400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

9 сынып"ҚР дамуы (1997 жылда бастап бүгінгі күнге дейн)"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР дамуы (1997 жылда бастап бүгінгі күнге дейін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.4 ҚР дамуы (1997 жылда бастап бүгінгі күнге дейін)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар:22

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Қазақстан – 2030» стратегиясы – мемекет дамуындағы жаңа кезең.

Зерттеу сұрағы: «Қазақстан - 2030» стратегиясын қабылдау қажеттілігі неден туындады


Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.9 ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларды талдау;

9.1.1.3 Қазақстанның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау;

Тарихи концепция

Дәлел

Сабақтың мақсаты

Барлығы: «Қазақстан – 2030» старатегиясының салдарын анықтап, демографияға әсерін талдайды .

Көбі: демографиялық мәселелерді шешу жолдарын айқындайтын өзінің әлеуметтік жоспарын ұсынады

Кейбіреуі: Қазақстан 2030 стратегиясындағы демографиялық саясатқа баға береді

Бағалау критерийі

- Қазақстан демографиясына әсер еткен «Қазақстан – 2030» стартегиясының нәтижесінде болған кем дегенде 4 салдарын анықтайды



- демографиялық мәселелерді шешу жолдарын айқындайтын өзінің әлеуметтік жоспарын ұсынады



- демографиялық жағдайдың жақсарғанына 5 дәлел келтіреді


Тілдік мақсаттар


Тәуелсіздік, реформа, прагматизм, инвестиция, жемқорлық, стратегия, статистика,

Құндылықтарға баулу




  • Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім (патриотизм, азаматтық жауапкершілік, құрмет)

  • Зайырлы қоғам және жоғары руханият(өмір бойы білім алу, ынтымақтастық)

Пән аралық байланыс

Дүниежүзі тарихы, АҚҚ, география

Алдыңғы білім


ҚР Елбасының Жолдаулары, әлеуметтік реформалар.




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы (7 мин)


Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеймін

«Ой толғаныс»-әдісі

Сұрақтар қою арқылы тақырыптың мақсатын ашуға итермелеу.Оқушылар жауап беру арқылы өз білімін ортаға салады.

  1. Елбасымыз ұсынылатын Жолдаулардың мақсаты неде? деп ойлайсындар

  2. 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс неге алып келді?

  3. Дағдарыстан шығу үшін және мемлекетті дамыту үшін қандай реформалар немесе стратегиялар ұсынылды?

Оқушыларды 1ден 7-ге дейін санау арқылы 7 топқа бөлемін.


Сабақтың ортасы



(13 мин)













































10 мин
















Барлығына арналған тапсырма №1: «Қазақстан - 2030» стратегиясының салдарын кластерге түсір, ал демографияға қатысты 1 сөйлемді, стикерге жазып тақтаға іліңдер;

Топтық жұмыс

«Кластер» әдісі

  • Кластер басымдылығы оның топтық жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді

  • Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (3 оқушыдан) . Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған.

  • Барлық бастапқы топқа тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған.оқуға арналған материал күрделі емес, көлемі орташа болады. Кластерге негізгі 4-5 салдар жазылады.

  1. Топ. Ұлттық қауіпсіздік

  2. Топ. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлынуы

  3. Топ.Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ

  4. Топ. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі.

  5. Топ. Энергетикалық қорлар.

  6. Топ. Инфраұрылым

  7. Топ.Кәсіпқой мемлекет.

дескриптор

4-5 салдарын кластерге сызып көрсет

демографиялық саясатқа қатысты 1-2 сөйлемді стикерге жаз

Бағалау әдісі: Топтар бірін-бірі смайликтер арқылы бағалау:

Неге ? Неге? Неге?

Көбіне тапсырма№2. Тақтада стикерде жазылған демографиялық мәселелерді шешу жолдарын айқындайтын әлеуметтік жоспар құрыңыз

Жеке жұмыс

«Кім тапқыр?» әдісі арқылы - демография саясатына қатысты түйінді идеяларды жинастырады, өз ойын жинақтап құрайды.

Дескриптор.

  • Мәселелердің шешу жолдарын жазады

  • Әлеуметтік жоспар үлгісі 4-5 ұсыныстан құрылу қажет

Бағалау әдісі: мадақтаймын «Екі жұлдыз-бір тілек»

А-3 форматындағы қағаз,фломастер, стикер, Қосымша №1, смайликтер













































Тақтадағы стикерлер, Интернет желісі арқылы материал іздеуге рұқсат беріледі.



Сабақтың соңы

7мин























Үй жұмысы

1 мин

Кейбіреуіне тапсырма №3

Жеке жұмыс

Демографиялық жағдайдың жақсарғанына 2 ден 5ке дейін дәлел келтіре отырып, «Эссе» жазу.

Дескриптор:

  • Маңыздылығын ашатын кем дегенде 1 дәлел келтіреді

  • Нақты көрсеткіш келтіретін кем дегенде 1дәлел келтіреді

  • Экономикалық жағынан кем дегенде 1 дәлел келтіреді

Бағалау әдісі: «Бұл неліктен ең жақсы»? әдісі арқылы жалпы шұғыл сұрақтарды пайдалана отырып өзін-өзі бағалау. Бұл оқушылардың өз жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын ұдайы бақылау шеберлігін дамытуға жәрдемдеседі. Мұғалімдер төмендегі шұғыл сұрақтарды қолдана алады. • Сіздің пікіріңізше, жұмысыңыздың қандай салаларын жақсартуға болады және неге? • Сіз үшін бұл дәлелге қандай мысал келтіруге болады?



«Тапсырма: «Қазақстан-2030» стартегиясында ұнаған 3 маңыздылық жазу, 2 сұрақ құру, келесі сабаққа 1 ұсыныс жазып келіңдер.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



«Кластер» әдісінде дереккөздер таратылып, ауқымды жұмыс атқарлады, Сабақта мұғалім сабақты жүзеге асыру барысында жеке, топтық жұмыс негізінде тапсырмаларды қолдау. Кездейсоқ әдіспен топтарға бөлінеді, «Кім тапқыр» әдісінде оқушылардың кейбірейуі басқаларына қарағанда жылдам жұмыс атқарады, төмен оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі және ынталандырылады,оқушылар үнемі бір-бірін бағалап отырады.

Тапсырманы орындау барысында оқушылар жауаптарының нақтылығы мен дәлділігіне және қаншалықты жұмыс жасап отырғанына назар аударып отырған дұрыс. Бұл оқушылардың жұмысын бағалау барысында үлкен рөл атақарады және оқушылардың белсенді жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Бағалау әдісі: Топтар бірін-бірі смайликтер арқылы бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бұл неліктен ең жақсы»? әдісі





Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?





Жалпы бағалау







Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:







2:









Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:









2:





Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі