400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

§ 3 Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысының басталуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтықтан оқыту кезінде қолданылатын қысқа мерзімді сабақ жоспары.Қазақстан тарихы пәні 7 сыныпқа арнлаған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән мұғалімі


Мектеп


Күні:


Пәні: Қазақстан тарихы


Тоқсан: І

Сабақ №2

Тақырып:

§ 3 Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысының басталуы

Бөлім

Қазақ-жоңғар соғыстары

Ресурстар

Оқулық: Оқулық №1-2 тақырып 9-13 бет оқу.

https://youtu.be/pG7OVhz-uYE

Оқу мақсаты

7.2.2.1.Халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау.

Терминдермен жұмыс

«Тайлақ», «Жыраулар», «Сарбаздар»

Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект

Қазақ халқының басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің, шұбырған елдің қанды жасынан туған, қайғысына жер жүзіндегі бірде-бір әуен тең келмес атақты ән «Елім-ай»дүниеге келді.

Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романында жоңғарлардың былай сипаттаған «Кей жерлерде қарсылық көрсеткен ауылдар болса, жоңғар жағы қазақтың ер адамдарын қойдай бауыздап, әйел-қыздарын байлап, матап, күндікке айдады...»деп жазған.

Қазыбек, Әйтеке, Төле билер бастаған қазақ билерінің жалынды ұлағаттары халықтың рухын көтеріп, бірлігін нығайтты.

Жырларының негізгі тақырыбын қазақ батырларының жоңғарлармен соғыстағы ерлігіне арнаған Бұхар, Ақтамберді, Үмбетей жыраулар өздері де бұл соғысқа қатысқан.Бұл жыраулардың еңбектерінде соғыс барысындағы көптеген іс-қимылдар жан-жақты сипатталған. Ел қорғаған батырлар ерлігін дастан ететін жырлар жазылды. Атап айтсақ, «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «Шақшақ Жәнібек батыр», «Қойгелді батыр», «Өтеген батыр» .Олардың аты ұранға айналып, елардақтайтын аруақты жандар дәрежесіне көтерілді.

Ш.Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» дастанында «Ақтабан шұбырынды» жылдарын былайша суреттеген:

Ақтамбердінің мына өлеңі де халық жадында сақталған:

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап....

Жыраулардың Отан қорғау тақырыбына арналған жырлары қазақ сарбаздарын жігерлендіріп, жеңіс күнін жақындата түсті.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар




















1 тапсырма:

Сәйкестендіру тесті

1

Ш. Құдайбергенұлы

А

«Олар мылтықтарын аттан түсіп ататын»

2

И.Георги

В

«Жанталас» романы

3

І.Есенберлин

С

Уа, қарт Бөгембай

4

Қожаберген жырау

Д

Қалқаман-Мамыр

5

Ақтамберді жырау

Е

«Елім-ай»


1

2

3

4

5







2 тапсырма. Суреттегі оқиғаға қатысты негізгі деректерді пайдалана отырып, әңгіме құрастыр


Кері байланыс

Не себепті «Елім-ай» бүкілхалықтық әнге айналды?


Үй тапсырмасы

§ 3 мазұндау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.01.2023
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі