400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

من علامات الإيمان (Иман белгілерінен)

Материал туралы қысқаша түсінік
من علامات الإيمان (Иман белгілерінен)
Материалдың қысқаша нұсқасы


ШЫМКЕНТ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ ЖЕКЕ МЕКЕМЕСІ


Оқу сабағының жоспары №2


Сабақтың тақырыбы:

من علامات الإيمان (Иман белгілерінен)

Модуль /пән атауы

Хадис түрлері мен оларды таңдау әдістерін сипаттау

Педагогтің Т.А.Ә.

Байдос Д

1. Жалпы мәліметтер


Курс:

4



Топ:

03-421



Күні:




Сабақтың түрі

Теориялық

2. Сабақтың мақсаттары, міндеттері:

Мақсаттары:

Студенттерге иманның кемелдігі мен шынайы мұсылманның сипатын түсіндіру;

«لا يؤمن أحدكم حتى يحب لأخيه ما يحب لنفسه» хадисінің мағынасын талдау;



Міндеттері:

Хадистің мазмұнын түсіндіру және жаттау;

Иман мен мінез-құлық арасындағы байланысты көрсету;

3. Күтілетін нәтижелер

Хадисті дұрыс оқып, оның мағынасын түсіндіреді;

«Иман» ұғымының мәнін, толық иманның шарттарын біледі;

Топтық және жеке жұмыс арқылы өз ойларын еркін жеткізеді.

4. Қажетті ресурстар:

Оқу материалы (кітап, суреттер, тақта, маркер);

Видео/слайд

5. Сабақтың барысы:

Кезең

Іс-әрекеттер мен тапсырмалар

Ресурстар

Жоспарлау кезеңі

20 мин.

Ұйымдастыру

Білім алушылармен сәлемдесу, көңіл-күйін анықтау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



Қысқаша кіріспе:

«Иман тек сөзбен емес, жүректегі сенім мен іс жүзіндегі жақсы амалдармен толық болады».





Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтағы أركان الإسلام хадисін жатқа сұрау және мағынасын талдау.






1. Білім алушылармен амандасу, топ студенттерін түгелдеу.

2. Білім алушылардың өзара ынтымақтастығын және бірлесе жұмыс жасауына ықпал жасау үшін күндеріне сәттілік, бірлік, татулық тілеу.

3 Студенттер хадисті мұғаліммен бірге дауыстап оқиды және қазақша мағынасын айтады:



«Сендердің ешқайсыларың өз бауыры үшін өзіне қалаған нәрсені қаламайынша (толық) иман келтірмейді».

Интерактивті тақта



Хадис мәтіні



Слайд



Хадиске түсіндірме



Тақта, маркер, проектор, презентация;


Оқыту (ұйымдастыру, өткізу)

30 мин.



Жаңа материалды түсіндіру



Мұғалім хадистің риуаятшысы – Анас ибн Малик туралы қысқаша мәлімет береді:

Ол – Мәдина ансарларынан, Пайғамбар -ның он жыл қызметінде болған сахаба. Ұзақ өмір сүріп, Басра қаласында дүние салған.


Мұғалімнің іс-әрекеті:

Хадистің мағынасын түсіндіреді,

Бұл хадис иманның толық болу шартын көрсетеді.

Шынайы мұсылман — өз бауыры үшін жақсылықты өзіне қалағандай қалайды.

Егер адам басқаға жамандық тілемесе, қызғаныш пен өшпенділіктен алыс болса — оның жүрегінде иман бар.

Бұл хадис — қоғамдағы бірлік, бауырмалдық, ізгілік пен мейірімнің негізі.

Негізгі түсініктер:

«لا يؤمن أحدكم» — мұнда толық иман емес, кемел иман меңзелген.

«حتى يحب لأخيه ما يحب لنفسه» — мұсылман бауыры үшін де өзіне қалаған жақсылықты тілеу.

Білім алушылардың іс-әрекеті:

Өз ойларын айтады.

Бір-бірінің пікірін тыңдап, толықтырады.



Оқу материалы (кітап, суреттер, тақта, маркер);



Видео/слайд


Жаңа материалды бекіту

20 мин.

Жаңа материалды бекіту

Студенттер 3 топқа бөлінеді және келесі сұрақтарға жауап дайындайды:

1. Бұл хадис нені үйретеді?

2. Өз бауырына жақсы тілеудің мысалдары қандай?

3. Бұл хадис қоғамдағы татулыққа қалай әсер етеді?


Бағалау кезеңі

10 мин.


Белсенділік пен тәжірибелік жұмыстағы нәтижелерді ескере отырып ауызша және 100 баллдық баға беру.


Рефлексия

5 мин.


«Бүгін мен білдім…», «Маған әсер еткені…», «Мен өзгелерге тілеймін…» сияқты сөйлемдерді аяқтау арқылы ауызша кері байланыс алу.


Үй тапсырмасы 5 мин.

Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру

Хадисті арабша және қазақша жаттау.

«Иман мен адамгершілік байланысы» тақырыбында қысқаша эссе жазу (5–7 сөйлем).






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.01.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12