында «22» терме 1- жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш паӨз - өзінен жүрегім ән салады.Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Алдарыңызда 3 сынып оқушысы Амангелді Шапағаттың орындауында ән «»2 -жүргізуші:Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам

ҚР мемлекеттік туы шығарылсын. Қош сау болыңыздар!





















































































Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....Барлық қазақ осындай, бар қанында,Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...Сол атаның ұрпағы мына менмін,Есте ұста ей жендет, көрмегенің,Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,Табан асты, ол туған жерім менің.Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,Халқы үшін жауаптығын сезіне,Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!2 - жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш паӨз - өзінен жүрегім ән салады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - тең деп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 - сынып оқушысыЖелтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира Құрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете бардыБірі атылып, ал бірі дарға асылып1 - жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достықҰлы достық Нұрлы достықКүн достық Достық деген қасиетті ұранғаКең даланың жүрегі де үн қостыБиші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 - сынып оқушылары2 - жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім.Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсінБас иемін ата баба рухына.Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырапСол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрапТілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 - сынып оқушысы 2 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағынаЖас өрендер желбіретіп нық ұстаҒасырларға жалғастырып елдіктіДақ түсірме ата баба рухынаҮлгі бізге аталардың ерлігіҰлағаты өнегесі еңбегіТәуелсіздік туын ұстап жоғарыБүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны!























Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда, Алма бақтар ак қырауға батқанда, Күңірене күн күркіреп тау жақтан, Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.

2-жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.

1-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның. Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан. Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

1-жүргізуші: Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. 2-жүргізуші: Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.

2-оқушы: Жас арудың жанарында – Желтоқсан, Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. Қаралы өмір қайыстырған халқымның, Қара тұман қабағында – Желтоқсан. Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан, Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. Жазықсыздың көз жасына жуынып, Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. Намысымның шырағы да – Желтоқсан, Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан. Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.

1-жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді. 2-жүргізуші: Осыдан 25 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының алдындағы оқиға. Көрініс. Көрініс - Қыздар, мен газет әкелдім. - Не жаңалық шығыпты? - КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты. - Колбин деген кім екен? - Қайдан келіпті? - Колбин Ульяновтан келіпті. - Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын! - Біз демократияны талап етеміз. - Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!



3-оқушы: Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр. Колбин деген кім екен, қайдан келген? Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді, Бізге оны ешкім аяп бермейді. ТәуелсіздікҚайрат, Ляззат, Ерболдың, Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.

1-жүргізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!