Материалдар / 9 сыныпқа биология пәнінен билеттер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9 сыныпқа биология пәнінен билеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардан ашық-сынақ алу үшін арналған биология пәнінен билеттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2019
1855
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9 сыныпқа арналған биология пәнінен емтихан билеттері


1 билет

  1. «Жалпы биология негіздері» пәнінің жаратылыстану - ғылыми пәндер жүйесіндегі орны, мақсаты мен міндеттері. Тірі материяның құрылым деңгейлерін зерттейтін пән.

  2. Организмнің біртұтас екендігі. Организмнің бастапқы даму кезеңдеріне сыртқы орта жағдайларының әсері. Биологиялық сағат. Анабиоз.

  3. Қызанақтың қызыл (А) түсі сары (а) түстен басым. Қызыл гетерозигота мен сары дарақтан қандай ұрпақ күтуге болады? Олардың барлық генотип мен фенотипін сипаттап жазыңдар.


2 билет

  1. Цитология пәні және міндеттері. Зерттеу әдістері және олардың басқа биологиялық ғылым салалары мен медицина және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы.

  2. Генетиканың даму тарихы.

  3. Генотиптері: а) АА; ә) Аа; б) аа; в) АаВb; г) АаВbСс; ғ) ААВВСС; д) ААВbСс даралар қандай типті гаметалар түзеді?


3 билет

  1. Жасушаның ашылу тарихы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары. Жасуша тірі организм құрылысының, дамуының және қызметінің негізгі бірлігі.

  2. Белгілердің Г.М.Мендель ашқан тұқым қуалаудың бірінші заңдылығы. Моногибридтік шағылыстыру. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі.

  3. Гетерозиготалы қара үй қоянының ұрғашысын осындай қоянның еркегімен шағылыстырды. Мынандай сұрақтарға жауап бер: Бірінші ұрпақтың генотипі қандай? Осы генотиптердің ішінде гетерозиготалары қанша? Гомозиготалары қанша? Осы ұрпақтың фенотипі қандай?


4 билет

  1. Тірі материяның химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы. Химиялық элементтер. Су және басқа бейорганикалық қосылыстар, олардың жасуша тіршілік әрекеттеріндегі рөлі.

  2. Белгілердің Г.М.Мендель ашқан тұқым қуалаудың екінші заңдылығы. Ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерезиготалы даралар.

  3. Арпаның ерте пісуін анықтайтын ген кеш пісетіндігін анықтйтын генге қарағанда доминантты. Гомозиготалы ерте пісетін өсімдікті кеш пісетін арпамен будандастырғанда қандай ұрпақ алынады? Алынған гибридтерді өзара будандастырса, генотипі және фенотипі қандай өсімдіктер алынады?


5 билет

  1. Органикалық заттар: көмірсулар, липидтер.

  2. Белгілердің Г.М.Мендель ашқан тұқым қуалаудың үшінші заңдылығы. Дигибридті будандастыру.

  3. Қара көзді (доминантты гомозиготалы белгі) солақай (рецессивті белгі) әйел, көк көзді (рецессивті), оң қолды (доминантты гомозиготалы) еркекке үйленген. F1 ұрпақты тап?


6 билет

  1. Нәруыздар, Ферменттер, олардың тіршілік процестерін реттеудегі рөлі.

  2. Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру.

  3. Шешесі сау гомозиготалы, әкесі гемофилиямен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болады?


7 билет

  1. Нуклейн қышқылдары, АТФ , олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі.

  2. Толық және толық емес доминанттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау.

  3. Теңіз шошқасының қара түсі ақ түстен басымырақ болады. Қара және ақ гомозиготалардан қандай ұрпақ күте аламыз? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңыздар.


8 билет

  1. Жасушалық құрылымдар: плазмалық мембрана, цитоплазма, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар.

  2. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы. Жыныстың генетикалық ауытқуы.

  3. Тауықтардың тегіс қауырсындануы жібек тәрізді қауырсынданудан басым болып келеді. Тегіс гомозигота гетерозиготалардың шағылыстырылуынан қандай ұрпақтың шығуы мүмкін? Барлық дарақтардың генотиптері мен фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


9 билет

  1. Митохондриялар, пластидтер, қозғалыс органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері, жасушалық қосындылар.

  2. Сандық және сапалық белгілердің тұқым қуалауына орта жағдайларының әсері. Реакция нормасы.

  3. Асбұршақта өсімдіктің қалыпты бойы тапалтақтан басым болып келеді. Гетерозиготалар мен тапалтақ гомозиготаларды қайтадан тозаңдандырудан қандай ұрпақ күтуге болады? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


10 билет

  1. Ядро,оның құрылысы және қызметі. Ядроның жетекші рөлі.

  2. Гендердің өзара әрекеттесуі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. Адамның генетикалық әртүрлілігі.

  3. Шешесінің қаны ІІ топқа, ал әкесінің қаны ІV топқа жатады. Балаларының қан топтарын анықтаңдар. (Шешесінің генотипі ІІ топ болғандықтан, оның генотипі екі түрлі болуы мүмкін. Сондықтан есеп екі нұсқамен шығарылады).


11 билет

  1. Прокариоттық және эукариоттық жасушалар, олардың құрылысындағы ерекшеліктер.

  2. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Генеткалық аурулары.

  3. Иттерде қысқа аяқтылардан қалыпты ұзын аяқтылары басым болады. Гетерозиготалар мен тапалтақ гомозиготалардан қандай ұрпақтар болуы мүмкін? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


12 билет

  1. Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелуі.

  2. Модификациялық өзгергіштік.

  3. Адамда көгілдір көз басылыңқы белгі, қой көздік басым белгі. Кой көзді гетерозиготалы әйел мен көгілдір көзді еркекте қандай ұрпақ болады? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


13 билет

  1. Фотосинтез - күн энергиясының органикалық заттың энергиясына өзгеруі. Фотосинтездің жарық және қараңғы сатылары, судың фотолизі.

  2. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар.

  3. Адамда жұқа ерін басылыңқы белгі, қалыпты ерін басым белгі. Жұқа ерін әйел мен қалыпты ерін еркекте қандай ұрпақ болады? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


14 билет

  1. Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиясымен қамтамасыз етілуі. Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық және аэробтық гликолиз. Митохондриялар - жасушаның энергиялық стансасы.

  2. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтік қатарлар заңы.

  3. Адамда тік шаш басылыңқы белгі, ал шашы бұйра басым белгі. Басымдылығы бойынша және басылыңқылығы бойынша гомозиготалардан қандай ұрпақ болады? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


15 билет

  1. Генетикалық ақпарат. Н.К.Кольцов.

  2. Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу.

  3. Тышқанда ақ реңді жүн қара реңге басымдылық жасайды. Гетерозиготалы аналық пен қара аталықтан қандай ұрпақ болуы мүмкін? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


16 билет

  1. ДНҚ - нәруыз синтезделу үшін матрица болып табылады. ДНҚ-ның екі еселенуі(редупликациясы).

  2. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі.

  3. Тұқымы сары тегіс, қызыл гүлді бұршақ өсімдігін тұқымы жасыл бұдыр, ақ гүлді бұршақпен будандастырса, доминанттылық заңына сәйкес F1 – де алынатын будан ұрпақтың барлығы да біркелкі, яғни аналық өсімдікке ұқсас болып шығады. F2 – де күрделі ажырау жүреді. Ата – аналық формалардың біреуінің генотипі ААВВСС, ал екіншісінікі ааввсс, ал Ф1 – де алынатыны будан организмдікі АаВвСс болса, гибридтерді өзара будандастырып F2 – ні тап?


17 билет

  1. РНҚ - ның түзілуі Генетикалық код. Генетикалық кодтың қасиеттері.

  2. Генетика және медицина. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері.

  3. Басым аллель жасыл көзділік – А, ал қоңыр көзділік – а. Мына гаметаларды будандастырғанда фенотиптік арақатынас қандай болады? АА х аа.


18 билет

  1. Нәруыздың биосинтезі. Трансляция.

  2. Адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларының алдын - алу және емдеу.

  3. Жемісі қызыл, биіктігі қалыпты қызан өсімдігі сары жемісті, ала қызан тозаңымен тозаңдандырылған: а) егер жемістердің қызыл түсі басым, аласалығы басылыңқы екені белгілі болса; ә) бастапқы барлық өсімдіктер гомозиготалылар; Белгілерді анықтайтын гендер әртүрлі хромосомаларда орналасса нәтижесінде алынатын будандардың белгілері қандай болады? Ондай гибридтерді өзара будандастырса, қандай нәтиже шығады?




19 билет

  1. Транскрипция мен трансляцияның бактерияларда реттелуі. Бұл процестердің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі.

  2. Резус - фактор.

  3. Гетерозиготалы қара үй қоянының ұрғашысын осындай қоянның еркегімен шағылыстырды. Мынандай сұрақтарға жауап бер: Бірінші ұрпақтың генотипі қандай? Осы генотиптердің ішінде гетерозиготалары қанша? Гомозиготалары қанша? Осы ұрпақтың фенотипі қандай?


20 билет

  1. Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні.

  2. Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі.

  3. Көгершіннің тегіс қауырсындануы жібек тәрізді қауырсынданудан басым болып келеді. Тегіс гомозигота гетерозиготалардың шағылыстырылуынан қандай ұрпақтың шығуы мүмкін? Барлық дарақтардың генотиптері мен фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


21 билет

  1. Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері. Жынысты көбею.

  2. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары.

  3. Асбұршақтың сары түсі жасыл түстен және биіктігі аласадан басым болады. Сары және жасыл, биік және аласа гомозиготалардан қандай ұрпақ күтеге болады? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңыздар.


22 билет

  1. Мейоз және оның биологиялық мәні. Мейоздың фазалары.

  2. Сперматогенез. Овогенез.

  3. Басым аллель жасыл көзділік – А, ал қоңыр көзділік – а. Мына гаметаларды будандастырғанда фенотиптік арақатынас қандай болады?


23 билет

  1. Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану.

  2. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Үй жануарларының шығу тегі.

  3. Тышқанда ақ реңді жүн қара реңге басымдылық жасайды. Гетерозиготалы аналық пен қара аталықтан қандай ұрпақ болуы мүмкін? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.



24 билет

  1. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

  2. Сұрыптау, оның міндеттері.

  3. Екі сұр дрозофил шыбынын будандастырғанда 1392 сұр 467 қара шыбын алынған. Генотип, фенотип тап?


25 билет

  1. Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі.

  2. Өсімдіктерді сұрыптау әдістері.

  3. Генотиптері: а) АА; б) Аа; в) АаВb; г) АаВbСс; д) ААВВСС; е) ААВbСс даралар қандай типті гаметалар түзеді?


26 билет

  1. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы.

  2. Жануарларды сұрыптау әдістері.

  3. Алманың қызыл (А) түсі жасыл (а) түстен басым. Жасыл гомозигота мен қызыл дарақтан қандай ұрпақ күтуге болады? Олардың барлық генотип мен фенотипін сипаттап жазыңдар.


27 билет

  1. Прокариоттық және эукариоттық жасушалар, олардың құрылысындағы ерекшеліктер.

  2. Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні.

  3. Иттерде қысқа аяқтылардан қалыпты ұзын аяқтылары басым болады. Гетерозиготалар мен тапалтақ гомозиготалардан қандай ұрпақтар болуы мүмкін? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


28 билет

  1. Фотосинтез - күн энергиясының органикалық заттың энергиясына өзгеруі. Фотосинтездің жарық және қараңғы сатылары, судың фотолизі.

  2. Тыныс алу, анаэробтық және аэробтық гликолиз.

  3. Адамда жұқа ерін басылыңқы белгі, қалыпты ерін басым белгі. Жұқа ерін әйел мен қалыпты ерін еркекте қандай ұрпақ болады? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


29 билет

  1. Ядро,оның құрылысы және қызметі. Ядроның жетекші рөлі.

  2. Гендердің өзара әрекеттесуі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. Адамның генетикалық әртүрлілігі.

  3. Тауықтарда ақ түстен қара түс басым. Қара және ақ гомозиготалардан қандай ұрпақ күтуге болады? Барлық дарақтардың генотиптерін және фенотиптерін сипаттап жазыңдар.


30 билет

  1. Жасушаның құрылысы мен химиялық құрамы.

  2. Организмнің біртұтас екендігі. Организмнің бастапқы даму кезеңдеріне сыртқы орта жағдайларының әсері. Онтогенез.

  3. Қызанақтың қызыл (А) түсі сары (а) түстен басым. Қызыл гетерозигота мен сары дарақтан қандай ұрпақ күтуге болады? Олардың барлық генотип мен фенотипін сипаттап жазыңдар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!