№ 2 Достықты сақтаудың жолдары.docx

Тақырып бойынша 16 материал табылды

№ 2 Достықты сақтаудың жолдары.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.3.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу; 7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Бөлім: Сүйіспеншілік пен достық.

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Достықты сақтаудың жолдары





Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.3.1. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;

7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, фразеологизмдердің ерекшеліктерін білу;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіннен ақпараттарды анықтай алады, фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіннен ақпаратты анықтап, ойын дәлелді жеткізе алады, фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Бағалау критерийлері:

  • Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіне алады;

  • Факті мен көзқарасты ажырата алады.

  • фразеологизмдердің көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
























Сабақтың ортасы





















































І. Ұйымдастыру кезеңі

Жағымды психологиялық ахуал

«Сенімділік» жаттығуы

  • Шарты: таратылған ақ парақтарды ортасынан екіге бөліңіз.

  • Бір бөлігіне өзіңіздің жақсы қасиеттеріңізді, екінші бөлігіне жағымсыз қылықтарыңызды жазыңыз.

  • Осы парақтардың сіздің жақсы азамат не азаматша болып өсуіңізге көмектесетін бөлігін жыртып, өзіңізге алып қалыңыз.

  • Екінші бөлікті (жағымсыз қылықтарды) умаждап, қоқыс жәшігіне салыңыз.

Қызығушылықты ояту. Оқушылар суреттерге байланысты өз ойларын білдіріп, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды..

Ұлдар арасындағы

достық

Жануарлар мен адамдар достығы

Ұл мен қыз арасындағы достық

ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ

1.Достықты сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

2.Досыңды ренжітпеу үшін оның орынсыз өтініштерін де орындай беру керек пе?

3.Досыңның қателігін бетіне айтқан дұрыс па?

4.Достықтың ғұмыры ұзақ болу үшін ,оларды байланыстаратын қандай ортақ қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар?

Дескриптор:

  • Өлеңге байланысты өз пікірін білдіреді.

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Өмірден дәлелдер келтіреді;

  • Ой тұжырымдайды.

ҚБ "Мұғалімнің мадақтауы" (Жарайсың!Тамша!Керемет!)

ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

Оқушыларға тыңдатылым мәтіні тыңдатылады.

"Екі дос" жайлы тыңдалым тыңдатылады.

Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

    • Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

  • Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

  • Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

  • Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы.

  • Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді.

Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Тапсырма:

Факті мен көзқарасты ажырата білу үшін теориялық материалдар еске түсіріледі.

  • Факт – шындығында болған немесе бар нәрселер, яғни шындық.

  • Көзқарас – бұл біреудің немесе бірнеше адамның пікірі, жағдайға байланысты көзқарасы. Шын немесе жалған болатын нәрселерге берілетін субьективті бағасы.

1,3-топ: ПОПС формуласы

    • " Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді."Осы сұрақтың төңірегінде оқушылар өз ойларын айтып диалогқа түсіп, тұжырым жасап факт немесе көз қарас екенін дәлелдеу

  • Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

  • Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

  • Үшінші сөйлем «Оны мен мына факт, мысалдармен дәлелдей аламын … »

  • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім .. ».

ҚБ "Қол шапалақ"

2-топ: «Ромбтық» жіктелім Мәтіннен негізгі ақпарат,қосымша ақпарат ,көзқарасты тауып орналастыру

Төс қағысқан дос болды.




Көзімді ал да, досымды босат

Екі достың бірі жау қолына түсті




Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді

Әскерлер өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды

Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.




Өмірімді қияр едім

Зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады.



Бетпе -бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар




ҚБ "Басбармақ"

Бағалау критерийі:

Дескрипторлар:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді .

Мәтіндегі негізгі ақпарат пен көзқарасты табады.

-берілген ақпараттарды ажыратады;

-факт немесе көзқарас екенін белгілейді.



ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН. ӘТН.

4-тапсырма. Достық пен қастық туралы фразеологизмдер жинап, мәндес және қарсы мәндес фразеологизмдерді топтастырыңдар.

Дескриптор:

  • Достық пен қастық туралы фразеологизмдер жинақтайды;

  • мәндес және қарсы мәндес фразеологизмдерді топтастырады;

  • мағынасын ашады.

ҚБ

Оқушы назары сабаққа аударылады.







Оқушылар суреттерге байланысты өз ойларын білдіріп, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.








Өлеңге байланысты өз пікірін білдіреді.

Сұрақтарға жауап береді;

Өмірден дәлелдер келтіреді;

Ой тұжырымдайды.














"Екі дос" жайлы тыңдалым тыңдатылады.





























Факті мен көзқарасты ажырата білу үшін теориялық материалдар еске түсіріледі.



1,3-топ: ПОПС формуласы арқылы факт пен көзқарасты анықтайды.






2-топ: «Ромбтық жіктелім» әдісі арқылы факт пен көзқарасты анықтайды.









Грамматикалық тақырыпты меңгереді.





Грамматикалық тапсырмалар орындайды. орындайды.









































"Мұғалімнің мадақтауы" (Жарайсың!Тамша!Керемет!)







































































































Тыңдалым материалы



























































Сабақтың соңы


Кері байланыс:

Жетістік баспалдағы


Үйге тапсырма :

4-тапсырма


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)




Ойлану

1.Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

2.Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

3.Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

4.Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

5.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.«

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым.

1.Келесі сабақтарда оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы үшін, оқу мақсаттарының сәтті жүзеге асуы үшін әдіс –тәсілдерді көбірек сабақ үстінде қолдану керектігін ойға түйдім.

2.Оқушылардың бірін-бірі бағалауын дұрыс ұйымдастыруды жолға қою керекпін.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2024
84
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі