№ 1 БЖБ 9-сынып қазак тілі ІІ тоқсан жауабымен

Тақырып бойынша 31 материал табылды

№ 1 БЖБ 9-сынып қазак тілі ІІ тоқсан жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
№ 1 БЖБ 9-сынып қазак тілі ІІ тоқсан жауабымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

9-cынып № 1 БЖБ

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша

жиынтық бағалау

Білім алушы____________________________________________________________________

Оқу мақсаты:

9.1.2.1 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;

9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу.

Бағалау критерийі Білім алушы

  • әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды;

  • құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін ажырата біледі.


Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану


Орындау уақыты: 20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз
Кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, жылы көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да жүрегіміздің лүпіліндей естіледі. Әрине, бұл – қазақ жұрты, барлық Қазақстан елі ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Ол – ән, ол – жыр, ол – әдемілік, ол – асыл арман, ол – шалқыған шаттық, ол – көркейген сәулет! Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында. Бар әлемді бір дүр сілкіндірген табыстарымыздың ұйтқысы да – осында. Бейбітшілігіміз де, жақсылығымыздың да, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.


а) Мәтін кімдерге арналып айтылған? Аудиториясы кімдер? (сұраққа ауызша жауап беріңіз).


ә) Мәтіннен көркемдегіш құралдарды теріп жазыңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не

үшін қолданды?


Эпитет- _ _________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Теңеу- _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

Метафора- _________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма. Берілген құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазыңыздар.

1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген атақ беріліп, медальмен марапатталды. Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық мәдениетіміз қайта жаңғырды және қазақтың асқақ өнері мен бай мәдени мұрасы әлем халқының рухани байлығына қосылды.

ХХІ ғасырда барлық табысты ұлттардың жолын индустриялық әлеует пен инновациялар айқындайды, сондықтан индустриялық-инновациялық дамудың жоғары нәтижесі – Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық бекемдігінің басты мәселесі. Тәуелсіздік – жасампаз халқымызға сарқылмас қуат беретін, көзіне нұр, көңіліне шуақ құятын кәусар бұлағымыз, сол себепті біз кемеңгерлігі мен көрегендігі, бірлігі мен бірегей мақсаткерлігі қатар өрілген Мәңгілік Елімізді мақтан тұтамыз. Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық, Мәңгілік Елдің жүрегіне айналған мәңгілік Астанамызды тұрғыздық, Мәңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мәңгілік өшпес жылнама жаздық.


Салалас құрмалас сөйлемдер

Сабақтас құрмалас сөйлемдер

Аралас құрмалас сөйлемдер


















Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл


әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды;

құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін ажырата біледі.

1





Мәтіннің аудиториясын анықтайды;

1

1

Мәтіннен көркемдегіш құралдарды теріп жазады;

1

1

Автордың қолданылу мақсатын анықтайды;

1

1



Құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата алады;

1

1

Берілген құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазады.

1

1

Барлығы – 10 балл

Ықтимал жауаптар

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз
Кішкентай ғана жүрегім әрқашан Отаным деп соғады. Отан деген сөздің өзі – қасиетті ұғым. Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, жылы көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да жүрегіміздің лүпіліндей естіледі. Әрине, бұл – қазақ жұрты, барлық Қазақстан елі ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Ол – ән, ол – жыр, ол – әдемілік, ол – асыл арман, ол – шалқыған шаттық, ол – көркейген сәулет! Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында. Бар әлемді бір дүр сілкіндірген табыстарымыздың ұйтқысы да – осында. Бейбітшілігіміз де, жақсылығымыздың да, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.


а) Мәтін кімдерге арналып айтылған? Аудиториясы кімдер? (сұраққа ауызша жауап беріңіз).

Мәтін жалпы көпшілікке арналған. Тыңдаушылардың туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында жазылған.

ә) Мәтіннен көркемдегіш құралдарды теріп жазыңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не

үшін қолданды?

Мәтіндегі көркемдегіш құралдардың рөлі өте жоғары. Олар мәтінді әсемдеп, әсерлеп, бейнелеп, автордың шеберлігін танытып тұр.

Эпитет- _ Кішкентай жүрегім, қасиетті ұғым, Туған жер, ыстық сөз, жылы көңіл, асыл сөз, асыл арман, шалқыған шаттық, көркейген сәулет, үлкен үйіміз, биік шаңырағымыз.

Эпитет заттар мен құбылыстардың әсем көрінісін, айрықша белгісін сипаттау мақсатында қолданылған.

_______________________________________________________________

Теңеу- жүрегіміздің лүпіліндей.

_________________________________________________________________

Метафора- ыстық сөз, жылы лебіз, махаббатымыздың ұясы, Ол – ән, ол – жыр, ол – әдемілік, ол – асыл арман, ол – шалқыған шаттық, ол – көркейген сәулет!

____________________________________________________________

2-тапсырма. Берілген құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып жазыңыздар.

1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген атақ беріліп, медальмен марапатталды. Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық мәдениетіміз қайта жаңғырды және қазақтың асқақ өнері мен бай мәдени мұрасы әлем халқының рухани байлығына қосылды.

ХХІ ғасырда барлық табысты ұлттардың жолын индустриялық әлеует пен инновациялар айқындайды, сондықтан индустриялық-инновациялық дамудың жоғары нәтижесі – Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық бекемдігінің басты мәселесі. Тәуелсіздік – жасампаз халқымызға сарқылмас қуат беретін, көзіне нұр, көңіліне шуақ құятын кәусар бұлағымыз, сол себепті біз кемеңгерлігі мен көрегендігі, бірлігі мен бірегей мақсаткерлігі қатар өрілген Мәңгілік Елімізді мақтан тұтамыз. Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық, Мәңгілік Елдің жүрегіне айналған мәңгілік Астанамызды тұрғыздық, Мәңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мәңгілік өшпес жылнама жаздық.


Салалас құрмалас сөйлемдер

Сабақтас құрмалас сөйлемдер

Аралас құрмалас сөйлемдер

Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық мәдениетіміз қайта жаңғырды және қазақтың асқақ өнері мен бай мәдени мұрасы әлем халқының рухани байлығына қосылды.

Тәуелсіздік – жасампаз халқымызға сарқылмас қуат беретін, көзіне нұр, көңіліне шуақ құятын кәусар бұлағымыз, сол себепті біз кемеңгерлігі мен көрегендігі, бірлігі мен бірегей мақсаткерлігі қатар өрілген Мәңгілік Елімізді мақтан тұтамыз.


1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген атақ беріліп, медальмен марапатталды.

Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық, Мәңгілік Елдің жүрегіне айналған мәңгілік Астанамызды тұрғыздық, Мәңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мәңгілік өшпес жылнама жаздық.


















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2024
644
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі