Материалдар / № 3 ата-аналар жиналысының хаттамасы

№ 3 ата-аналар жиналысының хаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
№ 3 ата-аналар жиналысының хаттамасы
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебі







І тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысының
х а т т а м а с ы
  


Сынып: 11 «А»










Сынып жетекшісі: Тогусбаева Г.А


3 ата-аналар жиналысы


Күні: 26.01.2023 ж. Қатысқаны: 14 Қатыспағаны: 2


Күн тәртібінде:


  1. «Жасөсіпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, қылмыстың, суық қарудың, ұры-қарылықтың, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу» (баяндама)

  2. ІІ-тоқсан қорытындысы: білім сапасының көрсеткіші. 

3. Тыйым салынған интернет сайттарға кірудің алдын алу. (Ғаламтор әлеуметтік желілеріндегі жасөспірімдерге кері әсер ететін қауіпті сайттарға Тик-ток, В контакте, инстограмм, ватцап және т.б. кірудің алдын алу туралы).

4. Мектепте ұялы телефон ұстауға қатаң тыйым салу туралы

  1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылық пен қылмыстың, қаңғыбастық пен панасыздықтың алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  2. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру. (Салауатты өмір салтын қалыптастыру, үйірме, спорт секцияларына тарту).

  3. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қарым-қатынастың, ерте жүктілік алдын алу (Жыныстық тәрбие).

  4. Оқушылардың жол көлік жарақатының алдын алу «Автожол бойындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу», «Теміржол – аса қауіпті аймақ» таұырыбында ақпарат беру. бойындағы жол-көлік жарақаттануының, өрт қауіпсіздігінің алдын алу.

  5. Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.

  6. Ата-аналарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409, 442, 127 баптарын таныстыру, ҚР «Білім туралы» Заңының 49 бабы, 63 баптың 1, 2 тармақтарымен таныстыру.

  7. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. ҚР «Бала құқығы туралы» Заңымен таныстыру.

  8. Оқушылардың мектепке келіп-кету кезіндегі құқық бұзулылығы мен өмір қауіпсіздігі жауапкершілік ата-аналарға жүктелетінін қатаң ескерту.

  9. Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен, ата-аналардың, оқушылардың міндеттерімен таныстыру. ҚР «Білім туралы» Заңы 49-47 баптарымен таныстыру.

  10. Мектептегі «Психологиялық қызметтің» міндеттерін түсіндіру. (Педагог-психологтар). Татуластыру қызметі (Медиация).

  11. Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтау (темекі, электронды сигарет, насыбай, алкогольді заттар).

  12. Мектеп мүлкіне жанашырлықпен қарау туралы.

  13. Мектеп әжетханасындағы әдеп қағидаларын сақтау туралы.

  14. Қаңғыбас жануарлар (Ит, мысық, т.б.) тарапынан оқушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлердің алдын алу.

  15. Иісті газдан уланудың, өрт қаупінің алдын алу.

  16. Тайғанақ мұздан, төбеден түсетін мұз сүйгілерінен жарақат алудың алдын алу.


Тыңдалды:

1-інші мәселе бойынша сынып жетекшісі Тогусбаева Г.А. «Жасөсіпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, қылмыстың, суық қарудың, ұры-қарылықтың, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама жан-жақты талдап, талқыланды.

2-інші мәселе: ІІ тоқсан қорытындысы: білім сапасының көрсеткіші. Сыныпта 16 оқушы бар. Оның 3-еуі үздік, олар: Сайлыбай М, Садуақас Н, Үсенбаева Д. 5-еуі екпінді, олар: Лесбекова А, Сағынтай А, Кенжебай Д, Даубаева А, Садық Н. Ал қалғандары - қанағаттанарлық. Тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының көрсеткіші 50%-ды құрады. Келесі тоқсанда мына оқушыларға, яғни Лесбекова Альбина үздіктер қатарына, Утеш Нұрай мен Ұзақбай Бейбарыс екпінділер қатарына қосылып, білім сапасын жоғарылату керектігі міндеттелді.


3-інші мәселе: Тыйым салынған интернет сайттарға кірудің алдын алу үшін ата-аналар балаларының телефонда не көретіндігін қадағалап отыру керектігі айтылды. Кіруге тыйым салынған сайттар бала тәрбиесіне кері әсер ететіндігі, сол сайттардың ықпалымен өз-өзіне қол жұмсап жатқандардың болып жатқаны ескертілді. Лажы болса, мүлдем телефон ұстауға тыйым салынғаны дұрыс екендігі айтылды.

4-інші мәселе: Мектепте, сыныпқа ұялы телефонды (смартфон) әкелуге қатаң тыйым салынатыны туралы. Оқушы мектепке телефон емес, күнделікті сабаққа қажетті оқу құралдары мен оқулық-дәптерлерін алып келуі керек. Телефон оқу процесіне өте қатты кедергі жасайды. Телефонның кесірінен оқушылар құқық бұзушылыққа баратынын, білім сапасының нашарлап кететіндігін ескерттім. Мектептен алынған оқулықтар бойынша сабаққа көңіл бөлуі керек. Ұялы телефонды мектепке әкелуге қатаң тыйым салынады. Ата-аналар мектеп ережесіне сай балаларына мектепке телефон алып бармайтынына уәде беріп, өз еріктерімен қолхат жазып берді. Баланың мектепке телефон әкелмеуіне ата-ана жауапты екенін тағы да естеріне салдым.

5-інші мәселе: Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың, қаңғыбастық пен панасыздықтың, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, экстремистік-терроризмнің, зиянды ғаламтор сайттарына кіруінің алдын алу үшін жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

6-ыншы мәселе: Кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. (Салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектептен тыс үйірмелерге оқушыларды тарту). Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін балалар мектеп ішінде немесе қала көлемінде ұйымдастырылып жүрген тегін немесе ақылы үйірмелерге қатысулары керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, мектептен тыс үйірмелерге оқушыларды тарту жөнінде сынып жетекшісі сөз алып, мектептегі тегін үйірмелерге оқушыларды қатыстыру жөнінде ұсыныс жасалды. Ата-аналар ұйымы бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

7-інші мәселе: Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қатынастың, ерте жүктіліктің алдын алу (Жыныстық тәрбие). Осы тақырып бойынша сынып жетекшісі Гүлжан апай «Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» деген тақырыпта өте құнды баяндама жасады. Онда, алдымен, қыз бала гигиенасы, татуировканың зияны, темекінің зияны, ерте жүктіліктің қауіптілігі, қыздар арасындағы төбелес, мектеп ережесіндегі қыздарға арналған бірыңғай форма (2 бантик, тізеден түсетін юбка) жайлы да айтып кетті.

8-інші мәселе: Оқушылардың мектепке келіп-кету кезіндегі құқық бұзушылығы мен өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-аналарға жүктелетіні туралы ескерту. Оқушылардың мектепке келіп-кету кезіндегі өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-аналарға жүктелетіні туралы сынып жетекшісі хабарлама жасады. Оқушылардың автожол, теміржол бойындағы құқық бұзушылығының алдын алу, өмір қауіпсіздігі мен өрт қаупінен сақтау. (Тик-Ток. Селфи)

Оқушылардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында «Автожол бойындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу», «Теміржол-аса қауіпті аймақ» тақырыбында балалардың жол-көлік жарақатының негізгі себептері, төмендегі Жол жүру ережелерін бұзуында болып табылады:

-жаяу жүрушінің жолынан тыс жолдың жүру бөлігінен өтіп кету;

-рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өту;

-реттеу дабылына бағынбау;

-тұрған көлік, құрылыс, көк көшеттерге байланысты жолдың жүретін бөлігіне абайсызда шығып кету;

-тротуар бола тұра жолдың жүретін бөлігінің бойымен жүру;

-көлік қозғалысының бағыты бойынша жолдың жүретін бөлігінің бойымен жүру;

-жолдың жүретін бөлігінде және жолға таяу ойнау. Сондықтан ата-аналар апат пен жазатайым жағдайлардың ықтималдығын және олардың алын ала білуі тиіс.

Оқушылардың жол-көлік жарақатының алдын алу «Автожол бойындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу», «Темір жол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында жүргізілген түсіндіру жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын.

9-ыншы мәселе: Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу туралы. Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы – дүние жүзіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Ал бұл дегеніңіз, республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Әсіресе, бұл дерттің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны алаңдатады. Оған жасөспірімдік «өтпелі» шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыса алмау, бала психологиясының толық қалыптаспауы, т.б. жағдайлар себеп болуда. Суицид (лат; suicaedere – өзін өлтіру) – адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жұртшылыққа жариялап отырған жан түршігерлік мәліметтерінен Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицид оқиғаларының көбее түскендігін, өзіне-өзі қол салуға көбінесе олардың заң бұзуы, қылмыстық жауапкершілігі алдында үрейленуі, шыдамсыздығы, төзімсіздігі, қорқақтығы, сабақ үлгерімінің төмендігі, қызығушылық деңгейінің нашарлығы, көңіл күйінің болмауы, тез ашулануы және тәбетінің төмендігі себеп болып отырғаны баршамызға аян. Ендеше, адам тағдырына келгенде жауапкершілікті тек ұстаздар мен дәрігерлерге, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтарына жүктеп қоймай, жұмыла мойнымызға алуымыз керек.

10-ыншы мәселе: Ата-аналарға Қ.Р. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» 409, 442, 127 баптарын таныстыру, Қ.Р. «Білім туралы» заңының 49 бабы, 63-і баптың 1, 2 тармағымен таныстыру. ҚР Білім туралы заңы 49-бап.

Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер:

1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;

3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге міндетті. Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебінен көрсететін білім беру қызметтері тегін ұсынылады.

2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне:

1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге; 2) осы Заңның 63-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқушылардан және педагог қызметкерлерден ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады.

11-інші мәселе: Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Қ.Р. «Бала құқығы туралы» заңымен сынып жетекшісі Тогусбаева Г.А. таныстырды.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының 109-бабын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізу ұсынылды. Ол бап бойынша дене жарақатын салған, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмейтін басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және әдейі кәмелетке толмағандарға қарсы 1000 АЕК-ге дейінгі айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен немесе 500 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеумен немесе сондай мерзімде бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады. Дегенмен, бұл ата-анаға “шапалағы” үшін айыппұл салынады немесе түрмеге жабылады дегенді білдірмейді. “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы” заңының 24-бабы 1-тармағын ата-аналардың бала тәрбиесіндегі міндеттеріне қатысты 10 тармақшамен толықтыруды ұсынады, олардың арасында жоғарыда аталған ережелер бар: 3-тармақша: 12 жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдырмау (соның ішінде көшеде, үйде, транспорт салонында), 14 жасқа толмаған балаларды жаппай шомылатын жерлерде; 7-тармақша: балаларының электрон және қағаз түрінде порнографияны, зорлық-зомбылықты, экстремизм мен терроризмді қамтитын материалдарды көруіне, оқуына және таратуына жол бермеу; 9-тармақша: балаларының Білім беру ұйымының ішкі ережелерінің және Білім беру ұйымының жарғысы белгіленген талаптарды орындауын қамтамасыз ету.

12-інші мәселе: Оқушылардың мектепке келіп-кету кезіндегі өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік ата-аналарға жүктелетінін қатаң ескерту туралы.

13-інші мәселе: Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстыру. Ата-аналардың, оқушылардың міндеттерімен таныстыру. ҚР «Білім туралы Заңның» 49-47 баптарымен жан-жақты таныстырдым.

14-інші мәселе: Мектептегі «Психологиялық қызметтің» міндеттерін түсіндіру (Педагог-психологтар). Мектебіміздің педагог-психологі Жансая апай өтіп жатқан ата-аналар жиналысына келіп, ата-аналарға оқушылармен жүргізілетін психологиялық қызметтер жайлы айтып берді. Анонимді түрде алынатын сауалнамалар туралы айтып кетті.

15-інші мәселе: Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтау (темекі, электронды сигарет, насыбай, алкогольді заттар). Мұндай заттарды пайдалану адам денсаулығына кері әсер беретіндігін ескерттім.

16-ыншы мәселе: Мектеп мүлкіне жанашырлықпен қарау туралы. Бұл мәселе бойынша да сынып жетекшісі Гүлжан апай түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кабинет тазалығына, кабинеттегі жиһаздарға өз үйіндегідей аяушылық танытпайды, шкафтардың есіктерін қалай болса солай ашып-жауып, парталардың шуруптарын бұрап, шешіп тастайтынын айтты.

17-інші мәселе: Мектеп әжетханасындағы әдеп қағидаларын сақтау туралы: Оқушылар әжетханада әдеп қағидаларын мүлдем сақтамайды, дәреттерін сыртқа жіберіп, унитаздарды сындырып, түрлі бұзақы әрекеттерге барып жүргендігін мысалдармен, дәлелдермен жеткізді. Атап айтқанда, осы жақын арада біздің мектебіміздің 9 сынып оқушысы өзінің сыныптасын әжетханада ұрып, мұрнын сындырғанын айтты. Әжетхана ішінде сол сияқты ұсақ-түйек құқықбұзушылықтар мен төбелестер болып жататынын айта келе, ата-аналарға үйде де балаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырулары керектігі ескертілді.

18-інші мәселе: Қаңғыбас жануарлар (Ит, мысық, т.б.) тарапынан оқушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлердің алдын алу. Мектепке келіп-кету аралығында жол бойында кездесетін қаңғыбас иттер мен мысықтардан абай болу керектігін ескертті. Егер ит қауіп алса, немесе мысық тырнап алса, міндетті түрде ауруханаға барып, тексерілуі керек. Тексерілмеген жағдайда оның салдары кейінірек уақыт өте келе шығуы мүмкін. Сол себепті арнайы өзінің ем-домын алулары керектігін айттым.

19-ыншы мәселе: Иісті газдан уланудың, өрт қаупінің алдын алу. Қыс мезгілінде газбен уланудың себептері: пешпен жылытуды пайдалану ережелерін бұзу, пештің және түтіндіктің ақаулы жұмысы, өрт ошағында адамның болуы, жану, тұрмыстық газ жетіспеушілігі жағдайларында оттегі және нашар желдету. Улану кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем: таза ауаға шығару, киімдерін шешу, ыстық тәтті шай ішу немесе кофе ішу. Егер жәбірленуші өзіне келмесе103 немесе 112 нөмірлері бойынша қызметтерге жүгіну қажет.

20-сыншы мәселе: Тайғанақ мұздан, төбеден түсетін мұз сүңгілерінен жарақат алудың алдын алу. Көктайғақ мұз кезінде ыңғайлы болатын аяқ киімдер киген дұрыс. Аяз кезде қатып қалатын, табаны теп-тегіс аяқ киімді таңдамаған дұрыс. Ең дұрысы, тұмсығы кең, табаны бедерлі етік қолайлы. Мұзда жылдам жүрмеу керек, құлап қалу қаупі бар. Көктайғақ мұз кезінде қолды ешқашан қалтаға салмау керек, құлаған кезде қатты жарақат алып қалу мүмкін.


Сынып ата-аналар жиналысы жоғарыда айтылғандарды тыңдай келе, ата-аналар жиналысы төмендегіше қаулы етті.



Қ А У Л Ы :

  1. «Жасөсіпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, қылмыстың, суық қарудың, ұры-қарылықтың, ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу» тақырыбында оқылған баяндама құнды деп табылсын.

  2. ІІ-тоқсан қорытындысы: білім сапасының көрсеткіші қанағаттанарлық деп есептелсін. 

  3. Тыйым салынған интернет сайттарға кірудің алдын алу. Ғаламтор әлеуметтік желілеріндегі жасөспірімдерге кері әсер ететін қауіпті сайттарға Тик-ток, В контакте, инстограмм, ватцап және т.б. кірудің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілді деп танылсын.

  4. Мектепте ұялы телефон ұстауға қатаң тыйым салу туралы ескертулер үнемі назарда ұсталсын. Мектепке ұялы телефон алып келуге мүлдем тыйым салынсын. Оны қадағалау сынып жетекшісіне жүктелсін.

  5. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылық пен қылмыстың, қаңғыбастық пен панасыздықтың алдын алу, түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіілді деп табылсын.

  6. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, үйірме, спорт секцияларына қатыстыру жұмыстары қолға алынсын.

  7. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қарым-қатынастың, ерте жүктілік алдын алу (Жыныстық тәрбие) туралы түсіндіру жұмыстары талапқа сай жүргізілді деп табылсын.

  8. Оқушылардың жол көлік жарақатының алдын алу «Автожол бойындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу», «Теміржол – аса қауіпті аймақ» тақырыбында ақпарат беру. бойындағы жол-көлік жарақаттануының, өрт қауіпсіздігінің алдын алу қатаң түрде қолға алынсын.

  9. Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары қанағаттанарлық деңгейде жүргізілді деп табылсын.

  10. Ата-аналарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 409, 442, 127 баптарын таныстыру, ҚР «Білім туралы» Заңының 49 бабы, 63 баптың 1, 2 тармақтарымен таныстырылды. Заң талаптарына сай жұмыс жүргізілетіні ескертілді.

  11. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. ҚР «Бала құқығы туралы» Заңымен таныстырылды.

  12. Оқушылардың мектепке келіп-кету кезіндегі құқық бұзулылығы мен өмір қауіпсіздігі жауапкершілігі ата-аналарға жүктелетіндігі қатаң ескертілді.

  13. Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережесімен, ата-аналардың, оқушылардың міндеттерімен таныстыру. ҚР «Білім туралы» Заңы 49-47 баптарымен таныстырылды.

  14. Мектептегі «Психологиялық қызметтің» міндеттері түсіндірілді. (Педагог-психологтар) мен Татуластыру қызметінің (Медиация) жұмыстары қанағаттанарлық деп табылсын.

  15. Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтауға (темекі, электронды сигарет, насыбай, алкогольді заттар) байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді, салауатты өмір салтын ұстану баршамыздың міндетіміз екендігі ескертілді.

  16. Мектеп мүлкіне жанашырлықпен қарау туралы ескертулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді деп табылсын.

  17. Мектеп әжетханасындағы әдеп қағидаларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді деп есептелсін.

  18. Қаңғыбас жануарлар (Ит, мысық, т.б.) тарапынан оқушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға байланысты ескертулер берілді, түсіндіру жұмыстары өз деңгейінде жүрді.

  19. Иісті газдан уланудың, өрт қаупінің алдын алу жайлы түсіндіру жұмыстары тиісті дәрежеде жүргізілді деп есептелсін.

  20. Тайғанақ мұздан, төбеден түсетін мұз сүйгілерінен жарақат алудың алдын алу жұмыстары қолға алынсын.


Жиналыс төрайымы: Тогусбаева Г.А.

Хатшысы: Аламарова Н.А.

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі