400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" 2 санын қосу және азайту" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"2 санын қосу және азайту" сабақ жоспары 1 сыныптың математика пәні бойынша құрылған. Сабақ жоспарының негізіне "Жеті лақ " халық ертегісі алынған. Оқушылар ертегіні тыңдай отырып, берілген тапсырмаларды мұқият орындауға тырысады. Бұл әдіс- оқушылардың ойлау қабілетін ұштаумен қатар, оларды зейін қоып тыңдауға, жылдам есептеуге дағдыландырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ахметова Айзат Абдрахманқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

«Ортадересін жалпы орта

білім беретін мектеп» КММ

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

Ортадересін ауылы


Пән: Математика , 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: - Оқушыларға 2 санын қосу және азайтуды үйрету, санды қосу және азайту амалын  орындай білуге үйрету;
Дамытушылық: - Ауызша, жазбаша есептеу  дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: - Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз беттерінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, СТО элементі

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Отырыңдар!

- Балалар, оқу құралдарыңды дайындап, кеуделеріңді тік ұстап, бастарыңды көтеріп, партаға дұрыс отырыңдар. Зейінімізді сабаққа аударайық.


Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып – тыныш.


II. Өткенді қайталау.

2 + 1 = 3 Теңдік 2 – қосылғыш

2 + 1 Қосынды 1 – қосылғыш

3 – қосынды мәні

Өрнек: 1 + 1

2 + 1

Shape1 Shape2

10

1

9

8

2

3

7

6

4

5

5

4

6

III. Жаңа сабақ.

- Балалар, 1 + 1 неше болады? (оқушылардың жауабы)

  • Дұрыс балалар, 1 + 1 = 2 болады;

  • Балалар, біз бүгін 2 – ні санға қосу мен азайту және 2+2; 4-2 тақырыбын өтеміз;

Балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз. / мұғалім күнді, тақырыпты жазады, тақырыпты түсіндіреді /.

Өрнек: 1 + 1

2 + 1

Shape3 Shape4

10

1

9

8

2

3

7

6

4

5

5

4

6

III. Жаңа сабақ.

- Балалар, 1 + 1 неше болады? (оқушылардың жауабы)

  • Дұрыс балалар, 1 + 1 = 2 болады;

  • Балалар, біз бүгін 2 – ні санға қосу мен азайту және 2+2; 4-2 тақырыбын өтеміз;

  • Балалар, дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, сабақ тақырыбын дәптерімізге жазайық;

  • Балалар, 2 саны қандай сандардың қосындысынан тұрады? (оқушылардың жауабы тыңдалады: 1+1; 2+0; 0+2)

  • Ал, 2+2 неше болады? (оқушылардың жауабы тыңдалады)

  • 4-2 неше болады? (оқушылардың жауабы тыңдалады)

IV. Пысықтау.

Оқулықпен жұмыс.

- Балалар, мына суретке қараңдаршы. Бұл суретте қандай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген? (оқушылардың жауабы тыңдалады, айта алмаған жағдайда машықкер айтып береді)

Ертеде бір ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты.

-     - Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп ән саламын», - дейді.

Осы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.

Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.

Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты.Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:

-     - Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп әндетті.

Лақтар есікті ашты. Жауыз Қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды өзімен бірге алып кетті.

- Енді, балалар, осы лақтарға біз көмектесуіміз керек. Ертегіде неше лақ? (оқушылардың жауабы)

- Қасқыр бізге мынадай тапсырма беріп отыр. Біз тапсырманы дұрыс орындасақ, лақтарды анасымен аман – есен табыстырамыз. Ал, балалар, лақтарға көмектесуге тырысайық.

Оқулықтың 120 бетін ашып, кесте бойынша жұмыс жасайық.

  • Суретте неше дөңгелек берілген? (4)

  • Оның нешеуі жасыл? Нешеуі қызыл?

Кесте есебі тақтада орындалады, оқылу компоненттерін айту (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні; азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні), дәптерге жазылады.


2 + 2 = 4 3 + 2 = 5 4 + 2 = 6 5 + 2 = 7

4 – 2 = 2 5 – 2 = 3 6 – 2 = 4 7 – 2 = 5


6 + 2 = 8 7 + 2 = 9 8 + 2 = 10

8 – 2 = 6 9 – 2 = 7 10 – 2 = 8


  • Балалар, біз қасқырдың берген есептерін дұрыс орындадық. Жеті лақ құтқарылды. Оларды анасымен аман – есен табыстырдыңдар. Олар сендерге дән риза болды.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.


  • Балалар, бүгін бізге қонаққа Құтжол келіп отыр.

  • Құтжолдың да бізге әкелген тапсырмалары бар екен. Енді сол тапсырмаларды орындайық.



1 – тапсырмасы: осы беттегі № 1 есеп (есептің берілгенін 1 оқушыға оқыту мұғалім есептің салыстыруға берілгендігін айтады);

Түлкіге көмектес:

4

*

3



6

+

1

*

8



5

+

0

*

6

-

0




















2

*

5



9

-

2

*

6



3

-

3

*

3

+

0

2 – тапсырмасы: № 2 есепті ауызша шығарту;

Сызба бойынша өрнектер құр. Олардың мәндерін тап:


2 + 2 = 4 3 + 2 = 5 4 + 2 = 6 5 + 2 = 7

4 – 2 = 2 5 – 2 = 3 6 – 2 = 4 7 – 2 = 5

3 – тапсырмасы: № 3 есепті шығару;

Қосылғыштарының біреуі 2 болатын қосындыларды ата. Мәндерін тап.

1 + 2 = 3 3 + 2 =5

2 + 2 = 4 4 + 2 =6

V. Қорытынды.

- 121 – беттегі № 4 есепті шығару (ауызша, тақтамен жұмыс);

Айшаның бар еді. Ол 2 – еуін Алмаға берді. Айшаның неше гүлі қалды?

- 121 – беттегі № 5 есепті шығару (ауызша, тақтамен жұмыс);

- Балалар, 2 қандай сандардың қосындысы? (1 + 1; 0 + 2; 2 +0);

- Балалар, 2 қандай сандардың айырмасы? (2 – 0; 3 – 1; 4 – 2).


VI. Үйге тапсырма: 121 – беттегі № 6 есепті шығару.

VII. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап, жұлдызшалар тарату.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
4074
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі