Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

№ 9 Қағаз кітап пен электронды кітап.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.5.1. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. 7.4.4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Ғаламтор және әлеуметтік желілер

Мектеп: Пәні: қазақ тілі Пән мұғалімі:

Күні:

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Қағаз кітап пен электронды кітап

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.5.1. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

7.4.4.1 Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: тақырыпқа байланысты өз пікірі мен қөзқарасын білдіру, етістіктің шақтары туралы білім алу;

Көптеген оқушылар: проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, етістіктің келер шақ түрін тілдесім барысында қолданады.

Кейбір оқушылар: проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау, етістіктің шақ категориясын тілдесім барысында қолдану.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар











Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Жағымды психологиялық тапсырма.

«Жүректен жүрекке»

әріптесінің бойындағы жақсы қасиетті айтып жігерлендіреді7

Қызығушылықты ояту.

«Ой шақыру».

  • Суреттерде не бейнеленген?

  • Бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

Тыңдалым алды тапсырма.

  • Ғаламтордан кітап оқып көрдіңдер ма?

  • Қағаз кітап пен электронды кітапты оқудың айырмашылығы бар ма?

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.





Оқушылар тақырыпқа байланысты қызықты сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау

- төмен жауап;

-жақсы жауап;

-керемет жауап!



7-сынып

Қазақ тілі оқулығы














Сабақтың ортасы













































































Тыңдалымтапсырмасы. Мәтіндерді тыңдаңыз.

«Өкіл» әдісімен түсіндіріледі.

1-мәтін. Кітаптың шығу тарихы

Кітапнама (немесе Библиография) (көне грекше: bіblіon – кітап және көне грекше: drapho – жазу) – баспаөнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалыққызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиографияқызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерініріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылыбиблиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеужұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философия және эстетикакөзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады

105- жылы, яғни біздің заманымыздың ІІ ғасырында қарапайым Қытай шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапты. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды. ХІІІ ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа қарай тартады.Баспа кітап өнерінің тууы-кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы ағаш баспа қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1045 жылы Чин өнерпазы Би-Шен құймалы әріптерді жасап шығарды.

2-мәтін. Электронды кітап (сандық кітап; ағылш. digital bookауыз екі тілінде «оқығыш», «ридер», «ебук»ағылш. e-book reader) — электронды нұсқада ұсынылған (мысалы электронды кітап) ұсынылған мәтіндік ақпаратты тамашалау мүмкіндігін беретін мамандандырылған ықшам планшетті құрылғылардың топтық-жинақы атауы. Бұдан басқа, әлдеқайда кең мағынасындағы «электронды нұсқадағы кітап оқығыш құрылғысы» деген анықтамасы бар, бірақ бұл анықтама бірқатар құрылғы түріне — ұялы телефоннан бастап дербес компьютерге дейін сай келеді.Берілген компьютерлік құрылғы тобының қалта компьютерілеріненпланшетті компьютер немеесе субноутбук сынды құрылғылардан негізгі ерекшелігі олардың кейбір функцияларының шегерілуімен және жұмыс уақытының әлдеқайда ұзақ болуымен ерекшеленеді. Соңғысы E-ink технологиясының пайдаланылуымен байланысты. Бұл технологии бойынша жасалаған дисплей, өзі жарық бөлмей, жарықты шағылдыра отырып, сұр түстің кейбір реңктерін ғана көрсетеді және энергияны тек суреттің жаңартылуына (беттің парақталуына) жұмсайды.Электрондыкітаптар планшеттікомпьютерлер қатарынажатқызылады. Олардыңпайдаболуыпланшеттіккомпьютерлердіңдамуыменкәсібиленуіментығызбайланысты. Кейбірзаманауиқұрылғылар сенсорлықдисплей жабдықталып, текқанаоқуғанаемес, сонымен қатар мәтінд ідұрыстау сияқты кең ауқымды мүмкіндіктерге ие.


Тапсырма. Оқушылар мәтіндерді оқып, мазмұнын түсініп, бір-біріне мәтін мазмұны бойынша проблемалық сұрақ дайындайды.

Проблемалық сұрақ

Мәтіннен дерек



Дескриптор:

  • Мәтіндердің мазмұнын түсінеді;

  • Мәтін мазмұны негізінде проблемалық сұрақтар құрастырады.

ҚБ

Тыңдалымнан кейін. 2-тапсырма. Қағаз кітаптың электронды кітаптан 6 артықшылығы туралы ойыңызды білдіріңіз. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолданыңыз.
1. Сезім Иә, кітапты алғаш ашып, оның салмағын, көлемін, иісін, шытырлаған даусын есту сезімі электронды кітаптарды болмайды. Қағаз кітапты оқу кезінде сіз тарихпен бетпе-бет келіп отырғаныңызды сезінесіз. Күлуіңіз мүмкін, бірақ сезім де маңызды рөл ойнайды.  

2. Оқып үйрену Электронды кітаптар қолайлы қызметтерге толы. Бірақ олар әлі де қағаз кітапқа жете алмайды. Сіз бір кітаптың бірнеше бетін қатар ашып, түзеп, қайта қарауға мүмкіндігіңіз бар. Әрқайсысына белгі салуға және белгілі бір мәтінді маркермен бояп қоюға мүмкіндігіңіз бар. Ал осының барлығын электронды кітаппен жасап көріңіз...

3. Сыйлау Біздің дәстүрде сыйлық ретінде кітап беру қалыптасып кеткен. Мұның бәрі, әрине қағаз кітапқа байланысты бола алады. Оның әрқайсысы түрлі-түрлі қағаздан жасалады. Ал сіз электронды құрылғыны кітап ретінде сыйлай аласыз ба? Тым қымбат емес пе?

4. Коллекция жинау Қағаз кітабы тарихтың жәдігері екенін жоғарыда айттық. Сонымен қоса, кітап – өнерге айналуы мүмкін. Кітап сіздің естелігіңіз бола алады. Әрине, кітапты сіз жинай аласыз! Сандық құрылғылар осындай мүмкіндіктерден ада, әрі файл ретінде электронды кітапты коллекция қылып жинау ақылға қонымсыз.

5. Сатып алу Электронды құрылғы арқылы сіз көптеген кітаптарды сатып аласыз, нақтырақ айтсақ, жүктеп аласыз. Бұдан кейін кітап сіздің электронды қорыңызда тұрады. Ал егер қағаз кітапты алғыңыз келсе – сіз міндетті түрде оны кітап дүкеніне барып, ақшасын беріп сатып аласыз. Бұл дегеніңіз сіз сатып алынған кітапты міндетті түрде оқып бітіресіз және оны құндылық ретінде бағалайсыз деген сөз.

6. Келбет. Кітап ұстаған адам қандай да бір гаджет ұстап тұрған адамнан әлдеқайда ақылды, білімді болып көрінеді. Қолыңыздағы кітап сіздің зияткерлік қырыңыз бен статусыңызды анықтап береді. Ал электронды кітап ұстаған адам сырт көзге ойын ойнап отырғандай көрінеді. Ал сіз қалай ойлайсыз?

«Т» кестесі

Қағаз кітап

Электронды кітап



Дескриптор:

  • Мәтінді оқып, алынған ақпаратқа байланысты өз пікірін білдіреді;

  • етістіктің райларын тілдесім барысында қолданады, жазбаша тапсырмалар барысында қолданады.

ҚБ

Мәтіндерді тыңдап, тапсырмаларды орындайды.











1-мәтінмен танысады.





2-мәтінмен танысады.

























Оқушылар мәтіндерді оқып, мазмұнын түсініп, бір-біріне мәтін мазмұны бойынша проблемалық сұрақ дайындайды.

Қағаз кітаптың электронды кітаптан 6 артықшылығы туралы ойын білдіреді. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолданады.












































Қалыптастырушы бағалау

- төмен жауап;

-жақсы жауап;

-керемет жауап!



















Қалыптастырушы бағалау

- төмен жауап;

-жақсы жауап;

-керемет жауап!

https: //www.inform.

kz






























Сабақтың соңы Рефлексия


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2025
71
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12