400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

№ 1 БЖБ 10 ЖМБ қазақ тілі 4-тоқсан жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
№ 1 БЖБ 10 ЖМБ қазақ тілі 4-тоқсан жауабымен Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Киіз үй – ата-бабамыздың басты баспанасы, тек қазақ халқының қана емес, түркілердің және көптеген көрші елдердің киелі тұрақ-мекені болды. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі оның қастерлеп ұстаған, киелі тұтқан тұрағы, мекені, баспанасы, мақтанышы болған. Киіз үй – баспана ғана емес, сәулет, құрылыс, қолөнер жетістігінің тамаша үлгісі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

10-сынып қазақ тілі пәні БЖБ (жаратылыстану-математикалық бағыт)

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма»



Оқу мақсаты:

10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты

аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;

10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

Бағалау критерийі

  • мәтіндегі тілдік оралымдарды қолданып сұрақтарға жауап беру арқылы мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды анықтайды;

  • тыныс белгілерін қойылуын ережеге сай түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының қолдану

деңгейі:

Орындау уақыты: 15-20 минут


Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Киіз үй – ата-бабамыздың басты баспанасы, тек қазақ халқының қана емес, түркілердің және көптеген көрші елдердің киелі тұрақ-мекені болды.

Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі оның қастерлеп ұстаған, киелі тұтқан тұрағы, мекені, баспанасы, мақтанышы болған. Киіз үй – баспана ғана емес, сәулет, құрылыс, қолөнер жетістігінің тамаша үлгісі.

Киіз үйдің негізгі бөлшектері: кереге, шаңырақ, уық, сықырлауық.

Кереге киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын!» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге байланысты. Кереге санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады.

Шаңырақтың пішіні күмбез тәріздес, уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. «Шаңырақ» деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді.

Уық – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Әр үйде көлеміне қарай 60–160-тай уық болады.

Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықырлауық, ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік, ол киізден жасалады, сықырлауықтың сыртынан жабылады.

Үй сүйегі әзір болған соң, оның киіздері жасалады. Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады.

Киіз үйді қазақ халқы қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй – қазақтың баспанасы, мүлкі, мақтанышы.


1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мәтіндегі (мақала) тілдік оралымдарды қолданып сұрақтарға жауап беру арқылы мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды анықтаңыз.

1.Киіз үйдің есігі не деп аталады? _______________________________________________

2. Шаңырақты жабатын киіз қалай аталады? ______________________________________

3. Ең бірінші киіз үйдің несі құрылады? __________________________________________

4. Керегені жабатын киіз қалай аталады? _________________________________________

5. Уықты жабатын киіз не деп аталады? __________________________________________

6. Киіз үйдің ағаш сүйегіне нелер жатады? ________________________________________

7. Киіз үйдің киіз жабдығының атауларын білесің бе? ______________________________

8. Шаңырақ пен керегені бекітетін ағаш қалай аталады? ____________________________

9. Үйдің уық қадайтын дөңгелек шеңбері қалай аталады? ___________________________


2-тапсырма. Мәтіндегі сызықша мен тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңдер.

Мысалдар

Тыныс белгісі

Қойылу себебі

Киіз үй – ата-бабамыздың басты баспанасы, тек қазақ халқының қана емес, түркілердің және көптеген көрші елдердің киелі тұрақ-мекені болды.

Сызықша


Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықырлауық, ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік, ол киізден жасалады, сықырлауықтың сыртынан жабылады.

Сызықша


«Керегең кең болсын!» деген тілек осыдан шыққан.

Тырнақша


«Шаңырақ» деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді.

Тырнақша




Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор Білім алушы

Балл

мәтіндегі тілдік оралымдарды қолданып сұрақтарға жауап беру арқылы мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды анықтайды;

1


2


3

Мәтінді тыңдап, мәтіндегі (мақала) тілдік оралымдарды қолданып сұрақтарға жауап береді;

1

1

1

мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды анықтайды;

1

1

1

тыныс белгілерін қойылуын ережеге сай түсіндіреді.

4

Тыныс белгілерінің қойылу мақсатын түсіндіреді:

1-сөйлем ;

2-сөйлем;

3-сөйлем;

4-сөйлем.



1

1

1

1



Барлығы

10


Дұрыс жауаптар

1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мәтіндегі (мақала) тілдік оралымдарды қолданып сұрақтарға жауап беру арқылы мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды анықтаңыз.

1.Киіз үйдің есігі не деп аталады? Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықырлауық, ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік, ол киізден жасалады, сықырлауықтың сыртынан жабылады. _______________________________________________

2. Шаңырақты жабатын киіз қалай аталады? шаңырақты жабатыны түндік ______________________________________

3. Ең бірінші киіз үйдің несі құрылады? керегесі__________________________________________

4. Керегені жабатын киіз қалай аталады? туырлық_________________________________________

5. Уықты жабатын киіз не деп аталады? _үзік_________________________________________

6. Киіз үйдің ағаш сүйегіне нелер жатады? _кереге, уық, шаңырақ,сықырлауық _______________________________________

7. Киіз үйдің киіз жабдығының атауларын білесің бе? _ Киіздері кереге бойына туырлық, шаңыраққа дейін үзік, шаңырақты жабатыны түндік және киіз есік деп аталады. Олар қойдың ақ күзем жүнінен басылады._____________________________

8. Шаңырақ пен керегені бекітетін ағаш қалай аталады? _ Уық – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. ___________________________

9. Үйдің уық қадайтын дөңгелек шеңбері қалай аталады? Шаңырақтың пішіні күмбез тәріздес, уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. ___________________________


2-тапсырма. Мәтіндегі сызықша мен тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңдер.

Мысалдар

Тыныс белгісі

Қойылу себебі

Киіз үй – ата-бабамыздың басты баспанасы, тек қазақ халқының қана емес, түркілердің және көптеген көрші елдердің киелі тұрақ-мекені болды.

Сызықша

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болған кезде, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

Киіз үйде есік екеу болады: ішкі есік – сықырлауық, ағаштан жасалады, екіншісі – киіз есік, ол киізден жасалады, сықырлауықтың сыртынан жабылады.

Сызықша

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болған кезде, бастауыштан кейін сызықша қойылады.

«Керегең кең болсын!» деген тілек осыдан шыққан.

Тырнақша

Мәтін ішіндегі дәйексөз тырнақшаға алынады.

«Шаңырақ» деген сөз «үй, отбасы» деген тұтас ұғымды да бейнелейді.

Тырнақша

Нысан етіп алынған сөздер не сөз тізбектері,әріптер тынақшаға алынады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
14.05.2024
320
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі