жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
№ 6 Тілімізді ардақтайық!.docx
Қысқа мерзімді жоспар
|
Бөлім: Қазақстанда ғы ұлттар достастығы |
Мектеп: |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||
|
Сынып: 7 |
Катысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Тілімізді ардақтайық! |
||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
7.3.6.1 Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау; |
||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау, жинақы мәітн жазу. |
||||||
|
Сабақтың барысы: |
|||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
|
Қызығушылықты ояту |
|
|
|||||
|
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару. Үй тапсырмасын тексеру. Психологиялық ахуал. «Жүректен жүрекке» ЖАЗЫЛЫМ АЛДЫ. Бейнежазба көрсету. «Тіліміз -тірегіміз» https://www.youtube.com/watch?v=_5I6sQXTDvA
«Үш қадамды сұхбат» тәсілін қолдану. Сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. |
Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару. Бейнежазбаны көріп, өз пікірлерін білдіреді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. |
ҚБ
|
|
|||
|
Мағынаны тану |
|
|
|||||
|
|
Жазылым тапсырмасы. Тапсырма. «Ана тілін ардақтайық!» тақырыбында оқылым мәтіні ұсынылады. (тыңдалым мәтінін де ұсынуға болады). Тапсырма: 1. Мәтінді оқушылар жеке оқып шығады. 2. Оқыған мәтіннің тірек сөздерін анықтайды. Оны алдымен жеке жазады, сосын жұпта, кейін топта салыстырады. Соңғы нәтижесін сынып алдына алып шығады. Осылай негізгі тірек сөздерді анықтап алады. 3. Іріктелген тірек сөздерді екінші бір баламаларымен (синонимдерімен) жазып шығады. 4. Баламалары табылған тірек сөздерді қатыстыра отырып, тарау тақырыбы негізінде шағын, жинақы мәтін жазу тапсырылады. (мәтінді өзгертуге болады) Ана тілін ардақтайық! «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11-ші шілдеде қабылданған. Бұл заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуын құқықтық негіздерін, мемлекеттің олардың оқып үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасы азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын, мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Ана тілін құрметтей білуді насихаттау - басты міндеттердің бірі. Ана-тілін құрметтемеу ештемені силамау деген. Әсіресе жастар мұны қатты ескеру қажет, өйткені жастар - біздің болашағымыз. Ана тілін ардақтау өзге тілді елемеу деген сөз емес. Еліміз көп ұлтты мелекет, сондықтан тілдерде бір – біріне қарсы қоюдың зиян екені анық және интернационалдық мәні зор екендігі түсінікті. Қазақстан Республикасы азаматының ана тілін қолдануына, қарым – қатынас тілін еркін таңдауына құқығы бар. өмірдің әр саласын тани білу, ой мен пікірді білдіретін қарым – қатынас құралы болған ана тілімізді сүйе білудің айрықша мәнін түсіндіріп отыру қажет. Қай халықтың болса да қоғамдық өсу - өркендеу жолында көтерілген биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлері, қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасалады да , жасара да береді. Ана тілі дегеніміз – сол тілде жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Халық арасында жаңа сөз, жаңа ұғымдар туып жатады, бұл – табиғи процесс. Ал сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен де кем де, кедей де емес. Тіл мәдениеті – сөйлеудегі, жазудағы сыпайлық қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айту шеберлігі, сөйлеу өнерінің сауаттылығы. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Тіл ұлттың жаны. Сондықтан, өз тілімізді құрметтейік, ардақтайық ағайын! Дескриптор:
ҚБ ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІН. «Ортадағы қаламсап» әдісімен жинақы мәтіндерін оқиды. |
Оқушылар тірек сөздерді анықтай алады; Тірек сөздердің синонимін таба алады; Синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды; Синонимге айналған тірек сөздер арқылы жинақы мәтін құрастыра алады. «Ортадағы қаламсап» әдісімен жинақы мәтіндерін оқиды. |
ҚБ
ҚБ
|
Оқылым мәтіні: http://surak.szh.kz/489569/%D0%B4%D0 |
|||
|
Ойтолғаныс |
|||||||
|
|
Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»
Үй тапсырмасы: Еліктеу сөз түрлерін оқып келу. |
|
|||||
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген