400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

№_2_БЖБ_қазақ_тілі_7_сынып_4_тоқсан жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
№_2_БЖБ_қазақ_тілі_7_сынып_4_тоқсан жауабымен Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология» Бөлім «Ғылыми фантастика. Пунктуация»
Материалдың қысқаша нұсқасы

7-сынып БЖБ қазақ тілі 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология»

Бөлім «Ғылыми фантастика. Пунктуация»


Оқу мақсаты


7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;

7.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу;

7.4.5.1 -сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.


Бағалау критерийі







Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Білім алушы

  • мәтінді мазмұны бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады;

  • мәтіндегі даралаушы және ерекшелеуші тыныс белгілерінің қолданылу себебін талдайды;

  • шағын фантастикалық әңгіме құрастырып жазады;

  • Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшелігіне сай қолданады.


Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Қазақ халқы ертеден ырымшыл келеді. Айналасында болып жатқан оқиғаларды, табиғи құбылыстарды, ауа-райының құбылуын, жұлдыздардың көкте орналасуын ғажайыпқа теңеген. Тіпті, ғажайыпқа балаған дүниелерді ырым-тиыммен сабақтастырған. Осы мәнде қазақ әдебиетінде қиял-ғажайыпқа толы туындылар да жоқ емес.

Қазақ әдебиетіндегі алғашқы фантастикалық туынды – А. Машанидің 1957 жылы жарық көрген "Жер астына саяхат" кітабы. Аты айтып тұрғандай, кітап бастан аяқ жер астындағы оқиғалар туралы суреттеледі. Автордың өзі сол саланың адамы болған соң, мантия мен ядро туралы сыр шертеді. Жер астындағы саяхаттың көрінісін, ғылыми-фантастикалық түрде әдемі жеткізеді.

Т. Сұлтанбеков. "Лұхман Хакім" кітабы. Бұл фантастикалық шығармада – Лұхман Хакімнің өміріне жастайынан қызыққан, тіпті, Хакім өмірін зерттеуге де қамданған жас жігіттің бастан кешкен оқиғалары суреттеледі.

Медеу Сәрсеке – қазақ әдебиетіндегі ғылыми фантастиканың дамуына өз үлесін қосқан алғашқы фантаст жазушылардың бірі. 1959 жылы "Ғажайып сәуле" хикаяты жарық көрді. Әңгіме ерекше сюжетте өршиді. Көрінбейтін адам мен ғажайып сәуленің қайдан шыққаны, адам ағзасына зиян химиялық және физикалық қосылыстардың немесе жердің құрауыш бөлігі ядроның құрамындағы нейтрондар мен протондардың тіршілік иелерінің ағзасына тигізетін зияны, сондай-ақ, романның не үшін "Ғажайып сәуле" деп аталатынын жеткізеді.

Жүніс Сахиев — Қазақстанда сериялы ғылыми-фантастикалық романдар жазуды бастаушы. Оның фантастикалық шығармасының бірі - "Шолпанға көшкен ауыл"  романы Романда аспан әлемін зерттеуші мықтылардың таңғажайып оқиғалары баяндалады. Ғалым зерттеушілердің қазақ жерінен ең көрікті, топырағы құнарлы, жұмақ мекенді таңдап алып, жарық жұтқыш құрылғы арқылы оны Шолпан жұлдызына қондырғаны туралы адам сенгісіз хикая ғылыми түрде баяндалады. Бұл романның өзге романдардан ерекшелігі ғарыш әлемі мен қазақ ауылын байланыстыруда.

Қазақ әдебиетіндегі фантастикалық жанр өз оқырманын, қазақ қоғамын жаңашылдыққа жетелейтін жанр. Сондай-ақ фантастикалық туындылар әдебиетіміздің керегесін кеңейтіп, көсегесін көгертетіні анық.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/61781/

1-тапсырма. «1 сұрақ- 1 жауап» тәсілі. Мәтіннен жауабы табылатындай көтерілген мәселені анықтауға бағытталған проблемалық сұрақ құрастырыңдар және оған жауап жазыңдар.

Сұрақ

Жауап

1.









2-тапсырма. Берілген мәтіндегі тыныс белгілердің қойылу себебін кестеге түсіріңдер.


Тыныс белгілері

Мәтіннен мысал

Қолданылу себебі

Үтір




Нүкте




Тырнақша




Сызықша






3-тапсырма. Берілген үзіндіні жалғастырып, қазақтың киіз үйі мен ұлттық тағамдарын, сусындарын қатыстырып шағын фантастикалық әңгіме жазып көріңдер.

L планетасының тұрғындары айықпас дертке шалдықты. Планета профессорлары бұл дерттен емделудің керемет жолын тапты, ол – Жер планетасында жылқы деген малдан алынатын сусын – қымыз деп аталады екен...

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтінді оқылым стратегияларын қолданып талдайды;


1




Мәтіннен жауабы табылатындай көтерілген мәселені анықтауға бағытталған проблемалық сұрақ құрастырады;

1

1

проблемалық сұраққа жүйелі жауап жазады;

1

  • даралаушы және

ерекшелеуші тыныс белгілерін дұрыс қолданады.



4

Берілген мәтіндегі тыныс белгілердің қойылу себебін кестеге түсіреді:

  • Үтірдің қойылуы;

  • Нүктенің қойылуы;

  • Тырнақшаның қойылуы;

  • Сызықшаның қойылуына мәтіннен мысал келтіреді.




1

1


Тыныс белгілердің қолданылу себебін түсіндіреді;

1

1



5

- қазақтың киіз үйі мен ұлттық тағамдарын, сусындарын қатыстырып шағын фантастикалық әңгіме жазады;

1

- Берілген үзіндіні жалғастырады;

1

- әңгімені тақырыпқа сай жазады.

1

Барлығы

10





Дұрыс жауаптар

1-тапсырма. «1 сұрақ- 1 жауап» тәсілі. Мәтіннен жауабы табылатындай көтерілген мәселені анықтауға бағытталған проблемалық сұрақ құрастырыңдар және оған жауап жазыңдар.

Сұрақ

Жауап

1.Фантастикалық шығарма ненің әсерінен дүниеге келген?

Қазақ халқы айналасында болып жатқан оқиғаларды, табиғи құбылыстарды, ауа-райының құбылуын, жұлдыздардың көкте орналасуын ғажайыпқа теңеген. Тіпті, ғажайыпқа балаған дүниелерді ырым – тиыммен сабақтастырған. Осы мәнде қазақ әдебиетінде қиял-ғажайыпқа толы туындылар дүниеге келген.




2-тапсырма. Берілген мәтіндегі тыныс белгілердің қойылу себебін кестеге түсіріңдер.


Тыныс белгілері

Мәтіннен мысал

Қолданылу себебі

Үтір


Айналасында болып жатқан оқиғаларды, табиғи құбылыстарды, ауа-райының құбылуын, жұлдыздардың көкте орналасуын ғажайыпқа теңеген.

Сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерiнің арасына қойылып тұр. Үтір сөйлемдегi сөздердi немесе сөз

тiркестерiн бiр­бiрiнен бөлу, ерекшелеу үшiн қолданылады. Негізгі қызметі – ерекшелеуші, сөйлем ішіндегі белгілі бір сөзді не тіркесті басқаларынан ерекшелеп тұрады.

Нүкте


Қазақ халқы ертеден ырымшыл келеді.

Хабарлау мақсатынан туындаған сөйлемнің соңына нүкте қойылады. Негізгі қызметі – даралаушы, бір ойды екінші ойдан даралап, бөліп тұрады.

Тырнақша


Т. Сұлтанбеков. "Лұхман Хакім" кітабы.

Шығарма аты болғандықтан тырнақшаға алынады. Негізгі қызметі – ерекшелеуші, сөйлем ішіндегі белгілі бір сөзді не тіркесті басқаларынан ерекшелеп тұрады.

Сызықша


Медеу Сәрсеке – қазақ әдебиетіндегі ғылыми фантастиканың дамуына өз үлесін қосқан алғашқы фантаст жазушылардың бірі.

Бастауыш тобындағы сөздерді есім баяндауыш тобындағы сөздерден бөліп көрсетеді. Негізгі қызметі – ерекшелеуші, сөйлем ішіндегі белгілі бір сөзді не тіркесті басқаларынан ерекшелеп тұрады.


3-тапсырма. Берілген үзіндіні жалғастырып, қазақтың киіз үйі мен ұлттық тағамдарын, сусындарын қатыстырып шағын фантастикалық әңгіме жазып көріңдер.

L планетасының тұрғындары айықпас дертке шалдықты. Планета профессорлары бұл дерттен емделудің керемет жолын тапты, ол – Жер планетасында жылқы деген малдан алынатын сусын – қымыз деп аталады екен...

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
15.05.2024
702
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі