Материалдар / 9 сыныптарға арналған практикалық тапсырмалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

9 сыныптарға арналған практикалық тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютер құнын есептеу туралы қмж және қосымша тапсырмалар қарастырылған. Жалпы 9 сыныптар оқушыларына арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2022
696
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

2-бөлім Компьютер таңдаймыз

Педагогтың аты-жөні

Ф.Махамбетова

Күні: 28.10.2022.ж.


Сынып: 9 Е

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Компьютер құнын есептеу. Практикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.8.1 Компьютер құнын есептеп шығару, Модель, оның түрлерін, кезеңдерін білу, түсіну.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Модель түрлерін біледі, ажырата алады. Компьютерлерді таңдауға қажет негізгі техникалық сипаттамаларын анықтайды.

Көптеген оқушылар үшін:

Модель түрлерімен танысады, қолданады. Пайдаланушының қажеттілігіне байланысты бағдарламалық жасақтаманы таңдайды

Кейбір оқушылар үшін:

Модель түрлерін ажыратып, компьютер құнын есептейді. Компьютер құрылғыларының бағасын онлайн түрде есептейді

Бағалау критерийі

Мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдайды

Қолданушының қажеттілігіне байланысты бағдарламалық жасақтаманы таңдайды

Құндылықтарға баулу:

Топтық жұмыс кезінде достық қарым-қатынасқа, бірлесіп ынтымақтастықпен жұмыс жасауға, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдауға, құрметтеуге, жұппен жұмыс жасауда шығармашылыққа, жауапкершілік сезімге баулу.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

9 минут

І. Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

«Гүлмен тілек» әдісі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып гүлді алақандарына салып, бір-біріне тілек айтады, бір-бірінің көңіл күйін көтереді.

Сабақ басында:

оқушылардың назарын шоғырландыру
  оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / ОМ анықтау;  
  берілген суреттер арқылы топқа бөлу

1.Мұғаліммен амандасады.

2. Сабақтың мақсаттарымен танысады.

3.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

4.Оқушылар үй тапсырмалары бойынша сұрақтарға жауап береді.


Берілген сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқан оқушыларды 2 балл аралығында бағалау

Презентация






















Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу

10 минут

Сіздер соңғы сабақта компьютерді таңдағанда қандай құрылғылар маңызды екенін білдіңіздер

Компьютерлер қолдану мақсатына қарай келесі турлері болады:

-ойын немесе кәсіби,

-кеңсе компьютері

-үйдегі компьютер.

Жаңа тақырыпты оқушылар өздеріне берілген сурет және түрткі сұрақтар арқылы анықтайды. Тақырыпты ашу барысында «құн» ұғымы туралы география пәнінен өткен таырыптарын еске түсіремін

І топ «Үй компьютері»

ІІ топ «Геймерлер»

ІІІ топ «Кеңсе компьютері» атты үш топқа бөлінеді.

Оқулық, жұмыс дәптерлері


Практикалық жұмыс жасау

5 минут














Практикалық жұмыс жасау

5 минут











Практикалық жұмыс жасау

5 минут


1 тапсырма (топтық жұмыс)

Мақсаты: оқушылардың өз бетімен ізденушілік жұмыстарын жасауды, оқушының жалпы ойлау қызметін жетілдіру

Орындалу шарты: Ехсеl кестелік процессорында «Компьютер бағасын есептеушіні» модельдеңдер. Компьютер құрылғыларының атауы, санын жазып есептеу формулаларын құрыңдар.

«Компьютер бағасын есептеушіні» модельдейді. Компьютер құрылғыларының атауы, санын жазып есептеу формулаларын құрады

Дескриптор:

Ехсел бағдарламасында оқушылар кестені толтырады және формулаларды дұрыс енгізгеніне қарап бағаланады

Жалпы – 2 балл.

Интербелсенді тақта

Слайд 1

Есептеу кестесінің үлгісі

2 тапсырма (жұптық жұмыс)

«Желпуіш әдісі» бойынша тапсырма беріледі

Компьютерді қолданылуына қарай жіктеңдер (үй, ойын, кеңсе)

Әр компьютердің қолданылуына қарай олардың ішкі құрылғыларына қажетті сипаттамаларды жазыңыздар

«Жұбыңды қолда» тәсілі арқылы оқушы жұмыстарын тексеріп, оқушылар таба алмаған мысалдарды көрсетіп, түсіндіріп өтемін. Қатесіз жазған оқушылар орнынан тұрады.

Техникалық мүмкіндіктеріне қарай сипаттамаларын береді










Дескриптор:

Оқушылар үй, ойын, кеңсе компьютерлерін ажыратып оларға сипаттама береді Жалпы – 2 балл.


Желпуіш үлестірмелер



3 тапсырма (жеке жұмыс)

«Қазына іздеу» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Орындалу шарты: Тақырып бойынша іздейтін қазынаның сипаттамасы беріледі.

Қазына ретінде:

Компьютер таңдағанда сатып алушы мақсатына байланысты компьютердің техникалық мүмкіндіктерінің қандай сипаттамаларын білуі тиіс екенін айту

Пайдаланушының қажеттілігіне байланысты бағдарламалық жасақтаманы қалай таңдайтынын талдау

- бағдарламалық жасақтамалардың айырмашылықтарын талдайды

- Қажеттілік пен мүмкіндікке қарай компьютер таңдау себебін түсіндіреді.

Оқушылар әрбір қазынаны тапқан сайын, оны растап отырып, дискриптор арқылы тексеріп, кері байланыс жасаймын


Дескриптор:

Компьютер таңдағанда сатып алушы мақсатына байланысты компьютердің техникалық мүмкіндіктерінің қандай сипаттамаларын білуі керек екенін айтады Жалпы – 2 балл.


Презентация

Компьтер

Телефон

интернет

Сабақтың соңы


3 мин


«Сұрақ ілмегі» әдісін қолданамын

  1. Компьютердің бағасы қалай құралады?

  2. Ойын компьютерлерін сатып алуда қандай құрылғылардың сипаттамасы жоғары болуы керек?

  3. Дизайнер компьютерін таңдау үшін қандай құрылғылардың сипаттамасы жоғары болуы керек?

  4. Компьютердің бағасын онлайн есептеудің қандай тиімді жақтары бар?

Оқушылар жасырын сұрақтың бірін таңдап жауап береді

Дескриптор:

Оқушы бір сұраққа жауап береді

Жалпы – 2 балл.

Интербелсенді тақта

Слайд


Рефлексия


3 мин

Оқушылардың жаңа сабақты қандай деңгейде меңгергені мақсатында кері байланыс аламыз.

«Ауа райы» әдісі. Google форм бағдарламасында құрылған сілтеме бойынша оқушылар алдыларындағы компьютерге кіріп, берілген суреттерге қарап отырып бүгінгі сабақ бойынша өздерінің ауа райына байланысты суреттердің бірін таңдайды

Компьютер, телефон, интернет

Google форм бағдарламасында құрылған сілтемеге өту

Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы:

Шығармашылық тапсырма:

«Электрондық кестеде процестердің физикалық моделін құрудың маңыздылығы» деген тақырыпқа презентация дайындаңдар.

2. CD дискіден осы тақырыпқа сәйкес тапсырманы орындаңдар.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларды тақырыпқа байланысты суреттерді таңдаулары арқылы 3 топқа бөлемін. Топтық жұмыс кезінде электронды кестені толтыру, жұптық жұмыста «желпуіш» әдісі бойынша тапсырма, ал жеке жұмыста «қазынаны табу»әдісі бойынша жеңіл тапсырмадан күрделіге қарай пән ерекшелігі ескеріліп, тапсырмалар беріледі

Оқушыларға бірін-бірі сын тұрғысынан бағалау ұсынылады. Кейбір оқушыларға жұппен, топпен жұмыс жасау кезінде диалог арқылы және қосымша дереккөздер арқылы қолдау көрсетемін Қарқыны жылдам оқушыларға компьютер құрылғыларының бағасын онлайн есептеуге жеке тапсырмалар беріледі

Оқушылардың тапсырмаларды орындау нәтижесіне қарай мадақтап, әр оқушыға рефлекция жасалады

«Жұбыңды қолда» тәсілі арқылы оқушыларға интербелсенді тақтадан дұрыс жауап нұсқасын көрсетемін. Оқушылар өз қателерін тексереді.Таба алмаған жауаптары толықтырады. Қатесіз, толық жазған оқушылар орнынан тұрады. Қол шапалақтап оқушыларды мадақтаймыз.


Сабақ соңында оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін бекіту тапсырмасы беріледі де әр оқушының орындау нәтижесіне қарай кері байланыс беріледі.Бұл оқушының кеткен олқы тұстарын түзетуге және келесі сабақты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Сабақ басталар алдында оқушыларға компьютермен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелері ескертіледі. Сыныпта ауаның желдетілуі ескеріледі;

Әр түрлі типтегі және әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды беру мен сұрақтар қою барысында оқушылардың психологиялық және тұлғалық қасиеттерін есепке алу;


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Белсенді әдістер

  • «Гүлмен тілек» әдісі

  • «Желпуіш» әдісі

  • «Жұбыңды қолда» әдісі

  • «Қазына іздеу» әдісі

  • «Ауа райы» әдісі

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!