|
Ұйымдастыру
кезеңі. Топқа бөлу
1,2,3 деп санау
арқылы топқа бөлу.
Сыныпта жағымды
ахуал қалыптастыру.
«Менің аспандағы
жұлдызым»
Оқушыларға парақтарға
жұлдызды салу ұсынылады. Жұлдыздың қырларына әрбір оқушы өз
бойындағы жақсы қасиеттерді жазу керек. Жұлдыздың ортасына өз
есімін жазады. Сосын парақтар шеңбер бойынша бір-біріне беріледі.
Әрбір оқушы сыныптасының бойынан расында да сол қасиетті байқаса,
астын сызады, байқамаса сызбайды. Егер ол сыныптасының бойында тағы
да жазылмаған басқа қасиеттер байқаса, онда қосып жазып қояды. Ойын
соңында парақ иесіне қайтып
оралады.
ТЫҢДАЛЫМ
АЛДЫ.
Берілген
дәйексөздер арқылы оқушылар сабақ тақырыбына болжау
жасайды.
Оқушылар
суреттерге қарап сабақ тақырыбын
болжайды.

Сонымен, балалар, бүгінгі
сабағымыз не туралы?
Оқушылар өз пікірлерін
білдіреді.
Сабақтың
тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерін
анықтау
ІІ. ТЫҢДАЛЫМ
ТАПСЫРМАСЫ
2-тапсырма. Аудиожазбадан (08. mp3) «Ата
Заң – мемлекеттің негізі» тақырыбында алынған үзіндіні тыңдаңдар.
Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарастарыңды білдіріп, сыни тұрғыда
баға беріңдер.
А) Тақырыпқа қатысты тиісті сөздер
мен фразаларды теріп
жазыңдар.
Ә) «Азат елдің ар-намысы – Ата
Заң» деген тақырыпта монолог құрастырып айтыңыз. Монолог құрастыру
барысында таңдап алған тиісті сөздер мен фразаларды
қолданыңыз.
Б) Монолог құрастыру
барысында салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
қолданыңыз.
Дескриптор:
- сөздер мен фразаларды теріп
жазады;
- жағдаятқа сай монолог
құрастырады ;
- тиісті сөздер мен фразаларды
қолданады.
- салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
қолданады.
Мұғалімнің кері
байланысы. Топтардың тапсырманы
орындаудаға жетістіктері мен ұсыныстарын
айтады
ТЫҢДАЛЫМНАН
КЕЙІН.
5-тапсырма.
Берілген өлең бойынша топтық тапсырмаларды
орындаңдар.
1-топ. Өлеңдегі салалас құрмалас
сөйлемнің түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын
түсіндіріңдер.
2-топ. Өлеңдегі жай және құрмалас
сөйлемдердің ерекшеліктерін
түсіндіріңдер.
3-топ. Алғашқы және соңғы шумақтарын
салалас құрмалас сөйлемдер түрінде жазып, түпнұсқамен
салыстырыңдар.
Еліне арналатын тілегі
шын,
Ей, ұлым – Отанымның
түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп
тұрған
Қадірін Ата Заңның
білемісің?!
Бағынған өз заңына жұмыр
ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім
суынбаған.
Қоғамның сан саласын
реттейтін,
Әрбір заң Ата Заңнан
туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ
кемені,
Осы жол халықтың да нақ
сенері.
«Халқыма адалмын!» деп Ата
Заңға,
Елбасы қолын қойып, Ант
береді.
Нұр шашқан жас ұрпақтың
ұғымына,
Тікелей әсер еткен
ғұмырына
Айналды Ата Заңым
мызғымайтын,
Тәуелсіз мемлекеттің
тұғырына!
Өркендеп өз қолына алған
ісі,
Биікке қазағымның самға,
құсы!
Халық боп қадір тұтып,
қастерлеген,
Ата Заң – азат елдің
ар-намысы!
Дескриптор:
- өлеңдегі салалас құрмалас
сөйлемнің түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын
түсіндіреді;.
- Өлеңдегі жай және құрмалас
сөйлемдердің ерекшеліктерін
түсіндіреді;
-
Алғашқы және соңғы шумақтарын
салалас құрмалас сөйлемдер түрінде жазып, түпнұсқамен
салыстырады.
|