400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

: 17∙5, 84:4 түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар кестеден тыс мына жағдайда: 17∙5; 84:4 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін біледі. Кестеден тыс мына жағдайда: 17∙5; 84:4 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін қолданады; қосындыны санға көбейту мен бөлудің ережелері негізінде екенін түсінеді. Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық орнату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

85-сабақ. 17∙5, 84:4 түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу/Кескіндеме

Оқу ісінің меңгерушісі:

Тақырыбы: 17∙5, 84:4 түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу/Кескіндеме

Мектеп: Қарақойын ЖОББМ

Күні: 16.01.19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жакупова А.З

3-сынып:

Қатысқандар саны:9

Қатыспағандар саны:0

Оқу мақсаттары

3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5, 96:6, 75:15, 84:4 ауызша көбейту және бөлуді орындау.

3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту және бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3.көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–ac көрсету және қолдану.

3.2.1.5.сандық өрнектерді салыстыру (3арифметикалық амалдан тұратын).

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-кестеден тыс мына жағдайда: 17∙5; 84:4 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін біледі.

Бірқатар оқушылар:

-кестеден тыс мына жағдайда: 17∙5; 84:4 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін қолданады; қосындыны санға көбейту мен бөлудің ережелері негізінде екенін түсінеді.

Кейбір оқушылар:

-есептеу тәсілдері негізінде жатқан көбейту қасиеттерінің формуласын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар






Оқушылар:

Кестеден тыс мына жағдайда: 17∙5; 84:4 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

-қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Мынадайжағдайларда қандай ережені қолдануға болады?

, 17∙5 көбейткішті және 84:4 бөлінгішті қандай қосылғыштарға жіктеген ыңғайлы?

Мынадай есептерді шығару үшін бір таңбалы сандарды көбейту және бөлу кестесін жақсы меңгергеннің көмегі тие ме?

Жазу:

Кестеден тыс мына жағдайда: 17∙5; 84:4 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін жазыңдар.

Тірек білім, білік, дағдылар

Қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі, көбейту кестесі.

Құндылық

Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу.

Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек. Қазақ тілі

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білім

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



3 мин




Психологиялық ахуал қалыптастыру Шаттық шеңберге шығып « Сәлемдесу, амандасу»ойыны «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, бір-

бірімен тез-тез көзбен, қолмен, иықпен амандасу

керек.

1,2,3-сандарымен топқа біріктіру Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! «Сақина салмақ ойыны» Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді? Ынталандыру. Мұғалім кескіндеме туралы әңгімелейді. Суреттер көрсетеді. Тағы да өлкелік өнер музейіне назар аудару керек, болмаса суреткерлердің әлемге танымал туындыларын жинақтау керек. Ұстаз кескіндеме жанрының түрлілігін, оның техникасы мен сан түрлі бояуларының болатынын баяндайды. Бағалау парақшасымен таныстыру

Шаттық шеңберге қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды

топқа біріктіру Бағалау парақшасымен таныстыру Суреттер немесе кескіндеме туралы бейнеролик.




10 мин


Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. «Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

(Ұ;Т) №1тапсырманы есептеп, қай сурет қандай бояумен салынғанын анықтайды. 11-ге көбейтуді балалар біледі. 11=10+1 қосындыны санға көбейту ережесін қолданып, бұл ұқсас амалды орындауға болады.

Сонымен қатар қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесін қайталау да бағдарламаға енеді.

Ережелердің әріптік жазбасы тақтаға ілінеді.

Мақсатты бекіту 17∙5; 84:4

Мұғалім оқушылардың қосындыны санға көбейту мен бөлу ережелерін қолдануды ұсынатынын тыңдайды. Бірақ мынадай шешім шығады, мұндай алгоритмді алғаш қолданып тұрғандықтан, оны дұрыс құру керек.Жарайсың! Тамаша!Керемет! (М,Б)

Тақтаға ілу үшін ержелердің әріптік жазбасы.

«Көшбас шы және тыңдаушылар» әдісі



13 мин


Қолдану Дәптермен жұмыс. Талдау Дәптермен , тақтамен жұмыс. Оқулықта берілген есептерді түріне қарай топта, жұпта, жеке орындату. Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру.Жаңаны ашу үшін алгоритм құру бойынша жұмыс жасайды.Бұл үшін №2 тапсырманың жазылуында түрлі түсті бағдарлар берілген.

17∙5=(10+7)∙5=10∙5+7∙5=50+35=85

Топ бойынша оқушыларға қадамдарды ретімен орындауға тапсырма беруге болады:

1. Санды разрядтық қосылғыштарға жікте.

2. Әрбір қосылғышты санға көбейт.

3. Шыққан нәтижелерді қос.

Бұл сабақта тексеру жүргізудің қажеті жоқ, себебі кері амал әлі өтілмеген.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

3 тапсырмада мысалдардың бір бөлігін түсінік бере отырып орындау керек.

Түсінік беру үшін үлгі-алгоритмді қолдануға болады:

Формативті бағалауға арналған дәптерден өздік жұмыс.

Түсіндіре отырып есептеу ұсынылады. Балаларға өзін- өзі тексеру үшін үлгі беріледі:

28∙4=(20+8)∙4=20∙4+8∙4=80+32=112

45∙9=(40+5)∙9=40∙9+5∙9=360+45=405

69:3=(60+9):3=60:3+9:3=20+3=23

77:7=(70+7):7=70:7+7:7=10+1=11 Смайликтер арқылы бағалау (Ө,Б)

Жетістік критерийлері ұсынылады:

Мен:

  • Кестеден тыс ауызша көбейту мен бөлуді орындаймын.

Қосындыны бір таңбалы санға көбейту мен бөлу ережесін қолданамын.

:


Оқулық, дәптер Смайликтер



Ватман, маркерлер

Сергіту сәті 1минут

«Қыдырып қайтайық»

Видеожазбадағы би


10 мин


Жаңаны қолдану. Синтез"Таңда да таста" әдісі

Сабаққа үш таңбалы сандарды көбейту мен бөлу жағдайлары да енгізілген. Мұндай мысалдарды балалардың өздері сабақтың басында құрастырған алгоритм негізінде түсіндіріп бере алады. Тек ол кезде санды 2-ге жіктеген, ал енді 3 қосылғышқа жіктейді.

Осылай 963:3 түріндегі бөлу тәсілін балалар №2 тапсырмадан көрді, ал 204∙2, 242∙2, 408:2, 484:2 және №:6 (а) және 7(а) №:6 (ә) және7 (ә) тапсырмаларын шетінен орындауға болады.

Өткенмен жұмыс.

4 тапсырма орындалу ретін анықтауға арналған. «Басбармақ» арқылы бағалау

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.

Оқулық, дәптер.

"Таңда да таста" әдісі

«Басбармақ» арқылы бағалау

3 мин

Кері байланыс


«Бағдаршам» әдісі

«Бағдаршам» әдісі

Бағалау парақшасы

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделенлдіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынай ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Бүгінгі сабақта оқушылар санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеуді, кері есептерді құрастыруды және шешуді үйренді. Сыныптағы ахуал белсенді болды. Сабақ өткізуге жоспарлаған тасырмалар өте тиімді болды. Сабаққа берілген уақытты тиімді қолдана алдым.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Топтық жұмыс

2: Оқулық бойынша түсіндіру

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?

1: Жеке жұмыс

2: Өздерін бағалауы

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Қосымша материалдар жинақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
1344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі