400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" 2 саны мен цифры "

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттар жұбы туралы түсінік беру, заттарды жұптастырып, оларға сипатама беруді үйрету, жұп заттың санын білдіретінін 2 цифрмен таныстыру 2 – цифрын жазуды үйрету, сан және цифр терминдерін ажырата білуге үйрету, заттарды санаттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта.

Тақырыбы: «2 саны мен цифры »

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қ.МҰ.Қ.»

Мақсаты: Заттар жұбы туралы түсінік беру, заттарды жұптастырып, оларға сипатама беруді үйрету,

жұп заттың санын білдіретінін 2 цифрмен таныстыру 2 – цифрын жазуды үйрету, сан және цифр терминдерін ажырата білуге үйрету, заттарды санау, олардың атаулары мен ретін анықтау,

сандарды жазу дағдысын бекіту.Логикалық ойлау және есте сақтау қаблетін дамыту.

Бір –бірінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Тапсырмалар арқылы өткен тақырыпты пысықтау,.

Әдіс – тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту сәті, әңгімелесу.

Қажетті көрнекі құралдар: Математика дәптері, жұп заттар,

Қостілділік компонент /билингвальный/:



Іс - әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс- әрекеті




Балалардың іс - әрекеті


Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

- Балалар, сиқырлы паровозға мінейік. Тапсырма бойынша вагондарға ертегі кейіпкерлерін терезе санына қарай отырғызуымыз қажет. Тақтаға паровоз бен бірнеше вагонның (3-5) вагон суретін жапсырады.

Балалар ойынға қатысады.Әр вагонға 2 кейіпкер мінетінін анықтайды.Аңдарды вагондарға отырғызады.





Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

- Біз паровозға неше вагон тіркедік?

Әр вагонды таяқшамен көрсетіп, балалармен бірге дауыстап санайды. Содан соң балаларға айтады.

-Қане, балалар енді терезелерді санаймыз. 1,2, және т.б. Әр вагонда 2- терезе немесе қос терезе бар. 2-ден тұрған заттарды іздейік.

- Балалар, біздің неше қолымыз, неше аяғымыз бар?

- Көзіміз, құлағымыз бар? Біз екі заты жұп деп атаймыз.Мысалы: бір жұп қолғап, бір жұп аяқ киім. және т.б. Сонда бір жұп затты қандай санмен белгілейміз?

Цифрды тақтадан ннемесе дәптерден көрсетеді.

2- цифры туралы өлең оқиды.

Айдын көлдің бетінде,

Мойнын иіп жүзгенде.

Бұл «аққу» ма, «2 » ме?

Деп қаламыз біз кейде.

-Дәптердегі 1- тапсырманы орындайды. Қоңыз нешеу екен?

2- немесе жұп.

Көрсетілген бағыт сызығы бойынша саусақпен басып жазамыз.

1.Дөңгелек сызықты оңнан солға қарай сызамыз. Содан соң көлбеу сызықты жоғарыдан төмен қарай және көлденең сызықты оңға қарай сызамыз. Егер балалар «көлденең және көлбеу» деген сөздерді білмейтін болса, сызатын бағытты ауаға немесе тақтаға сызып көрсету.

- Цифр дегеніміз санның таңбасы екенін ұғындыру. Тәрбиеші үстелге отырғызу тәртібін қайталайды.

Содан соң 2- цифрын қатарын карандашпен қоршап сызуды өтінеді. Балаларды оқу іс- әрекетінде белсенділік танытып тапсырманы мұқият әрі таза орындағаны үшін мадақтау.

Сергіту сәті:

2 рет секіру.

Оң аяқпен 2- рет,

Сол аяқпен – 2 рет.

Қол шапалақтау -2 рет,

Парталас көршісімен

2 рет алақан соғу.

2- тапсырманы орындау.

2- цифрын тауып оны әдемі бояу қажет.

Вагондарға.

Вагондарға кейіпкерлерді, вагондардың терезелерін санайды. Екі, жұп деген сөздерді дауыстап қайталайды.





Жұп заттарды іздейді.








2 – санымен.



Дәптерді ашып – тапсырманы орындайды. Ауаға немессе қағазға қолымен жазады.

Цифрларды тиісті бағыт бойынша сызады, 2 санын қатыстыра отырып, сергіту сәтін орындайды.

2- тапсырмадағы

2 цифры бар палитраларды бояйды.













Сергіту сәтінде тәрбиеші нұсқауы бойынша қимылдар жасайды.

Дәптердегі 2- тапсырманы орындайды.




Іс- әрекеттің бағалау кезеңі

Ертегі кейіпкерлерін шығарып салып, оларға жаңа сан мен цифрды үйренуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.

Балалардан қандай сан мен цифрмен танысқандарын сұрайды.

- Қоштасарда кейіпкерлерімізге не үйренгенімізді көрсетейік. Қане, 3 – тапсырманы орындайық. Әр топтағы заттардан тек 2 еуін ғана бояймыз. Балаларға рахмет айтады және үстелдің үстін реттеуді сұрайды. Балалар бір – біріне алғыс білдіреді.

Кейіпкерлерді рахмет айтып шығарып салады. Оқу іс-әрекетін қорытады 2 санымен таныстық. оның жұп сан немесе жұп зат дегенді білдіретінін білдік, 2 цифрын таныдық.

3- тапсырманы орындайды. Үстел үстін жинастырады.Бір –біріне рахмет айтады.


Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: 2 саны мен цифрын, жұп сөзінің мағынасын.


Қандай түсініктерді игерді: Жұп заттарды тауды, 2 цифрын тани білуді.


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: 2 цифрын қалай жазылуды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі