жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
№ 10 Қазақстан-еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі..docx
|
Бөлім: Қазақстандағы ұлттар достастығы |
Мектеп: |
||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстан-еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі. |
||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу; 7.4.4.2. Еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну. |
||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін біледі, еліктеуіш сөздерді тілдесім барысында қолданады; Көптеген оқушылар: жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, мәтін жазады, еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсінеді; Кейбір оқушылар: жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазады, еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсінеді, тілдесім барысында қолданады. |
||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||
|
Сабақтыңкезеңі/ уақыт |
Педагогтіңәрекеті |
Оқушыныңәрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Қызығушылықты ояту кезеңі.
Бақ-дәулет – бірлікте Қазақстандағы ұлттар достастығын көзбен көріп, жүрекпен сезіп жүргендердің бірі менмін. Көңілі даладай дарқан қазақ халқы қазір барлық ұлт өкілдерін өзінің туған-туыстарындай көреді. Бір елде жүзден аса ұлт өкілдерінің тату-тәтті болып дауласпай, жауласпай өмір сүріп жатқаны бұрын-соңды тарихта болмаған жағдай. Өйткені, халықтар достастығы біздің саясаттың басты ұстанымы. Көрші мемлекеттердегі ұлтаралық дау-жанжалды және Ресей мен Украина арасындағы қантөгісті ақпарат құралдарынан естіп, көргенде мамыражай тыныштықтағы Қазақстан бейнесі жұмақты елестетеді. Ұлтаралық, дінаралық қақтығыс, соғыстан кейбір мемлекеттердің жойылып кеткенін тарих дәлелдеді. Сондықтан біз ұлттардың достығы мен бірлігіне қуанамыз. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары кейбір мысықтілеу саясаткерлер «Қазақстан көпұлттылығынан түбінде күйрейтін ел» деген сыңайлы пікірлер айтып, үрейлендірген болатын. Ал керісінше Қазақстанда ұлтаралық достық пен келісім орнап, ең бейбіт ел деген атаққа ие болды. Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында Қазақстандағы халықтар достастығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Ұлы Абайдың «Адамзатты сүй» дейтін қағидасы бар емес пе?! Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты қадірлейді. Кеңес үкіметі құндылықтарының бірі ұлтаралық достықты, ынтымақты алғаш орнаған күннен бастап басты ұстанымы етті. Соның нәтижесінде КСРО-да ұлттар достастығы қалыптасып, интернационалдық тәрбие барынша жолға қойылды. Қазақстандағы халықтар достастығының орнығуы Кеңестік саясаттан бастау алып, жалғасқанын ұмытпауымыз керек. «Қазақстан - жүз ұлттың Отаны» деген қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз. Қазіргі Қазақстан Халықтар Ассамблеясы туралы айтқанда оның кеңестік дәуірдегі тарихын есте ұстауымыз керек. Тәуелсіздіктен кейін ол өзгеше сипат алды. Сол кезде қалыптасқан халықтар достастығы қазір жалғасып жатыр. Бұл күнде Ассамблея атқарып отырған жұмыс сан алуан. Дескриптор:
ҚБ Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. |
Оқушылардың назары сабаққа аударылады. Оқушылар сабақ тақырыбын анықтау мақсатында сұрақтарға жауап беріп, ой тұжырымдайды.
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрыңыз. Жұбыңыздың құрған сұрағымен алмастырып, проблемалық сұраққа жауап беріңіз. Аталған проблема бойынша ойларыңызды салыстырыңыз. Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. |
ҚБ
ҚБ
|
7-сынып «Қазақ тілі» оқулығы |
|||||||
|
Сабақтың ортасы |
ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Мағынаны тану кезеңі. Мәтінді мұқият оқыңыз. Синонимдік қатарларды тиімді қолданып, мәтінді өзгертіңіз.
1. Еуразиялық кеңістік және Қазақстан. Географиялық картадан орнын анықтаңдар. Қандай ассоциация туындады? 2. Бірінші сөйлемді қалай таратып түсіндірер едіңдер? 3. Қандай ескерткіштер дүниежүзілік маңызға ие болады деп ойлайсыңдар? Дескриптор:
ҚБ ӘТН 3-тапсырма. Үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, талдаңдар
Дескриптор:
ҚБ
Тапсырма. Дескриптор:
ҚБ
5-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. Екі топқа бөлініп, жағдаяттық тапсырманы орындау. Топтарыңа шетелдік қонақ келді. Өз еліңмен, ондағы құнды мұралармен таныстыруды сұрады. Бір нысанды таңдап алып, таныстырыңдар.
Дескриптор:
ҚБ |
Мәтінді мұқият оқыңыз. Синонимдік қатарларды тиімді қолданып, мәтінді өзгертіңіз.
Үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, талдаңдар.
Бос орынға еліктеу сөздерді қойып жазады; Еліктеу сөздердің қызметін анықтайды.
Жағдаяттық тапсырма. Екі топқа бөлініп, жағдаяттық тапсырманы орындау.
Екі топқа бөлініп, жағдаяттық тапсырманы орындайды. Шетелдік қонаққа өз елінің құнды мұралармен таныстырады; Еліктеу сөздерді қолданады; Тақырып бойынша ойын қорытындылайды |
ҚБ
ҚБ
ҚБ
ҚБ
|
(Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы) http://akikat.kazgazeta.kz/?p=5738 |
|||||||
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтырады
Үй тапсырмасы: 6-тапсырма |
|
|||||||||
шағым қалдыра аласыз










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген